Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Қазақстан Халық партиясы Атырауда зейнетақы мәселесін талқылады

Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты

Тоқаев пен Путин XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында келіссөз жүргізді

Қазақстанда бір тәулікте орман қорында үш өрт тіркелді

Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

Еурокомиссия TikTok тың балалар қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерін анықтады

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

Әскер елдің тірегі

Әскер елдің тірегі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын ерте түсінген дана халқымыз «Тәрбие басы – тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаса керек. Бұл ұстаным бүгін де өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады», – деп атап көрсеткен еді.

Әскери-патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – елге адал қызмет ете білетін, білікті маман, айбынды азамат тәрбиелеу. Сол себепті жастарымыызға осы тәрбиенің берілуі өте маңызды. Өйткені бүгінгі бозбала – ертеңгі ел қорғайтын азамат. Яғни, әскери-патриоттық тәрбие арқылы болашақта мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапкершілігі жоғары азамат қалыптасады.

Осы мақсаттарға жету үшін патриоттық тәрбие тек жеке ұйымдардың ғана емес, бүкіл қоғамның басты бағыты болуы қажет. Саналы азамат – елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі, себебі жастар дүниетанымы қалыптасқан тұлға ретінде өз орнын таба алғанда ғана нақты және айқын жетістіктерге қол жеткізуге болады.

2025 жылғы 16 шілдеде әскери-патриоттық тәрбиеге қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданып, Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі құрылды. Аталған кеңес патриоттық тәрбиені бірізді әрі жүйелі дамытуға, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және өңірлерде жүзеге асырылатын жұмыстарды үйлестіруге бағытталған.

Кеңеске Қорғаныс министрі басшылық етеді. Оқу-ағарту министрі төрағаның орынбасары болып тағайындалды. Орталық органдардың басшылары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері кеңес құрамына кірді. Бұл шешім патриоттық тәрбие барлық мемлекеттік құрылымдар үшін ортақ жауапкершілік екенін айқын көрсетіп берді. 

«Әскер – елдің тірегі, адам – елдің қорғаны» қағидатына сүйенсек, елдің қауіпсіздігі әскери дайындыққа ғана емес, әрбір азаматтың санасына сіңірілген патриоттық құндылыққа негізделуі тиіс.

2025 жылғы 8 шілдеде Қорғаныс министрінің төрағалығымен Республикалық үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелерінен бөлек, Президент Әкімшілігі мен Парламент Мәжілісінің депутаттары да қатысты. Алғашқы отырыстың нәтижесінде қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңартылды. Осыған сәйкес, патриоттық тәрбиенің мазмұны өзектендіріліп, жастардың сана-сезімі мен құндылық бағдарларын қалыптастыруда заманауи тәсілдер енгізілетін болды.

Былтырғы қараша айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 937 қаулысы қабылданғаны белгілі. Осыған орай мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Сонымен бірге аумақтық үйлестіру кеңестері туралы ереже бекітіліп, жергілікті атқару органдарында 20 аумақтық үйлестіру кеңесі жұмыс істей бастады.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің алтын діңгегі мектеп екені сөзсіз. Ал, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде педагогиканың алатын орны орасан зор. Сол себепті білім беру жүйесі әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі алаңы болып қала бермек. Мектептерде 7-11 сынып оқушылары «Алғашқы әскери дайындық» пәні арқылы бастапқы, әскерге дейінгі және тереңдетілген әскерге дейінгі дайындықтан өтеді. 

Дайындық кең көлемді. Онда болашақ Отан қорғаушылары әскери дағдыларды меңгеріп, моральдық-психологиялық және дене даярлығын шыңдайды. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының цифрлық симуляторларын пайдалануға машықтанады. 

Осы орайда мектеп қабырғасында әскери өмірдің алғышартымен таныстыратын мұғалімдердің біліктілігін арттыруға күш салуды дұрыс деп есептеймін. Бүгінде олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарының әскери кафедралары мен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери институттардың базаларында курстар ұйымдастырылып, мың жарымнан астам маманды дайындықтан өткізу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек мектептен тыс бағытта да ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кету керек. «Жас Айбын» жобасы аясында еліміз бойынша жүздеген үйірмелер мен сыныптар ашылып, онда мыңдаған оқушылар тәрбие алуда. Бұл үйірмелердің бәрінде балаларды тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеп, ұжымдық жұмысқа бейімдеу жолға қойылған. 

Ал жаңадан іске қосылатын «Жас сарбаз» жобасы тереңдетілген дайындыққа арналған. Осыған сәйкес өңірлерде ашылып жатқан 20 мамандандырылған мектепте мыңдаған жас білім алатын болады. Бұл мектептер жасөспірімдерді әскери дағдыларға ғана үйретіп қоймай, олардың жеке қабілеттерін дамытуға, еркін ойлап, дербес шешім қабылдай білетін тұлғаға айналдыруға бағытталған. 

Бүгінде әскери-патриоттық тәрбие беру заманауи талаптарға сай цифрлық технологиялар арқылы да қолдау табуда. Қорғаныс министрлігі әскерге дейінгі даярлыққа қатысушыларды есепке алу, оқу сапасын бағалау және іс-шараларды мониторингтеу үшін цифрлық жүйе енгізіп жатыр. Алдағы уақытта бұл жүйеге мыңдаған білім беру ұйымдары қосылады деп жоспарланып отыр. 

Бүгінде «Айбын» халықаралық жастар жиынын жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі деп сеніммен айтуға болады. Бұл іс-шара жасөспірімдердің әскери-спорттық дайындық деңгейін арттырып қана қоймай, олардың достық, өзара құрмет және ынтымақтастық секілді құндылықтарын нығайтуға оң ықпал етіп келеді. 2025 жылы өткен «Айбын» әскери-патриоттық жиынына Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан командалары қатысты. Бұл іс-шара жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, олардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға оң ықпал етті.

Қазіргі уақытта әскери-патриоттық ұйымдар қатарында тәрбие алған көптеген жастар әскери колледждер мен жоғары әскери оқу орындарында білім алып жатыр. Бұл – жүйелі жүргізілген жұмыс пен сапалы тәрбиенің нәтижесі. 

Осы жетістіктерді одан әрі нығайту мақсатында материалдық-техникалық базаны күшейту, өңірлік орталықтар құру және мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру бағытындағы шаралар толассыз жалғасуда.

Қазіргі заманғы қауіп-қатерге төтеп бере алатын жастарды елдің сенімді тірегі деп айта аламыз. Мемлекеттің болашағы қашанда батыл, саналы және патриоттық сезімі жоғары жастардың қолында болған. Сондықтан жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру баршамыздың ортақ міндетіміз болып қала береді.

Қазақстандағы әскери-патриоттық тәрбие кешенді, заманауи және болашаққа бағытталған жүйе ретінде тоқтаусыз қалыптасып келеді. Мемлекеттік қолдау, заңнамалық негізді нығайту, цифрлық шешімдердің енгізілуі, мамандандырылған мектептердің ашылуы және халықаралық жобалардың жүзеге асуы – мұның бәрі бір ғана мақсатқа қызмет етеді. Ол – елін сүйетін, жауапты, білімді, рухы биік, саналы жас ұрпақты тәрбиелеу. 

Осындай жүйелі, әрі сапалы жүргізілген әскери-патриоттық тәрбиенің арқасында еліміз қорғаныс қабілетін нығайтып, болашағына сенімді қадам жасап келеді.

Асқар Мұстабеков, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 13:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

25 Шілде 2026 05:24see158

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

25 Шілде 2026 13:01see158

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

25 Шілде 2026 08:50see157

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

25 Шілде 2026 15:22see152

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

25 Шілде 2026 11:57see151

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

25 Шілде 2026 09:21see149

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

25 Шілде 2026 15:05see148

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

25 Шілде 2026 14:33see146

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

25 Шілде 2026 21:11see143

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

25 Шілде 2026 08:21see142

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

25 Шілде 2026 22:16see141

Қазақстан Халық партиясы Атырауда зейнетақы мәселесін талқылады

25 Шілде 2026 22:16see133

Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты

25 Шілде 2026 22:59see132

Тоқаев пен Путин XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында келіссөз жүргізді

25 Шілде 2026 21:03see128

Қазақстанда бір тәулікте орман қорында үш өрт тіркелді

25 Шілде 2026 22:08see125

Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

25 Шілде 2026 20:54see122

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

26 Шілде 2026 20:00see122

Еурокомиссия TikTok тың балалар қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерін анықтады

25 Шілде 2026 11:57see120

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

26 Шілде 2026 13:08see120

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

26 Шілде 2026 08:35see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары