Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Аймақтың агроиндустриялық тірегі

Аймақтың агроиндустриялық тірегі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Көксу ауданы – Жетісу облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы маңызды аймақтардың бірі. Кейінгі жылдары мұнда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаты артып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу деңгейі айтарлықтай өсті. Алдағы уақытта қуаттылығы жылына 15 мың тонна құс етін өндіретін тағы бір зауыт ашылады.

Суретті түсірген – Жұмабай Мұсабек

Ауданның экономи­калық әлеуеті, ең ал­дымен, ауыл ша­руашылығы мен өңдеу саласына негізделген. Соның ішінде өңірдің басты брендіне айналған Көксу қант зауыты бүгінде облыс экономикасының локомотиві саналады. Зауытқа жүргізілген қайта жаңғырту жұмысының нәтижесінде оның өндірістік қуаты тәулігіне 5 мың тоннаға дейін жетті. Бұл – өңірдің ғана емес, бүкіл оңтүстік аймақтың қант өндірісін тұрақтандыруға үлес қосатын айтарлықтай көрсеткіш. Зауыт мамандарының айтуынша, биылғы маусымда қант қызылшасын қабылдау, өңдеу жұмысы бірқалыпты жүріп жатыр. Осылайша, қант зауытының жаңғыруы аудан экономикасына жаңа серпін беріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу үлесін арттыруға жол ашып отыр.

– Жаңа жабдықтардың орнатылуы өндіріс тиімділігін арттырды. Энергия үнемдеу технологияларының енгізілуі мен автоматтандыру жүйесі өнім сапасын жақсартуға, шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Ең бас­тысы, жергілікті шаруалардың өнімін толық қабылдап, шикі­­затты дер кезінде өңдеу мүм­кіндігі артты, – деп мәлімдеді кәсіпорын директорының орынбасары Асқар Тұрсынов.

Ауыл шаруашылығы өнім­дерін өңдеу саласында ауданда үш ірі кәсіпорын айрықша рөл атқарады. Олар – Көксу қант зауыты, «Уыз май индас­три», «Көксу» сүт зауыты («Арқабаев»). Майлы дақылдарды өңдейтін «Уыз май индастри» серіктестігі қазіргі таңда 10,5 мың тонна майбұршақ қабылдап, оның 2,2 мың тоннасын қайта өңдеуден өткізген. «Көксу СМ» сүт зауыты жылына 12 мың тоннаға дейін сүт өнімін өңдеп, Көксу, Кербұлақ, Ескелді аудандарынан шикізат қабылдайды.

Биыл ақпан айында іске қо­сылған жаңа «Green нorizon еnterprises» цехы да аудандағы өңдеу әлеуетін арттырды. Оның тәуліктік қуаттылығы  40 тонна сүт өнімін өндіруге жетеді. Бұл жобаның іске қосылуы сүт шаруашылығымен айналысатын шаруалардың тұрақты өткізу нарығын қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, алдағы уақытта құны 14 млрд теңгеге бағаланған «Beles аgro KZ» ірі инвестициялық жобасы жүзеге асады. Қуаттылығы жылына 15 мың тонна құс етіне тең өнді­ріс орны өңірдің азық-түлік қауіп­сіздігін нығайтып қана қоймай, 300-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Ауыл шаруашылығы сала­сының ардагері, Көксу ауданының құрметті азаматы Сағидолла Қожахметов бұл өзгерістің өңір экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтады:

– Бұрын ауылдағы өнімнің біразы шикізат күйінде сыртқа кететін. Қазір жағдай өзгерді. Өңдеу көлемі ұлғайып, дайын өнім шығару жолға қойылды. Бұл қосылған құнның аудан ішін­де қалуы, яғни халықтың әл-ауқатының өсуі деген сөз, – дейді ардагер.

Жетісу облысының әкімдігі өңірдің инвестициялық климатын жақсарту, жеке капиталды тарту бағытында ауқымды  жұмыс атқарып келеді. Тек биылғы жылдың тоғыз айының өзінде Көксу ауданының экономикасына 13,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көп көрсеткіш.

Кейінгі үш жылда Көксу ауда­нында 20 әлеуметтік нысан салынып, үшеуі жөндеуден өткен. Білім беру саласына тоқталсақ, былтыр Балпық би ауылына 600 орындық жаңа мектеп салынатыны айтылған болатын. Бүгінгі күні бұл мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өтті, келесі жылға қаражат бөлуге республикалық бюджетке өтінім берілді. Сол сияқты Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Құрылыс жұмысы келесі жылдың ақпан айында аяқталады.

Денсаулық сақтау саласында былтыр ПЧ-45, Кеңарал ауыл­дарында блокты-модульдік медициналық пункттер тұрғы­зылған. Биыл «Ауылдағы ден­саулық сақтауды жаңғырту» ұлт­тық жобасы шеңберінде Қызыл­тоған, Бесқайнар, Жеті­жал, Қаратал ауылдарында фельд­шерлік-акушерлік пункттердің құрылысы аяқталды. Балпық би ауылында блокті-модульдік жедел жәрдем медициналық стансасы жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Сондай-ақ З.Тамшыбай ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Оған қоса, соңғы екі жылда Ақтекше, 3.Тамшыбай, Алғабас, Айнабұлақ, Көксу ауылдары мен Көксу аудандық орталық ауруханасына 6 санитарлық автокө­лік сатып алынды. Аудандық орталық аурухана жыл соңына дейін керекті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Мәдениет, спорт салалары да назардан тыс қалған емес. Жарлыөзек ауылдық мәдениет үйі салынып жатыр, осы жылдың желтоқсан айында қолданысқа беріледі. Сондай-ақ биыл Мұсабек ауылында блокті-модульдік клуб орнатылып, Талапты ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

– Алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту жұмысы жалғасын тауып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған нақты, жүйелі шаралар жүзеге асырылады, – деді облыс әкімі Бейбіт  Исабаев.

Жалпы алғанда, Көксу ауданы бүгінде ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласын дамыту арқылы өңір экономикасының жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп келеді. Қант зауытының жаңғыруы, сүт, құс етін өндіретін жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы – мұның бәрі Жетісу өңірінің аграрлық әлеуетін күшейтіп, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты нәтижелер.

 

Жетісу облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 10:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары