Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

LRT жұмыстары Абылай ханға жетеді Алматыда жүргізушілерді не күтіп тұр

LRT жұмыстары Абылай ханға жетеді Алматыда жүргізушілерді не күтіп тұр

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыда LRT-ның бірінші желісінің құрылысы жалғасып жатыр. Қазір мердігерлер Төле би және Бауыржан Момышұлы көшелерінде жұмыс істеп жатыр, ал келесі учаске Абылай хан даңғылы болмақ. Tengri Auto жұмыстардың қалай ұйымдастырылатынын және қозғалыс шектеліп-шектелмейтінін білді.

Абылай хан даңғылында не болады?

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абылай хан даңғылында жұмыстар әлі басталмағанын хабарлады.

Анықтама: Жоба бойынша дәл осы жерден Алматы-2 вокзалына қарай баратын LRT учаскесі өтеді. Бірінші кезеңнің соңғы нүктесі "Райымбек батыр" көлік-ауысып міну торабы болады.

Басқарма Абылай хан даңғылындағы құрылыстың басталу күнін нақты айтпады. Сонымен қатар, ведомство жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауға уәде беріп отыр.

"Абылай хан даңғылындағы жұмыстар қазіргі уақытта басталған жоқ. Осы учаскедегі жол қозғалысын ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздықты азайту мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстары барынша қысқа мерзімде орындалады", – деп хабарлады басқарма.

"Төле би көшесіндегі қозғалыс толық ашық": учаскеде не болып жатыр?

Басқарма Төле би көшесінде қозғалыс толық ашылып, ал ортаңғы жолақтардағы жер жұмыстары іс жүзінде аяқталғанын алға тартты.

"Инженерлік коммуникацияларды қайта құру бойынша жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, реверсив схеманы ұйымдастыра отырып, қозғалысқа қысқа мерзімді шектеулер енгізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді шығару, көшіру және қорғау бойынша жергілікті жұмыстар жүргізіліп жатыр, соған байланысты жекелеген учаскелердегі қозғалысты шектеу, әдетте, 1-2 күннен аспайды", – дейді ведомство өкілдері.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының негізгі бөлігі екі ортаңғы жолақта жүргізіліп жатыр, ал шеткі жолақтар автомобильдерге қалдырылған.

Жүргізушілерге екі ортаңғы жолақ қайтарыла ма?

Құрылыс аяқталғаннан кейін Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелеріндегі екі ортаңғы жолақ жүргізушілерге қайтарылмайды. Жобаға сәйкес, олар толығымен LRT пойыздарының қозғалысына беріліп, жолдың қалған бөлігінен бөлінеді.

"Мұндай шешім қоғамдық көлікке басымдық беруге, пойыздар қозғалысының тұрақтылығы мен жылдамдығын арттыруға, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтуға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді басқармадағылар.

Автобус жолақтары не болады?

Бұл ретте Төле би көшесінің шетімен өтетін автобус жолақтары мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. Бұған дейін біз басқармадан LRT іске қосылғаннан кейін олар сақтала ма деп сұраған едік. Бізге бұл мәселе әлі қарастырылып жатқаны және нақты шешім әзірге шықпағаны хабарланды.

LRT қашан іске қосылады?

LRT-ның бірінші кезеңін 2027 жылдың аяғында іске қосу жоспарланған. Алайда мерзімдер қажетті вагондар санының қаншалықты жылдам дайындалып, жеткізілетініне байланысты болуы мүмкін.

Басқарма биліктің әлемдік ірі өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатқанын, бірақ түпкілікті жеткізуші әлі таңдалмағанын хабарлады. Нұсқалардың арасында суперконденсаторлы вагондар қарастырылып жатыр.

Анықтама: Олар аялдамаларда қуаттала алады, сондықтан желінің бүкіл бойында байланыс желісі қажет болмайды.

"Өндірушілер вагондардың қажетті санын қысқа мерзімде дайындау мүмкіндігін растаған жағдайда, жобаны іске асыру едәуір жеделдетілуі мүмкін", – деп хабарлады басқарма.

Алдын ала есептеулер бойынша, жылжымалы құрамды дайындау бір жылдан екі жылға дейін уақыт алады.

Алматылық LRT қай жерден өтеді?

Ұзындығы 18,3 шақырым болатын LRT-ның бірінші желісі Алатау ауданының индустриялық аймағын Алматы-2 теміржол вокзалымен байланыстырады. Маршрут Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерімен, одан әрі Абылай хан даңғылымен "Райымбек батыр" көлік-ауыстыру торабына дейін өтеді.

Желі толығымен жерүсті болады – эстакадалар салу жоспарда жоқ.

Бұған дейін желіде тиісті нысандардың қарастырылғаны хабарланған болатын. 34 жолаушылар платформасы қарастырылған: 12 аралдық және 22 жағалаулық типте. Табан ені 1435 миллиметр болмақ.

Төле би көшесінде 4 аралдық және 15 жағалаулық станция орналасады. Момышұлы көшесінде 5 аралдық және 5 жағалаулық станция қарастырылған. Абылай хан даңғылында 3 аралдық және 2 жағалаулық станция пайда болады. Пойыздардың максимал жылдамдығы қандай?

Басқармадағылар пойыздар сағатына 65-70 шақырымға дейін жылдамдық ала алатынын хабарлады. Әрбір 700 метр сайын аялдамалардың болуына байланысты орташа жылдамдық сағатына 30-35 шақырым болады.

Бұған дейін жылжымалы құрамның 285 жолаушыға дейін тасымалдай алатыны хабарланған еді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 17:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары