Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әділет партиясы ел аумағында отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған акциялар өткізді

Әділет партиясы ел аумағында отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған акциялар өткізді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

​«Әділет» партиясы Отбасы күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде бірқатар акция өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өңірлерде партияластар көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен кездесті, отбасылық турнирлер ұйымдастырып, еңбек әулеттеріне құрмет көрсетті.

​Ең алдымен, қолдауды ерекше қажет ететін отбасыларға көмек көрсетілді. Атырау облысында 32 көпбалалы отбасына азық-түлік себеттері табысталды. Сондай-ақ балаларға арналған зияткерлік ойындар, спорттық эстафеталар ұйымдастырылып, бүлдіршіндер ойын-сауық орталықтарына барды.

​Жетісу облысында тағы 40 отбасыға қолдау көрсетілді. Алматыда партия Әйелдер қанатының белсенділері Алатау, Әуезов және Алмалы аудандарында тұрып жатқан отбасыларға барды. Партияластар азық-түлік себеттерін табыстап қана қоймай, тұрғындармен тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды.

​Батыс Қазақстан облысында Отбасын қолдау орталығының қамқорлығындағы азаматтарға көмек көрсетілді. Партия өкілдері балаларға азық-түлік өнімдері мен ақыл-ойды дамытуға арналған ойыншықтар табыстады. Сондай-ақ өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдармен күн сайын жұмыс істейтін орталық мамандарымен кездесті.

​Ерекше білім беруді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған отбасыларға да айрықша назар аударылды. Павлодар облысында партия Әйелдер қанатының өкілдері ата-аналармен кездесіп, медициналық көмек көрсету және әлеуметтік тұрғыда қорғау мәселелерін талқылады. Кездесу барысында айтылған ұсыныстарды жинақтап, заңнамалық бастамаларды одан ары пысықтау жоспарланып отыр.

​Петропавл қаласында ерекше қажеттілігі бар 50 бала мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оның барысында балаларға арналған шығармашылық бағдарлама әзірленді. Ал ата-аналар қауымы әлеуметтік тренингтерге қатысты.

​Отбасы күні мерекесі салт-дәстүрді сақтап, оны кейінгі ұрпаққа аманат етіп келе жатқан қазақстандық отбасылар туралы кеңінен айтуға да мүмкіндік берді.

​Абай облысында партия мүшелері Әубәкіровтер отбасымен кездесті. Үш бала оқуын спортпен және шығармашылықпен қатар алып жүріп қана қоймай, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Ұлытау облысы Жезқазған қаласында металлургтердің еңбек әулеті атанған Әйтеновтерге құрмет көрсетілді. Бұл отбасы мүшелерінің өндірістегі жалпы еңбек өтілі 520 жылдан асып отыр. Ал Қызылорда облысында көпбалалы аналар мен «Алтын алқа» төсбелгісі иегерлері құрметке бөленді. Сондай-ақ «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезең жеңімпаздары марапатталды.

​Тағы бір бағыт – отбасылық спорттық және білім беру іс-шаралары. Мәселен, Қостанай қаласында «Шахматтық вертикаль: мектеп және отбасы» турнирі өтті. Жамбыл облысында балалар мен ата-аналар аудандық эстафетаның жарыс жолына бірге шықты. Ақмола облысында партияластар түрлі отбасымен кездесіп, оларды арнайы құттықтады.

​Шымкентте Отбасы күні мерекесі болашақ туралы пікір алмасуға арналды. Салалық колледж алаңында сарапшылар қауымы студенттермен жүздесіп, жауапты ата-ана атану, отбасылық құндылықтарды сақтау және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Бүгінде мегаполисте шамамен 58 мың көпбалалы ана тұрады.

​Өңірлерде өткізілген кездесулер барысында партияластарға келіп түскен барлық ұсыныс пен өтініш заңнамалық бастамалар мен қолдау шараларын әзірлеу кезінде ескеріледі. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қыркүйек 2026 14:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары