Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Таза қала конкурсы басталды

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

Байланыс операторлары 20 тамыздан бастап тариф бағасын қалай көтереді

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Шымкенттік жүргізуші полицейлерден кек алу үшін жалған хабар берген

Трамп осы күзде Ким Чен Ынмен құпия саммит өткізуді жоспарлап отыр

Пәкістандағы Президент кубогы: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

Қазақстандағы автосақтандырудағы өзгерістер жүргізушілерді не күтіп тұр

Қазақстандағы автосақтандырудағы өзгерістер жүргізушілерді не күтіп тұр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда сақтандыру полисін есептеу жүйесін өзгерту ұсынылды. Tengri Auto бұл өзгерістер сақтандыру төлемдерінің көлеміне және қазақстандықтардың қаржылық жағдайына қалай әсер ететінін білу үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және автосақтандыру нарығының сарапшысына жүгінді.

Қазақстанда сақтандыру полисін есептеу жүйесін өзгерту ұсынылды. Tengri Auto бұл өзгерістер сақтандыру төлемдерінің көлеміне және қазақстандықтардың қаржылық жағдайына қалай әсер ететінін білу үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және автосақтандыру нарығының сарапшысына жүгінді.

Жеңілдіктерді не үшін өзгертпек?

Агенттіктің берген жауабына сүйенсек, ұсынылып отырған өзгерістер КҚИ АҚЖ (автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) құнын әділ бөлуге бағытталған.

Бұл ретте басты қағида сақталады: ұқыпты жүргізушілер бұрынғыдай тәуекел деңгейі жоғары жүргізушілерге қарағанда аз төлейді.

"Әңгіме жеңілдіктерді жою туралы емес, оларды экономикалық тұрғыдан негізделген деңгейге дейін түзету туралы болып отыр. 4–13 кластар үшін "бонус-малус" коэффициенттерінің өзгеруі, ең алдымен, қолданыстағы жүйені теңгерімдеу қажеттілігімен байланысты", - деп атап өтті ведомство.

Қазіргі модельде жүргізушілердің басым бөлігі жоғары кластарда орналасқан, сонымен қатар сақтандыру төлемдерінің деңгейі айтарлықтай жоғары болып отыр.

Бұл жүйенің нақты тәуекелдерді толық көлемде көрсетпеуіне әкеп соғады және қолданыстағы тарифтер сақталған жағдайда оның тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Сақтандыру компаниялары жүргізушілерді қалай бағалайды?

Біз бағаны ±10 пайызға түзету үшін сақтандыру компаниялары клиенттің "тәуекелділігін" қалай бағалайтынын білдік.

Ол үшін бірыңғай сақтандыру деректер базасының (БСДБ) мәліметтері қолданылады:

жүргізу өтілі; "бонус-малус" класы; өз кінәсінен болған ЖКО туралы мәліметтер; шығындардың ауырлығы және жүргізушінің тәуекел деңгейін көрсететін өзге де параметрлер.

Компаниялардың осы деректері негізінде жүргізушінің тәртібін сипаттайтын қосымша тәуекел факторлары ескеріледі.

"Бұл полис құнын есептеуді дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді. Тәуекел деңгейі төмен жүргізушілер белгіленген диапазон шегінде қосымша жеңілдіктер ала алады", - деп түсіндірді мамандар.

Сақтандыру компаниялары полис құнын қымбаттата ма?

Агенттік сақтандыру бағасының жаппай және негізсіз өсуі күтілмейтініне сендіреді, өйткені бұл үшін арнайы шектеулер бар.

Біріншіден, полис құнын тек ±10 пайыз шегінде ғана өзгертуге болады. Сақтандыру компаниялары бағаны айтарлықтай көтере алмайды. Сақтандыруды есептеудің негізгі ережелері заңмен бекітілген және сақтандырушылардың оларды өз еркімен өзгертуге құқығы жоқ.

Екіншіден, есептеулер Бірыңғай сақтандыру деректер базасына негізделеді, бұл тарифтердің объективті әрі жекешелендірілген болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар сақтандыру компаниялары уәкілетті органның бақылауында болады. Сондай-ақ нарықта бәсекелестік бар: егер компания бағаны тым көтеріп жіберсе, клиенттер басқа сақтандырушыларға кетіп қалуы мүмкін.

Қазақстандағы автосақтандырудың түйткілі неде?

Ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге қалай әсер ететінін түсіну үшін біз автосақтандыру саласындағы сарапшы, Бағалаушылар палатасының басқарма мүшесі Михаил Будянскийдің пікірін білдік. Оның пайымдауынша, қазіргі жүйе көбіне сақтандыру компанияларының мүддесіне жұмыс істейді, ал көлік иелері тиімсіз жағдайда қалады.

Будянский 2016 жылға дейін ЖКО-дан кейін жүргізуші залал сомасын есептейтін тәуелсіз бағалаушыға жүгінетінін еске салды. Көлік иесі сол қорытындымен сақтандыру компаниясына төлем алуға баратын. Егер сақтандырушы бағалаумен келіспесе, оған бөлек шағым түсіре алатын, бірақ алдымен өтемақы төлеуге міндетті еді.

Жағдай 2016 жылы өзгерді. Сарапшының айтуынша, сол кезде сақтандыру компаниялары тәуелсіз бағалаушылар залал құнын асыра көрсетеді деп мәлімдеген. Содан кейін сақтандырушыларға зақымдануды өз бетінше бағалауға және төлем мөлшерін анықтауға рұқсат берілді.

"Сақтандыру компанияларына осындай мүмкіндік берілді және міне, 10 жылға жуық уақыт бойы олар дәл осыдан үнемдеп келеді. Шартты түрде айтсақ, егер нақты залал миллион теңге болса, сақтандыру компаниясы тек 300 мың теңге есептеп беруі мүмкін. Соңында адамға көлікті толыққанды жөндеу үшін бұл қаражат жетпей қалады", - деп түсіндіреді сарапшы.

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Михаил Будянский

Бағалаушылар палатасының басқарма мүшесі. Республикалық техникалық байқау операторлары қауымдастығының президенті.

Будянскийдің айтуынша, залал сомасын төмендеткені үшін сақтандыру компанияларының үстінен үнемі шағым түседі. Алайда мұндай шешімге қарсы шығу қарапайым көлік иесі үшін оңай емес: ол үшін сот сатыларынан өтуге, тәуелсіз бағалаушылар мен заңгерлердің қызметіне ақы төлеуге тура келеді.

Сонымен қатар тексеру жүріп жатқан уақытта автокөлік іс жүзінде жөнделмей тұрады, өйткені барлық сараптамалар мен даулар аяқталмайынша зақымдарды қалпына келтіруге болмайды. Осының салдарынан машина өтімділігін жоғалтады, ал процестің өзі айларға созылуы мүмкін.

"Бонус-малус" жүйесінің астарында не жатыр?

Михаил Будянский көптеген шағымның нәтижесінде мәселенің депутаттарға жеткенін айтты. Оның сөзінше, олар сақтандыру компанияларының шығынды бағалау процесіне тым көп ықпал ете бастағанымен келісіп, бұл жұмысты тәуелсіз мамандарға қайтаруды ұсынды.

Сарапшының айтуынша, бұдан кейін сақтандыру компаниялары талқылауды басқа арнаға бұруға тырысып, аудандық коэффициенттерді қайта қарау қажеттігін алға тарта бастаған. Алайда оларды өзгерту мүмкін болмады, өйткені бұл көрсеткіштер заңмен бекітілген.

"Менің ойымша, "бонус-малус" жүйесі автокөлік иелері мен жалпы тұтынушылар үшін негізгі мәселені шешпейді. Басты сұрақ сол күйінде қалып отыр – бұл шығын көлемін анықтау. Өтемақы төлейтін тараптың оның мөлшерін өзі анықтайтын жағдайы көптеген сұрақ тудырады. Мәселе тарифтердің дұрыс есептелмегенінде емес, дәл осы түйткілде", - деп атап өтті Михаил.

Мәселені қалай шешуге болады? Сарапшы пікірі

Будянский Қазақстанда ЖКО-дан кейінгі шығынды бағалауды тәуелсіз бағалаушыларға қайтару қажет деп санайды. Оның айтуынша, бұл үшін елде толыққанды сараптама институты қалыптасқан. Ол басты уәждердің бірі ретінде сақтандыру компанияларына қарағанда, бағалаушыларды шығынды дұрыс бағаламағаны үшін жауапқа тартуға болатынын айтады.

Сонымен қатар егер сақтандыру компаниясы есептеулерде қателік жіберсе, оны жауапқа тартудың нақты тетігі жоқ. Жүргізушіге тек шығынды қайта бағалауды талап ету ғана қалады, ал бұл процесс жарты жылға созылып кетуі мүмкін.

Іс жүзінде көп ештеңе өзгерген жоқ

Бұдан бөлек, сарапшы ұсынылып отырған өзгерістерді жаңа деп айтуға келмейтінін - мұндай жүйенің бұрын да жұмыс істегенін айтады. Оның сөзінше, ол кезде сақтандыру компанияларында өтемақыларды уақытылы төлеуге қатысты мәселе болмаған.

"Сақтандыру қызметі туралы заң қабылданғаннан бері сақтандырушыға төлем жасау үшін әрдайым 15 жұмыс күні берілетін. Бұл - 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін өзгермеген норма", - деді ол.

Қазір сақтандырушылар айтып жүрген ±10% дәлізіне келетін болсақ, бұл негізінен полис құнын өз бетінше өзгерту мүмкіндігі: оны 10 пайызға арзандату немесе, керісінше, 10 пайызға қымбаттату. Сонымен қатар сарапшы мұндай механизм қазірдің өзінде іс жүзінде бар екенін атап өтті.

Сарапшы ұсынылған өзгерістер ақыр соңында автокөлік иелері үшін тек қосымша шығындарға әкелуі мүмкін деп есептейді. Ал басты мәселелер - шығынды бағалау төңірегіндегі даулар мен төлем мөлшеріне көңіл толмаушылық сол күйі шешілмей қала бермек.

Жаңа ережелердің іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні және жүргізушілер үшін жағдайдың өзгерер-өзгермесі олар енгізілгеннен кейін белгілі болады. Tengri Auto тақырыптың дамуын бақылауды жалғастырады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 16:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see127

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see117

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see117

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

18 Тамыз 2026 20:52see115

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see114

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see113

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see113

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

18 Тамыз 2026 21:56see111

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see110

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see109

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see107

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті

18 Тамыз 2026 20:47see106

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see105

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see105

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see105

Байланыс операторлары 20 тамыздан бастап тариф бағасын қалай көтереді

19 Тамыз 2026 11:13see105

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see104

Шымкенттік жүргізуші полицейлерден кек алу үшін жалған хабар берген

19 Тамыз 2026 13:34see103

Трамп осы күзде Ким Чен Ынмен құпия саммит өткізуді жоспарлап отыр

19 Тамыз 2026 11:13see103

Пәкістандағы Президент кубогы: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

18 Тамыз 2026 21:46see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары