Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Өтіп кете алмады: алматылық тұрғын 84 жастағы әжені тонаған адамның соңынан тұра ұмтылды

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

Майқайың: Апатты аймақтың халқы неге наразы?

Майқайың: Апатты аймақтың халқы неге наразы?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жыл соңы таяп қалғанына қара­мастан, Майқайың кентінің «Шанхай» шағын ауданындағы ескі үйлердің мәселесі толық шеші­ліп болған жоқ. Алтын фабрика­сы­ның жаңа қожайыны ұсынған өтем­ақыға кейбір тұрғын­дар­дың көңілі толмай отырғаны байқалады.

Суреттерді түсірген – автор

Жыл басында «Шанхай» шағын ауданындағы ескі үйлердің проблемасын, тұрғындардың әр күнін үреймен өткізіп келе жатқанын мәселе етіп көтергенбіз. Алтын кеніші Майқайың кентінен 300–400 метрдей жерде орналасқан. «Кеніште жер жару жұмыстары жүргізілгенде, үйіміз жер астына опырылып түсіп кетіп, бала-шағамызбен опат боламыз ба» деген қорқынышын жеткізгенбіз жұрттың.

Кейінірек Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов апаттық үйлер тұрғындарына жаңа баспана салынады деп уәде еткенімен, ондай қаражат бюджетте қарастырылмағаны анық еді. Облыс билігін бұл тығырықтан «Майқайыңалтын» АҚ-ның 100% акция­сын иеленген «Алтыналмас АК» АҚ құтқарды. Компанияның басқарушы буыны сәуір айында кент халқы­мен кездесу өткізіп, санитарлық-қорғау айма­ғында орналасқан 76 үй иелерінің әрқайсымымен жеке-жеке сөйлесілетінін жеткізген. Олардың барлығына өтем­ақы төлеуді міндеттеріне алды. «Тіпті бұл жерде үйдің жағдайы ғана есепке алынбайды, көлемі, жер телімі, ауласы, бәрі-бәрі бағалау критерийлерінде көрсетіледі», деп уәде еткені де есімізде.

Алайда тұрғындардың айтуынша, «Алтыналмас» компаниясы түптеп келгенде алтынды аймақтың халқына берген уәдесінің көбін орындамай отыр. Алтын кенішінің қожайындары жалдаған тәуелсіз бағалаушылар баспаналарды өте аз сомаға бағалайды. Ұсынылған өтемақыға кенттен қазіргі уақытта дені дұрыс үй тұрмақ, мал ұстайтын қоражай сатып ала алмаймыз деп мұңдарын шақты жұртшылық.

–  Көп жылдан бері апатты үйде тұрып жатырмыз. Дәл жанымыздағы кеніштің иесі ауысқалы жер астындағы жарылыс­ мүлде жиілеп кетті. Зеңбірекпен атқылап жатқандай. Жарылыс кезінде онсыз да қаусап тұрған үйіміз құлап қала ма деп зәреміз ұшады. Төбемізден топырақ саулайды. Көктемде «Алтыналмастың» бастықтары келіп, уәдені үйіп-төгіп кеткен. Бәйбішем екеуіміз балаларды көшеміз деп қуантып қойдық. Сөйтсек, бізге 8,5 млн теңге ұсынып тұр. Көпбалалы отбасымыз. Бұл сомаға күйі орташа бір-екі бөлмелі пәтер ғана сатып ала алады екенбіз. Жақсы үйлер 20 млн теңгенің үстіне шырқап шығып кетті. Әлгі азғантай сома біздің мәселемізді шешпейтінін түсінген соң, келіскен жоқпыз. Ертең бала-шағамен қыстың суығында далада жаурап қалатынымыз анық. Өзге барар жер, басар тауымыз жоқ, – деп қынжылды тұрғын Шақан Мейрамов.

Тұрғындардың сөзінше, компания өтемақы ұсына бастаған уақыттан кенттегі баспана құны бірден күрт өскен. Бұрын 4–5 млн теңге тұрған үйлер 10 млн теңгеге дейін қымбаттаған. Ал жақсы жағдайдағы үш-төрт бөлмелі жер үйлердің бағасы қазіргі уақытта 20–30 млн теңге тұрады. Компанияның бағалаушылары осы факторды ескеруі керек еді деп есептейді олар.

«Шанхай» тұрғыны Махаббат Абсат­тарова мәжбүрлі түрде аз сомадағы өтем­ақымен келіскенін айтады. Қыс жақындап қалуына байланысты басқа амалдары қалмаған. Айтуынша, бастапқыда компания кейбір үй иелеріне тәуір баға ұсын­ған. Кейбір үйлерді (тұрғындардың сөзін­ше) 16–18 млн теңгеге дейін бағалапты. Бірақ кейін компания басшылығы баға­лаушыларға шектеу жасады ма, әлде қаражатты үнемдегісі келді ме, баспанаға төленетін өтемақыны 8–10 млн теңгеге дейін төмендетіп жіберген.

– Біздің үйімізге әуелі 8 млн, одан соң 9 млн теңге ұсынды. Соңғы айларда бұл үйде тұрмаймыз, себебі іші салқын, үнемі сыз тартып тұрады. Жөндейік десек, кеніштегі жарылыстан сылақтары түсе береді. Амалсыздан ұлымның пәтеріне көшіп бардық. Бірақ ұлыма қаладан пәтер сатып алуымыз қажет, бас­пананы босатуға тура келіп тұр. Жол­дасымыз екеуіміз ақылдаса келе, 9 млн теңгеге мәжбүрлі түрде келістік. Бағалаушы компанияның қызметкерлері үйді әділетсіз бағалайды. «Алтыналмас» өкілдері сәуір айында келгенде гараж, қосалқы ғимараттар, жер телімдері кіреді деген еді. Алайда оларға өтемақы мүлде төленбейді, тұрғынжайдың, яғни нақты үйдің шаршы метріне ғана беріп жатыр. Аудан, облыс билігінен ешбір көмек, қайыр жоқ. Жағдайымызды сұрап келіп жатқан билік өкілдерін де байқамадық. Біз сияқты жап-жақсы үйлеріне лайықты өтемақы ала алмай жүргендер баршылық, – деп мұңын шақты ана.

Өтемақыдан бас тартқандардың бірі – Төремұрат Масғапов. Ол өз үйін 25 млн теңгеге бағалапты. Бірақ кеніш иелері ондай қаражат бере алмайтындарын хабарлаған. Бұл баспана – кенішке ең жақын тұрған үйдің бірі. «Үйім жөндеуден өткен. Қосалқы ғимараттар салынған. Аз ғана өтемақыға алданып қалғым кел­мейді. Егер мен ұсынған қаражатты бермесе, орнымыздан қозғалмаймыз деп шешім қабылдадым», дейді отағасы.

«Алтыналмас АК» компаниясы 2025 жылғы 18 қарашаға дейін «Шанхай» шағын ауданында орналасқан 51 тұрғын үйді сатып алғандарын хабарлады. Үй иеле­ріне толық көлемде ақшалай өтем­ақы беріліпті.

«Өтемақы алып, өзге жерге көшкісі келетін тұрғындардан жалпы саны 98 өтініш түсті. Бірақ біз олардың алтауын кері қайтардық, себебі әлгі үйлер санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерде екені анықталды. Комиссия 79 үйді тексеріп, 66 үйдің иелерімен келіссөз жүргізді. Алдын ала бағалау құны мақұл­­данды. Бағалау ғимараттың жай-күйін, ауда­нын, инженерлік желілерді, сон­дай-ақ елді мекенге тиесілі нарықтық көрсеткіштерді қамтиды. Қорытынды құн сомасы меншік иесінің қолына құжат­тары мен нысанның заңды мәртебесіне қарай беріледі. Мәміленің барлығы азаматтық-құқықтық нормаларға сәйкес ресімделіп, нотариаттық растаудан өтеді. 51 үйге қатысты төленген өтемақының нақты сомасы – құпия, бірақ ол төлем аймақтың орташа нарықтық мәндері­нен жоғары екенін айта аламыз. Компания кей тұрғындардың уайымын жақсы түсінеді. Сол себепті барлық жағдайда тұрғындармен жеке сөйлесіп, әр үй иесінің көңілін тауып, екі жаққа да тиімді ортақ шешім табуға тырысып жатырмыз», делінген компания ұсынған ақпаратта.

Бұған қоса ақпаратта санитарлық-қорғау аймағындағы барлық тұрғын үй заңдастыру рәсімдері мен сатып алу аяқталғаннан кейін міндетті түрде толық құлатылатыны көрсетілген. Бүгінде 17 үй құлатылған. Уәкілетті органдар бекіткен 38 нысанды құлату (ақырғы жою) туралы шешім алынған. Бұл нысандар алдағы жұмыстардың жоспарына енгізілген. Осылайша, аумақ санитарлық-қорғау аймағының нормативтеріне сәйкес етіледі деп күтіліп отыр.

«Ғимараттарды құлату, сырып тастау жұмыстары жобалау құжаттамасына, тиісті нормативтерге сәйкес қауіпсіздік техникасы мен экологиялық стандарттарда ескерілген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Компания көшемін деп өтініш білдірген әр тұрғынмен уағдаласып, бір келісімге келіп, тараптардың барлығына әділ әрі заңды жағдай жасауға дайын. Бұл жұмыс барлық тұрғындармен арада тиісті мәмілелер жасалғаннан кейін толық аяқталады. Егер тұрғын өтемақыға ке­ліспесе немесе тұрып жатқан үйінде қал­ғысы келсе, өз еркі», деп қосты компа­ния­дан. Биыл маусым айында өңір басшысы Асайын Байханов бір сұхбатында: «Бұл мәселе осы жаздың соңына дейін шешімін табады. Орындалуы менің жеке бақылауымда», деген еді. Әкімнің бұл уәдесі не себепті созылып кеткенін анықтау мақсатымен облыс билігіне сұрау салдық. Алынған жауапта облыс әкімдігі мен «Алтыналмас» АҚ арасында Майқайың кентінің «Шанхай» шағын ауданындағы тұрғын үйлерді сатып алу жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалғаны айтылады.

– Біздің дерегімізге сәйкес биылғы 3 маусымнан бері «Шанхай» шағын ауданында орналасқан 41 тұрғын үй сатып алынған, яғни өтемақы алған. Құжаттары жоқ тұрғындар өздерінің меншік құқығын сот тәртібімен растап жатыр. Соттың оң шешімін алғаннан кейін жер учаскелерін, тұрғын үйлерін кент әкімдігі арқылы рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Қалған өтініштер жөніндегі жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі, – деп жауап берді облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Қапенов.

Өкінішке қарай, облыс билігі де, «Алтыналмас» өкілдері де «қызыл аймақ­та» орналасқан үйлердің тағдыры қашан толық шешілетінін тап басып айтпады. Осыған қарағанда, бұл мәселе жыл соңына дейін толық шешілуі екіталай.

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы,

Майқайың кенті

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see117

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see113

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see110

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see110

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

30 Шілде 2026 09:06see109

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see108

Өтіп кете алмады: алматылық тұрғын 84 жастағы әжені тонаған адамның соңынан тұра ұмтылды

29 Шілде 2026 13:38see106

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

30 Шілде 2026 10:41see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары