Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Абайды көрген кісі

Абайды көрген кісі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Шежірелі Шұбартауда жүр­генбіз. Таң елең-алаңда Баршатастан Байқошқар ауылына бағыт алдық. Көлік жүргізуші – осы ауылдың азаматы Асылжан. Бір тоға сөзге сараң демесең, елгезек жігіт. Ал жолбасшымыз – Байқошқар ауылының әкімі Бақтияр Жағыпаров ағамыз. Бұрын мектепте мұғалім, директор болған екен. Ол кісіні жолай Байқошқар ауылынан алдық та, Шыңғысқа қарай бет түзедік. Арман-мақсат – Шәкәрім атаның асыл сүйегі отыз жыл жатқан Құрқұдықты көру-тұғын. Біз құдық басына жеткенде, Шыңғыстың буаз бұлты құйып берді. (Былтыр Қарақорымда жатқан баһадүр ханзада Күлтегін мен Білге қағанның басына барғанымда, дәл осылай сар етіп нөсерлетіп өткен). Әулиелі жерлердің осындай бір сырлы мінезі болатынына тағы бір қайран қалдым...

Осындағы жер жайын, тарих сырын бүккен әр бұлақтың, ықпыл-жықпылдың шежіресін Бақтияр аға жақсы баяндап отырды. Шұбартау өңірінде жасаған, ескінің есті әңгімелерін көп білетін Әкебай Бөжейұлы, Нәстілек Сәлменбетұлы деген кісілердің есімін атаған. Есімде қалғаны осы есімдер. Тағы да болу керек. Бақтияр ағадан көбіне-көп Бегеш шешен жөнінде бұрынғылардан естіген-білгенін сұрап отырған едім. Осы бір аралық та ертеректе Әкебай қария айтты делінетін бір оқиғаның шеті шыққан. Ол – шұбартаулық есімі Тобық әлде Тобықты деген адамның Абайға жолығуы туралы естелік. Есіме сап ете түсті, осы өңірдің тумасы, әйгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» деген бір таңғажайып эссесінде айтылған.

Сонымен бұл Әкебай Бөжейұлынан 1959 жылы жазылып алынған, көпшілік арасында бұрын айтылып жүрген әңгіме көрінеді. Жұртта там-тұм, әртүрлі болса, М.Мағауинде қолмен қойғандай, тайға таңба басқандай бәдізделген. Яғни бұл мен ашып отырған жаңалық емес, бұрыннан айтылып жүрген әңгіме. Бүгін соны ұлы Абайдың 180 жылдық тойы қарсаңында, қайыра еске алып, ұрпақ санасына жаңғыртып қоюды жөн санадым.

Оқиға былай өрбиді. Шұбартаулық Тобық деген кісі Абайдың ауылына сыбай-салтаң бара қалса керек. Қымыз ішіп, түстеніп болып енді кетпек болғанда, Абай:

– Не шаруамен жүрсің? – деп сұрайды.

Ол сасып қалған ол баяғыда ұрыға алдырған жалғыз жылқысының жайын айтыпты.

– Ұры да емеспін, ұлық та емеспін, маған оның несін айтасың? – дейді Абай.

Арада үш жыл өтеді. Сол Тобық «Абай шақырып жатыр» деген хабар жетеді. Ол Абай ауылына келсе, ортада жайғасқан Абай жылы шыраймен қарсы алып:

– Сен жау алған жылқыңды өзің таппағаныңмен қоймай, мені де жоқшы етіп кеткеніңді білемісің? – дейді де, – Жоғың табылды. Әділхан қайтарып береді.

Тобық қуанып, алғысын айтыпты. Сонда Абай:

– Дүниеде армансыз адам бар ма? – деп сұрапты.

– Бар, ол – өзіңіз, – депті Тобық.

– Ол қалай?

– Құнанбайдың алты ұлы бар, алтауы – алты ауыл. Тегіс бай, жуан. Сол шынжырбалақ, шұбартөстің ішіндегі ең асылы өзіңсің. Досың түгіл дұшпаның кемітпейді. Сен армансыз болмағанда кім армансыз болар, – дейді Тобық.

– Ол рас, армансыз кісі бар. Сенімді көршісі болса, өз үйінен тойса, ешнәрсеге көңілі алаңдамаса, қаса надан болса сол кісі армансыз. Ал мені қалай армансыз дейсің. Басқаны былай қойғанда, сенің осы жалғыз атыңды үш жыл сұрастырып, әрең таптым. Осыдан малың ізсіз кетсе сен: «Абайға да тапқызбады» дейсің; ұры: «Ақыл-айламды Абайдан да асырдым» дейді. Бұл уайым емес пе? – депті Абай.

Бұл оқиғадағы Абайдың кісілік келбетін жазушы М.Мағауин: «Бұл, әрине, әділет жолы, кісілік үлгісі ғана емес. Мүскінге жанашырлық. Абай өзінің жұрт алдындағы беделін, қолындағы өкімін елінің, жұртының игілігіне жұмсайды», деп бағамдайды. Біз де бұл естеліктен осындай тағылым түйіп едік.

Семейге қайтар жолда да бұл естелік естен кетпей, «жау алған жылқыңды өзің таппағаныңмен қоймай, мені де жоқшы етіп кеткеніңді білемісің?» деген сөз тіл ұшына орала берген. Сонда жан баласына жанашыр, әділдікке жақ, кең пішілген кісілігі мол, қарапайым да қоңыр, әйтсе де алғыр Абай бейнесі көз алдыма көлбей берген.

Абай облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары