Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

Ең бастысы жұрт амандығы

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

Digital Qazaqstan: Білім жүйесін не күтіп тұр?

Digital Qazaqstan: Білім жүйесін не күтіп тұр?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Коллажды жасаған – Гүлмария ӘШІМХАНҚЫЗЫ, «EQ»

– Жасанды интеллектінің жаппай енгізілуі ең алдымен білім жүйесінен білінеді. Бұл өзгеріс ұстаз бен шәкірт өмірінде  қалай байқалады?

 

Асыл Түймебаев:

– Бағдарлама мазмұнынан байыптайтынымыз, бар балаға бірдей тәсілмен білім беру бірте-бірте шабандай бермек. Есесіне жасанды интеллект әр оқушыға жеке даму бағытын ұсынады. Мысалы, математикаға қабілеті жоғары балаға сараптамалық сананы өсіретін жаттығу дайындалса, әдебиетке құштар балаға шығармашылық дағдысын дамытатын тапсырма әзірленеді. Ал ата-анаға нендей пайда дейсіз ғой? Олар мұғаліммен бірге оқу үдерісін бақылай алады, сонымен қатар баласының талантын ерте тануға мүмкіндік алады. Ұстаздар шәкірті туралы деректерді барынша тез әрі анық талдап, таразылайды.

Салтанат Қозғанова:

– Аталған жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін оны қолдана алатын мамандар да қажет. Сондықтан стратегияда жасанды интеллект саласындағы кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінген. Бұл жұмыс тек жоғары оқу орындарымен шектелмей, өңірлік IT-мектептер мен білім беру орталықтарын да қамтиды. Мақсат – жасанды интеллектіні тек тұтынатын емес, оны әзірлеп, білім беру үдерісінде тиімді пайдалана алатын мамандар буынын қалыптастыру. Сонымен бірге 2029 жылға қарай халықтың кемінде 20 пайызы генеративті жасанды интеллект құралдарын меңгеруге тиіс. Бұл технологиялардың күнделікті өмірге де, білім беру жүйесіне де кеңінен енуіне жол ашады. Яғни алдағы жылдары мектептер мен оқу орындарында цифрлық технологияларды пайдалану ауқымы кеңейіп, білім беру жүйесі әр баланың қабілеті мен жеке ерекшелігіне бейімделе түседі.

Нұржан Мұхтарұлы:

– Әрине, мұның бәрі жақсы. Бірақ тепе-теңдік сақтау ләзім. Жасанды интеллект балаға оқу бағдарын ұсынса, ата-ана мен ұстаздар тәрбие бермейді деген сөз емес. Бәрібір де барлық игіліктің алтын өзегі – адам. Бұрын да солай болған, келешекте де осылай қалуға тиіс. Біздің болжауымызша, жасанды интеллект дамыған сайын, адамзат табиғи интеллектіні қадірлей түседі. Кезінде жасанды тамаққа жапа-тармағай жабысқан қоғам, одан біршама зиянын шеккеннен кейін, табиғи өнімдерді тұтынуға ауысты. Ит басына іркіт төгіліп жатқан заманда қымыз-шұбатты тегін алатын жұрт енді оны қымбат бағаға сатып алып жүр. Сол секілді ендігі уақытта роботтың емес, адамның қолынан шыққан өнімдерге сұраныс күрт артады деп сенемін.

 

Құндыз Мақсұтова:

– «Digital Qazaqstan» стратегиясының маңызды нәтижесінің бірі – білім алудағы теңсіздікті азайту. Білім сапасы көбіне оқушының қабілетіне емес, оның қай жерде тұратынына, қандай мектепте оқитынына немесе қандай ресурстарға қол жеткізе алатынына тәуелді болып келеді. Цифрлық технологиялар осы айырмашылықтардың әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Қарапайым тілмен айтсақ, ауылдағы оқушы мен қаладағы оқушы­ның білім алу мүмкіндіктері бір-біріне жақындай түседі. Екеуі де бірдей цифр­лық платформаларды, онлайн курстарды және жасанды интеллект негізіндегі оқу құралдарын пайдалана алады. Бұл білімге қолжетімділікті арттырып қана қоймай, білім сапасындағы алшақ­тықты да қысқартуға ықпал етеді. Біздіңше, стратегиядағы ең маңызды өзгеріс­тердің бірі осы. Өйткені техноло­гия­ның негізгі міндеті  – жаңа құрал ұсыну емес, әр балаға өз әлеуетін ашуға мүм­кін­дік беру. Соның нәтижесінде білім беру жүйесі біркелкі оқытудан оқушының жеке ерекшеліктерін ескеретін модельге біртін­деп ауысады.

Біржан Ахмер:

– «Digital Qazaqstan» страте­­ги­­­­­­­­­­­­­я­­­сы – білім беру философиясының терең трансформациясы. Қарапайым қатысушыларға бұл ең алдымен жекелеген білім беру кеңістігін ашады. Оқушы үшін жасанды интеллект – бұл өз бетінше ізденуге, қиналған тақырыбын қайталап түсіндіруге, шы­ғар­машылық жобаларын дамытуға көмек­тесетін виртуалды тәлімгер. Мұғалім үшін бұл – уақытты үнемдейтін, сабаққа дайындықты жеңілдететін,  оқушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалауға мүмкіндік беретін сенімді серіктес. Ал ата-ана баласының үлгеріміне тек баға арқылы емес, оның қандай дағды­лары да­мып жатқанын көре алатын ашық цифр­лық бақылау арқылы куә болады. Ал­дағы бірнеше жылда бұл үдеріс­тер қалыпты жағдайға айналып, білім беру жүйесі теориядан нәтижеге бағыт­талған үлгіге көшеді. Сондықтан алдағы жылдары мектептегі басты өзгеріс технологияның көбеюінен емес, оқыту тәсілінің өзгеруінен байқалады. Білім беру жүйесі дайын ақпаратты жаттатудан гөрі, оны түсініп қолдана алатын тұлға қалыптастыруға көбірек ден қояды. 

– Сөздеріңізден жасанды интеллект білім алудың аясын кеңейтеді деген пайымды аңғардық. Бірақ ел ішінде  ЖИ-ге иек артқан оқушы өз бетімен ойланбай қалады деген алаңдаушылық та бар. Бұған не дейсіздер? 

Асыл Түймебаев:

– Жасанды интеллект – ең алдымен көмекші құрал. Ол мұғалімнің тәжірибесін, педагогикалық шеберлігін немесе адаммен тікелей қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Мұғалім оқушыны тәрбиелейді, ынталандырады, бағыт береді, сыни ойлауға үйретеді. Бұл міндетті технология толық атқара алмайды. Өйткені ЖИ-ді жүгенсіз пайдалану белгілі бір қауіп туғызуы мүмкін. Егер оқушы барлық тапсырманы жасанды интеллектіге орындатып қойса, оның ойлау, талдау, шығармашылық қабілеттерінің дамуы тежеледі. Сондық­тан негізгі қағида – ЖИ-ді дайын жауап алудың емес, білім алуға жәрдемші ретінде пайдалану. Мектеп оқушыларына жасанды интеллектінің этикасын үйрету маңызды.

Осыған байланысты былтыр Ы.Алтын­сарин атындағы Ұлттық білім ака­демия­сының сарапшыларымен бір­лесіп, білім беру саласының цифрландыру жағдайында академиялық адалдық қағи­даттарын сақтауға бағыт­талған әдіс­те­мелік ұсынымдар жобасын әзірледік. Аталған құжат оқу үдері­сін­де жасанды интеллект технология­ларын қолдану ережелерін реттеуге бағыт­тал­ған. Ол ЖИ-құралдарын пайдалану кезінде жауап­кершілік қағидаларын айқын­дап, оқушылар мен педагогтердің акаде­мия­лық адалдықты сақтауына көмек­те­се­ді. 

Салтанат Қозғанова:

– Әріптестерімнің сөзімен келісемін. ЖИ құрал болуға тиіс. Осындай талқының болуы да әбден заңды. Тарихқа үңілсек, кітаптың пайда болуы да, интернеттің келуі де осындай пікірталас тудырған. Бірақ технология білімнің мәнін өзгерткен жоқ, тек оны жеткізу тәсілін өзгертті.

Біздіңше, басты мәселе – жасанды интеллектіні құр қолдану емес, оны сарабдал санамен пайдалану. Егер оқушы кез келген жауапты көшіріп алса, бұл мәселе технологияда емес, оқу үдерісінде жатыр. Ал егер ол ЖИ көмегімен ақпарат жинап, оны талдап, салыстырып, өз қорытындысын шығарса, онда бұл білім сапасын арттыратын құралға айналады. Сондықтан мұғалімнің рөлі әлсіремейді, керісінше өзгереді. Бұрын педагог ақпараттың негізгі көзі болса, енді ол оқушыны ақпаратты дұрыс таңдауға, тексеруге, түсіндіруге бағыттайтын тәлім­герге айналады.

Жасанды интеллектінің шекарасы да осы жерде. Ол көмек бере алады, бірақ адамның орнына шешім қабылдамауы керек. Ол білім алуды жеңілдете алады, бірақ оқушының дербес ойлауын алмастырмауға тиіс. Сондықтан білім беру жүйесіндегі негізгі қағидат – «адам басқарады, технология көмектеседі» деген ұстаным болып қала береді. 

Нұржан Мұхтарұлы:

– Бүгінде кез келген оқушы өте күрделі есептің жауабын бірнеше секундта та­уып ала алады. Бірақ бұдан гөрі алынған ақпараттың қаншалықты дәл екенін ажырата білу маңызды. Сондықтан мектептің міндеті тек білім беру емес, ақпаратпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға да бағытталуы керек. Деректің  ақиқаттығын анықтай білу жаңа заманға ең қажет қасиет. Сол себепті алдағы жылдары медиасауат, цифрлық сауат және ақпаратты сыни бағалау дағдылары білім беру жүйесіндегі негізгі құзыреттердің біріне айналады. 

Құндыз Мақсұтова:

– Жөн сөз, кез келген технологияны тиімді немесе тиімсіз ететін – оны қолдану мәдениеті. Бұл бағытта зерттеуге негізделген оқыту (inquiry-based learning) мен мәселені шешуге негізделген оқыту (problem-based learning) әдістері ерекше маңызға ие. Біз білім беруді – ақпарат ұсынумен шатастырып алғандаймыз. Асылында, олай емес қой. Ол – тәрбие беру, ынталандыру, шабыттандыру, тұлғаның құндылықтарын дамыту, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үдерісі. Мұндағы адамның орнын еш технология алмастыра алмайды. Жасанды интеллектінің рөлі – мұғалімнің көмекшісі болу. Ол оқу материалдарын бейімдеуге, білімдегі олқылықтарды анықтауға, жеке оқу траекториясын құруға көмектеседі. Ал түпкілікті шешім қабылдау, бағыт беру және тұлға тәрбиелеу қызметі әрқашан мұғалімнің құзырында қалуға тиіс. Сондықтан жасанды интеллект пен мұғалім бір-біріне бәсекелес емес, білім сапасын арттыруға бағытталған серіктестер ретінде қарастырылуы қажет. 

Біржан Ахмер:

– «Оқушы ойланбай қалады» деген алаңдаушылықтың орынды тұстары бар, бірақ бұл ЖИ-дің кінәсі емес, біз қолданып отырған тапсырмалардың ескірген түрінде. Егер біз оқушыдан тек дайын жауапты талап етсек, ЖИ оны бір секундта орындап береді. Ал егер біз «Абай шығармашылығындағы хакім бейнесін қазіргі қоғаммен салы­­­­­­­­­­­­­­­­­­с­тыр» немесе «өлеңнің құрылымын талдап, өзіңнің эмоционалдық жауабыңды жаз» деген секілді аналитикалық тапсырмалар берсек, ЖИ оқушының ойлау үдерісін тереңдететін катализаторға айналады. ЖИ-ді қолданудың шекарасы – академиялық адалдық пен этикалық нормада. Технологияны біздің орнымызға ойлау үшін емес, біздің ойлау деңгейімізді жоғарылату үшін пайдалануымыз қажет.

Осы стратегия аясында әзірленген «Қазақ тілін оқытуда жасанды интел­лек­тіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар (5-9-сыныптар)» және «Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдары (5-9-сыныптар)» мұғалімдерге технологияны күнделікті жұмыс құралына айналдырудың нақты жол­дарын ұсынады. Біз осы әдістемелік ұсы­ным­ды дайындауға тікелей атсалыс­тық. 

– Құжатта технологиялық теңсіз­дік, инфрақұрылым сапасы және кадр даярлығы туралы айтыл­ған. Цифрлық білім бәріне бірдей қол­же­тім­­ді болуы үшін ең алдымен нені шешу керек? 

Асыл Түймебаев:

– Кез келген өзгерісті біз ең алдымен педагогтерді даярлаудан бастаймыз. Бұл жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Өткен жылы еліміздің 260 мыңнан астам педагогі жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша оқудан өтті. Осы жылы барлық мұғалім осы бағытта біліктілігін арттырады. Ең озық технологияның өзі оны тиімді қолданатын маман болмаса, күткен нәтижені бер­мей­ді. Сондықтан инфрақұрылымды дамыту мен педагогтердің біліктілігін арттыру қа­тар жүруі қажет.

Рас, елдегі қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы бар. Сондықтан Президент Жарлығы аясындағы жұмыстар ең алдымен ауыл мектебінде, әсіресе шағын жинақты білім ошағында басталады. Өйткені заманауи білім беру технологияларына дәл осы мектептердің сұранысы жоғары. Цифрлық білімнің қолжетімді болуы ең алдымен сапалы инфрақұрылымға байланысты екені ақиқат. Әрбір мектеп тұрақты интернетпен, заманауи құрылғылармен және қажетті цифрлық платформалармен қамтамасыз етілуі керек. Сол мақсатта алдағы 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарының 10 мектебінде қанатқақты жобамыз іске қосылады. Кейінірек оған тағы 50 мектеп қосылады, ал алдағы уақытта олардың саны кезең-кезеңімен 500 мектепке дейін жеткізіледі. Ал 2029 жылға дейін барлық 2654 шағын жинақы мектептерді қамту жоспарда тұр. 

Салтанат Қозғанова:

– Цифрлық білім бәріне бірдей қол­жетімді болуы үшін үш бағыт қатар жүруі керек. Біріншісі – әріптесім атап өткендей, сапалы цифрлық инфрақұрылым. Екін­шісі – мұғалімдердің цифрлық құзы­рет­терін дамыту. Үшіншісі – өңірлердегі балалардың заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау. Осы мақсатта стратегияда академиялық ортамен қатар өңірлік IT-мектептерді дамыту және жасанды интеллект саласындағы кадр­лар­ды кеңінен даярлау көзделген. Егер ауыл­дағы оқушы да қаладағы құрдасымен бірдей цифрлық ресурстарға, сапалы интернетке және заманауи білім беру құралдарына қол жеткізе алса, сонда ғана цифрландырудың нақты нәтижесі туралы айтуға болады. Сондықтан біздің мін­детіміз – технологиялық мүмкін­діктерді бірнеше ірі қалада ғана шоғыр­лан­дырмай, елдің барлық өңіріне жеткізу. 

Біржан Ахмер:

– Цифрлық теңсіздік мәселесін шешу үшін инфрақұрылымнан бұрын оны игеру мәдениетін қалыптастыру шарт. Қала мен ауыл мектебі арасындағы алшақтықты жоюдың алғашқы қадамы – мұғалімнің цифрлық құзыреттілігін көтеру. Біздің әзірлеген әдістемелік ұсынымдарымыздың басты мақсаты да осы – ауыл мұғаліміне интернеттегі күрделі ресурстарды емес, ЖИ көмегімен сабақ жоспарын тез жасап, оқушыларға жеке тапсырмаларды қалай дайындауға болатынын қарапайым тілмен түсіндіру. Технология барлығына қолжетімді болуы үшін білім беру мазмұнын «жеңілдету» емес, оны әрбір мектептің ресурс көзіне қарай икемдей білетін әдістемелік қолдау жүйесін құру өте маңызды.

 

Дөңгелек үстелді дайындаған –

Абзал МАҚАШ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:42
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Маусым 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

18 Маусым 2026 23:29see141

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

18 Маусым 2026 22:08see124

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

18 Маусым 2026 22:19see123

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

18 Маусым 2026 22:20see121

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

19 Маусым 2026 14:57see120

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

18 Маусым 2026 22:19see120

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

19 Маусым 2026 14:01see119

Ең бастысы жұрт амандығы

19 Маусым 2026 10:39see119

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

19 Маусым 2026 11:18see118

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

19 Маусым 2026 18:35see118

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

18 Маусым 2026 23:28see117

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

18 Маусым 2026 23:29see117

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

19 Маусым 2026 10:37see117

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

19 Маусым 2026 12:54see116

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

19 Маусым 2026 10:45see116

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

18 Маусым 2026 23:31see116

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

18 Маусым 2026 23:31see115

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

19 Маусым 2026 10:27see114

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

18 Маусым 2026 22:56see113

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

19 Маусым 2026 15:15see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары