Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстандағы су тапшылығы: ертең қандай қауіп күтіп тұр?

Қазақстандағы су тапшылығы: ертең қандай қауіп күтіп тұр?

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Су тапшылығы мәселесі үлкен экологиялық проблема ретінде тек Қазақстан ғана емес, бүткіл әлем алдындағы сұрақ болып тұр. Осы ретте әр ел су мәселесін шешу үшін түрлі амалдар жасап жатыр. Қазақстан да өз кезегінде осы мәселені шешу үшін арнайы министрлік құрып, жоспарлар мен бағдарламалар бекітіп, түрлі шаралар атқарып жатыр.

Су ресурстарының азаюы

Жаһандық өндірістің дамуының салдары экологиялық үлкен проблемаларға әкеліп соғып жатыр. Соның бірі ғаламдық жылынудан мұздықтардың еруі мен суды тиімсіз пайдалану салдары су тапшылығына әкеліп отыр. 

Соңғы жылдары ауа температурасының жоғарылауы рекорттық деңгейге жетіп отырғанын БАҚ өкілдері жарыса жазды. Айта кетесек, 2023 және 2025 жылдарда  орташа температура индустрияға дейінгі деңгейден 1,48°C-қа жоғарылаған екен. Осы ретте мәселені шешуге әлем елдері бірігіп Париж келісімі аясында температураның өсуін 1,5°C-тан асырмауға бекінген, алайда жаһандық жылыну болжанғаннан де тез жүріп жатқан көрінеді.

Құрғақшылық, су тасқыны, түрлі табиғи апаттардың болуы, өлім-жітім мен түрлі ауру-сырқаудың өршуі, жайылымға жарамды, құнарлы жерлердің азаюы ғаламдық жылынумен байланысты екен. 

Экологиялық проблемалар өзге елдерден бөлек, Қазақстанды да жанап өткенін бәріміз білеміз. Елеміздегі су мәселесі 2023 жылы Су және ирригация министрлігінің құрылуына негіз болды. 

Бүгінде құрғақшылықтың алдын алу, өзен-көлдердің экологиялық ахуалын қадағалау, өндірістегі және тұрмыстағы су пайдалануды ретке келтіру, ысырапшылдықты тоқтату, су тазалығын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. 

Өзендер мен көлдердің жағдайы

Республикамызда негізі ірі өзендер Ертіс, Іле өзені, Сырдария мен Жайық сияқты өзендер бар. Бүгінде олардың көпшілігі өзге елдерге тәуелді, яғни трансшекаралық өзендер болып табылады. Олардың ахуалы Қазақстанға ғана емес, көршілес елдердің экологиялық және геосаяси қарымқатынасына да тәуелді болып отыр. Сондықтан Қазақстан су мәселесін тек екіжақты емес, көпжақты форматта да шешуге тырысып келеді. Елімізге БҰҰ, БҰҰ Даму бағдарламасы, Халықаралық Аралды құтқару қоры сияқты халықаралық ұйымдар зерттеулер жүргізу, қаржылай және техникалық қолдау көрсету ғана емес, ортақ су саясатын қалыптастыруға көмектеседі.

60 жылда көлемі шамамен 9 есеге қысқарған Арал теңізінің мәселесі әлемде ерекше назардағы проблема. Ал Іле өзені арқылы толысып отыратын Балқаш көлінің деңгейінің тұрақсыздығы дамыған Қытайдағы су пайдалану көлеміне тікелей байланысты. Себебі Іле өзенінің бастау көзі Қытай елінде жатыр. Егер су азайса, Балқаш Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін деген сарапшылардың болжамы да бар. 

Бұдан бөлек елімізде өзендер мен көлдердің, тіпті Каспи теңізінің ластануы өзекті мәселеге айналып отыр. 

Бұл мәселе саяси мінберлерден жиі көтерілетінін де айта кеткен жөн. Мысалы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек бұған дейін 2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 млрд текшеметрді құрайтынын айтып дабыл қаққан болатын. Депутаттың сөзінше бұл шамамен Арал теңізіне пара-пар су көлемі екен.

«Еліміз таза ауыз су ретінде пайдаланатын судың көлемі кемі 50% азаяды.Сонда әрбір екінші менің отандасым ауыз сусыз қалады деген сөз емес пе?! Ауыз сусыз адам 3 күн ғана өмір сүретін білесіздер. Бұл өте қауіпті», – деген болатын мәжілісмен Бақытжан Базарбек өзінің Қазақстан Республикасы премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған сауалында.

Мемлекетте істеліп жатқан жұмыстар

Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес елімізде солтүстік Аралдың көлемін ұлғайту жоспарланған және су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту көзделген. Қазақстанда суға қатысты мәселелерді шешу үшін аталған тұжырымдама аясында су қоймаларын салу, каналдарды жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу, экологиялық су жіберу көлемін арттыру сияқты шаралар қолға алынуда.

Осы ретте елімізде «Таза Қазақстан», «Жасыл көпір», «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасы, Биоалуантүрлілікті сақтау бағдарламалары мен Орман және көгалдандыру бағдарламалары сияқты ауқымды жобалар іске асып жатқанын да айта кету керек.
Табиғатты қорғау, бұқаралық экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны жүйелі түрде ұзақ мерзімді ретке келтіру мен сақтау үшін экология мәселесі жақында қабылданған жаңа Конституциямызда шегеленіп көрсетілді. Осы ретте елімізде бірқатар жаңа салалық заңдар қабылданып, өзгерістер мен түзетулер енгізілмек. Бұл ендігі қоршаған орта мәселелері қатаң түрде заңмен реттеліп, бақыланатынын көрсетеді. 
 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары