Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Айыппұлдар және аккаунттарды бұғаттау Қазақстандағы самокатшыларды жаңа шындық күтіп тұр

Айыппұлдар және аккаунттарды бұғаттау Қазақстандағы самокатшыларды жаңа шындық күтіп тұр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

1 шілдеден бастап Қазақстанда электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл ережелер Алматы үшін әрі пайдаланушыларға, әрі кикшеринг операторларына үлкен сынақ болуы мүмкін. Қалалық полиция тәртіпбұзушыларды қалай қадағалап, жазалайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1 шілдеден бастап Қазақстанда электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл ережелер Алматы үшін әрі пайдаланушыларға, әрі кикшеринг операторларына үлкен сынақ болуы мүмкін. Қалалық полиция тәртіпбұзушыларды қалай қадағалап, жазалайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналистерге арналған брифингте Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жаңа нормаларды енгізу айтарлықтай қиындықсыз жүзеге асады деген үмітін білдірді.

"Ірі мегаполис жағдайында белгілі бір алаңдаушылық бар. Дегенмен, азаматтар саналы екеніне сенеміз, солардың көмегімен жаңа ережелер күнделікті өмірімізге кедергісіз енеді деп үміттенеміз", - деді ол.

Әзірбектің айтуынша, БАҚ арқылы өзгерістер туралы бірнеше ай бұрын белсенді ақпараттандыру жұмыстары басталған, сондықтан электрсамокат пайдаланушыларының өзгерістерді зерделеп, оған бой үйретуге уақыты болды.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы электрсамокаттар қатысты болған жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) азайғаны байқалып отырғанын атап өтті.

"Жыл басынан бері Алматыда электрсамокаттар қатысты болған 70 ЖКО тіркелді, 76 адам жарақат алған, қаза тапқандар жоқ. Былтырғы осы кезеңде 106 ЖКО болған еді. Біз азаматтардың жауапкершілігі артты деп пайымдаймыз", - деді Салтанат Әзірбек.

Тәртіпбұзушыларды қалай ұстап, жазалайды?

Еске салайық, Tengrinews.kz тілшілері бірнеше рет рейд жүргізіп, электрсамокат пайдаланушыларының жол ережесін жаппай бұзатынын анықтаған болатын. Олардың қатарында - бір самокатқа екі-үш адамнан мінгесу, жаяу жүргіншілер өткелінен түспей өту, тротуарда жылдамдық режимін сақтамау және көлікті кәмелетке толмағандардың тізгіндеуі сияқты заңбұзушылықтар бар.

Полиция мәліметінше, шілдеден бастап бұл заңбұзушылықтар үшін нақты шаралар қолданылады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты

ПД баспасөз хатшысы ескертеді: егер ересек адам тізгінді балаға берсе, кикшеринг компаниясы ол адамның аккаунтын бұғаттауы тиіс.

Бұдан бөлек, мұндай жағдайлар ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау, кәмелетке толмаған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданбау" бойынша қарастырылады. Бап санкциясында ескерту жасау көзделмеген: тәртіпбұзушыға бірден айыппұл салынады. Оның мөлшері - 5 АЕК немесе 21 625 теңге. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл 10 АЕК-ке - 43 250 теңгеге дейін ұлғаяды.

"Осындай қатаң шаралар ғана жолдағы қайғылы жағдайларды азайтуға және азаматтарды тәртіпке баулуға көмектеседі", - деп есептейді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі.

Оның айтуынша, сәуірде басталған электрсамокат маусымынан бері 210-ға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Әсіресе оқу жылының соңғы күндерінде мұндай жағдайлар жиіледі. Кәмелетке толмағандар самокатты пайдаланбауы үшін біз тіпті оқу орындарының жанына бекеттер қойдық", - деді Әзірбек.

Жылдамдықты асыру

Тағы бір маңызды мәселе - тротуарлардағы электрсамокаттардың жылдамдығын бақылау. Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің түсіндіруі бойынша, полиция қызметкерлерінде мұндай көлік құралдарының жылдамдығын өлшейтін техникалық құралдар жоқ.

"Бұл жерде жауапкершілік кикшеринг компанияларының өзіне жүктеледі. Олар жылдамдықты қадағалап, асып кеткен жағдайда шара қолдануға техникалық мүмкіндіктері бар екенін айтып отыр. Жақында кикшеринг компанияларымен кездесеміз, олар бізге өз базаларын көрсетеді: пайдаланушының самокатты қашан алғаны, оны балаға бергені немесе тротуарда жылдамдықты асырғаны туралы деректерді қалай көретіндерін таныстырады. Олар мұның бәрін техникалық тұрғыда анықтап, тәртіпбұзушыларды бұғаттай алатындарына және қажет болған жағдайда бізге ақпарат бере алатындарына сендіріп отыр", - деді Әзірбек.

Оның айтуынша, полиция мен жалдау сервистері арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі әлі де пысықталып жатыр. Сонымен қатар полиция операторлардың деректері мен техникалық мүмкіндіктері құқық бұзушылықтарды тиімдірек анықтауға мүмкіндік береді деп күтеді.

Кикшерингтерге қолданылатын жаза

Салтанат Әзірбектің айтуынша, кикшеринг компаниялары үшін заңнамалық жауапкершілік қарастырылмаған.

"Бірақ олармен бірнеше кездесу өткіздік, негізгі мәселелерді автоматты деңгейге дейін пысықтадық. Кикшерингтердің өздері де қызметтерінің қолжетімді ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуына мүдделі екеніне көз жеткіздік", - дейді ол.

Айыппұл қашан салына бастайды?

Жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін, яғни 1 шілдеден бастап, Әзірбектің сөзінше, алғашқы аптада полицейлер белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

"Одан кейін тәртіпбұзушыларға қатысты хаттамалар толтырылып, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады", - деп ескертті ол.

Жаяу жүргіншілер қайда шағымдана алады

Электрсамокаттарда мемлекеттік нөмірлер пайда болып, ережебұзушыларды жауапкершілікке тарту жеңілдей түседі. Қала тротуарларында тәртіп орнатуға тұрғындар да өз үлесін қоса алады.

"Құқық бұзушылық куәгерлері мүмкіндік болса, оқиғаны камераға түсіріп алуы қажет. Егер ондай мүмкіндік болмаса, нөмірін, уақытын және қандай да бір белгілерін есте сақтау керек. Бұл мәліметтерді 102 нөміріне хабарлауға немесе e-policy.kz арқылы өтініш жазуға болады", - деп түсіндірді Әзірбек.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды құқық бұзушыларды өз бетінше ұстауға тырыспауға немесе олармен жанжалға түспеуге шақырды.

Электрсамокат пайдаланушылары үшін не өзгереді?

Еске салайық, жаңа ережелерге сәйкес электрсамокаттарды жалға алуға тыйым салынады:

18 жасқа толмаған тұлғаларға; жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға; көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаларға.

Сонымен қатар, пайдаланушының жолдың жүру бөлігіне шығу-шықпауына қарамастан, жүргізуші куәлігінің болуы міндетті болады.

Тротуармен жүруге тыйым салу

Өзгерістердің жекелеген блогы тротуармен жүруге қатысты. Енді электрсамокатпен тек мына жағдайларда жүруге болады:

велосипед жолдары мен жолақтарында; олар болмаған жағдайда – жолдың жүру бөлігінің оң жақ жиегінде; жол жиегінде;

Тек келесі шарттар орындалатын, арнайы белгіленген "аралас қозғалыс аймақтары" бар жаяу жүргіншілер көшелері ғана ерекшелік болады:

жылдамдық сағатына 6 шақырымға дейін шектеледі; жаяу жүргінші басымдыққа ие болады. Кикшеринг компанияларының жауапкершілігі

Спикер қауіпсіздік үшін жауапкершіліктің басым бөлігі кикшеринг операторларына жүктелетінін атап өтті.

"Кикшеринг компанияларына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Олар көліктің кез келген жерде шашылып жатпауы үшін қауіпсіз инфрақұрылым мен тұрақ орындарын дайындауы тиіс. Өйткені бұл қолайсыздық тудырып қана қоймай, қауіпсіздік мәселесіне де тікелей қатысты", - деді Әзірбек.

Сондай-ақ кикшеринг компаниялары мыналарды орындауы тиіс:

Техникалық жағдайды қадағалау. Яғни, компаниялар тұрақты түрде техникалық қызмет көрсетуге, техникада ақау жоқ екенін бақылауға және бұзылған самокаттарды пайдаланудан дереу алып тастауға міндеттеледі. Пайдаланушыларды тексеру. Жалға бермес бұрын клиенттің жеке басын және жарамды жүргізуші куәлігінің бар-жоғын тексеру қажет болады. Айыппұлдар мен жауапкершілік туралы ескерту. Цифрлық бақылауды жүзеге асыру. Әрбір самокат жылдамдықты қадағалауға, орналасқан жерін анықтауға, шектеу қойылған аймақтарда жылдамдықты автоматты түрде төмендетуге және деректерді уәкілетті органдарға беруге мүмкіндік беретін технологиялармен жабдықталуы тиіс. Тұрақты бақылау. Операторлар самокаттардың жаяу жүргіншілер мен көлікке кедергі келтіретін жерлерде тұруына жол бермеуге міндетті болады. Міндетті сақтандыруды (КҚИ АҚЖМС) рәсімдеуі тиіс. Әрбір самокат үшін көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты талап етіледі. Жолдың жүру бөлігіне шығу тек сақтандыру және тіркеу болған жағдайда ғана мүмкін болады. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда сақтандыру компаниясы зардап шеккендерді емдеу шығындарын және үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтейді.

Сонымен қатар, жалға берілетін әрбір самокатқа корпусына орналастырылатын тіркеу нөмірі беріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 шілдеден бастап электросамокат айдайтындар үшін ереже қатаңдайды – нені білу маңызды

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 17:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары