Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Иранды не күтіп тұр?

Иранды не күтіп тұр?

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Иранның төбесіне қара бұлт үйірілді. Елдегі жаппай наразылықтар кезінде адам құқықтарының бұзылуына байланысты Еуроодақ Ислам республикасының әскерін лаңкестік ұйымдар тізіміне қосты. 

Бұдан бөлек, Иран мен АҚШ-тың арасы қайта ушыға түсті. BBC сарапшылары: «Иран Венесуэланың тағдырын қайталауы мүмкін», - дейді. Мәселе ядролық бағдарлама төңірегінде. Сарапшылардың дабыл қағуы орынды.

Бұған дейін Дональд Трамп Тегеран Вашингтонмен келісімге келмесе, әскери соққы жасайтынын айтқан еді. Ал бес қаруы сай «Алып армаданың» Иран аумағына жақындап қалғанын ескерсек, Ақ үй басшысы ойындағысын жүзеге асыруға шындап кіріскен тәрізді. Сонымен бұл «Армада» нендей құдыретке ие? АҚШ расымен шабуыл жасаса, Иранның жағдайы не болмақ?

Д. Трамптың шыдамы таусылды  

Трамп Иранды әбден тығырыққа тіреді. Ядролық бағдарлама жөнінде келісімге тездетіп келуін талап етіп, қыспаққа алып жатыр. АҚШ Иранның бағдарламадан бас тартқанын қалайды. Өйткені осы арқылы Тегеран ядролық қаруға ие болады деп қауіптенеді. Бұл өз кезегінде АҚШ-тың Таяу шығыстағы, яғни, маңызды стратегиялық аймақтағы ықпалын әлсіретеді. Бұл Вашингтон үшін тиімсіз. Деректерге сүйенсек, қазір АҚШ-тың Таяу Шығыста сегіз тұрақты әскери базасы және оннан астам уақытша базасы орналасқан. Сарапшылар ондағы жеке құрамның саны 40-50 мың адамға дейін баратынын айтады.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Былтыр маусым айында біз «Түнгі балға» операциясы кезінде Иранның ядролық әлеуетін жойдық. Мұны өз көздеріңізбен көордіңіздер. Халық мұны 22 жыл күтті. Бұлай жасауға міндетті болдық. Қазір Иранға тағы бір керемет армада беттеп барады. Сондықтан Иран бір мәмілеге келеді деп үміттенемін. Олар келісімге баяғыда-ақ келуге тиіс еді.

Алып Армаданың құдыреті

Кейінгі екі аптада Құрама Штаттардың Иран маңындағы әскери белсенділігі артты. Ең мықты деген күштерін жіберіп жатыр. Би-Би-Си басылымының мәліметтеріне қарағанда, қазірдің өзінде Иранға жақын жатқан Қатардағы Әл-Удейд ірі әуе базасына келген әскери ұшақтар саны көбейді. Бахрейндегі Халифа бин Салман портында минатасушы мен әскери кемелер, Иорданиядағы Муваффак Салтиде 15 жойғыш ұшақтар орналасқан. Ал адуынды армада Таяу Шығыс аймағына кіріп, Иранға қарай беттеп барады. Бұл АҚШ-тың үлкен әскери-теңіз флоты. Ұзындығы 332 метр ұшақтасушы әлемдегі ең қуатты кіші ядролық реакторлы қозғалтқыштың бірі саналатын УестингХаус жүйесімен жарақтанған. Флот 90-ға жуық әскери ұшақ пен тікұшақты тасуға қабілетті. Сондай-ақ оның құрамында үш минатасушы мен Томогафк қанатты зымырандары бар. Бұл зымырандар 1600 шақырымдағы нысандарды жоя алады. Осындай қуатқа ие кемедегі күштер құрлық пен теңіздегі кез келген нысанды жермен-жексен етуі мүмкін.

Иран шегінер емес

АҚШ әскері Иранды қоршап, Трамп қанша сес көрсетсе де, Тегеран шегінер емес. Кез келген уақытта шүріппені басуға дайын. ((КТМ)) Елдің сыртқы істер министрі қажет болса, құрлықта ма, әлде теңізде ме, маңызды емес -- ең қатаң түрде жауап береміз деп қайырды. Дегенмен, жағдайды ушықтырып, соғыс ашуға құлқы жоқ тәрізді. Мәселенің барынша бейбіт жолмен шешілгенін қалайды. Иран әу бастан өзінің ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатта қолданатынын айтып, ядролық қару жасау мүмкіндігін жоққа шығарып келеді. Сондықтан Вашингтонның әскери қоқан--лоқы көрсетуі халықаралық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді дейді.

Аббас Аракчи, Иранның Сыртқы істер министрі:

- Біздің ұстанымымыз айқын. Келіссөздер қоқан-лоқы арқылы өтуі мүмкін емес. Әскери күш көрсету аймақтағы тұрақсыздыққа әкеледі. Иран ғана емес, күллі Таяу Шығыс елдері бұған қарсы. Біздің тарапымыздан келіссөз жүргізуге ұсыныс жасалмады. Әзірге, ешқандай шешім қабылданған жоқ.

АҚШ шын мәнінде шабуылдайтын болса, Иранның жағдайы не болмақ деген сұрақ туыныдайды. Шетелдік сарапшылардың болжауынша, әскери-әуе және теңіз күштері Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери базаларына жоғары дәлдікпен соққы жасауы мүмкін. Корпустың бақылауындағы «Басидж» әскерилендірілген жасақ пен Иранның ядролық бағдарламасы, баллистикалық зымырандардың сақталатын жерлері нысанаға алынбақ. Дегенмен билік орнынан кетіп, нәтижесінде мемлекетте демократия орнауы екіталай. Қазіргі режим сақталып, бірақ саясатын әлдеқайда жұмсартуы да мүмкін. Мұны «венесуэлалық модель» деп атауға болады. Ислам республикасы Таяу Шығыстағы қарулы топтарды қолдауын тоқтатуға мәжбүр болады. Оның ішінде ХАМАС пен Хезболла да бар. Сондай-ақ, әрине, ядролық бағдарламадан өз еркімен бас тартуға тиіс болады. Бұдан өзге қазіргі режим құлап, оның орнын әскери диктатура алмастыруы мүмкін деген пікірлер бар. Қазіргі ең ықтимал нұсқа осы дейді мамандар.

Дегенмен АҚШ-тың іс жүзінде соққы жасау мүмкін-мүмкін еместігі әлі белгісіз. Айта кету керек, қазір Ирандағы саяси-экономикалық жағдай шатқаяқтап тұр. Ұлттық валюта құлдырап, бір айдан бері елді жаппай наразылықтар жайлаған. Мыңдаған адам қаза болды. Иран риалы рекордтық төмен деңгейге түсіп, бүгінде бір долларға шаққанда 1 миллион 100 мың риалға құлдырады. Ал Еуроодақтың Иран әскерін лаңкестік ұйым деп тануы жығылғанға жұдырық болды әрине.

 
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары