Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 2006 жылы құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының (ӘКК) алдына шағын кәсiпкерлiктi дамыту, әлеуметтiк жобаларды iске асыру, iшкi нарықты бәсекеге қабiлеттi өнiмдермен қамтамасыз ету арқылы өңiрлердiң әлеуметтiк жай-күйiн жақсарту міндеті қойылған еді. Алайда арада өткен жиырма жылға жуық уақыт ішінде ӘКК-лердің тұрақтандыру қорларының көмегімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектен тыс қымбаттатпай ұстап тұруға және шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысы мардымды нәтиже берген жоқ. Оған аспанға шарықтап кеткен азық-түлік бағасы айғақ.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «ЕQ»

Мемлекет басшысы 2021 жылы ӘКК-лердің құзыретіне жатпайтын әрі маңызы төмен активтерді алып тас­тау және оларды жергілікті бизнестің бәсекелесіне емес, сенімді серіктесіне айналдыру жөнінде нақты міндет қойған еді. Соған сәйкес Үкімет ӘКК-лерді дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеп, оны 2021 жылғы 4 тамыздағы №520 қаулысымен бекіткен болатын. Осы құжатта ӘКК-лердің көбінің қызметі үнемі шығынды болғаны, кейде олардың тарапынан бизнеске бәсекелестік жасамау туралы басты қағидат бұзылып, мұның аяғы нарықтағы бұрмалауларға алып келгені айтылған. Сол себепті кәсіпкерлер ӘКК-лерді өңірлік билік тарапынан жасалатын артықшылықтары бар, әрі адал бәсекелестікке кедергі келтіретін құрылымдар деп санайтынын білдірген.

Аталған кешенді жоспарда ӘКК-лерді өңірлік даму институттары етіп трансформациялауға, олардың қызметі өңірлер экономикасының орнықты жұмыс істеуіне қолдау көрсетуге, өздеріне басқаруға берілген активтерді тиімді басқаруға, жұмысы ашық болуына бағытталған іс-шара­ларды жүзеге асыру көзделген еді. Өкінішке қарай, «Ұлттық компания» деген дардай атауы бар ӘКК-лер өздері­нің құрылтайшысы саналатын Үкіметтің кешенді жоспарын орындап жарытқаны шамалы. 

Тіпті заңды белден басып, сыбайлас жемқорлыққа ұрынған ӘКК-лер де бар. Мысалы, 2022 жылғы жазда елімізде қант бағасы күрт қымбаттап, тұтынушылар наразылығы туын­даған кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай облысында бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкерелеген. Нақты айтсақ, облыстық әкімдік пен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері тұрақтандыру қорынан қанттың килосын өздері таңдаған кәсіпкерлер­ге 420 теңгеден берген. Сол үшін кәсіпкерлер облыстық әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 килоға дейін қант үлестірген. Ал қарапайым халыққа қантты бекітілген 10 пайыздың орнына, 100 пайыз үстеме бағамен сатып, оңай пайда тапқан. Сол жылғы күзде Антикор Астана қаласының және Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының «Astana», «Тараз», «Сарыарқа», «Солтүстік» ӘКК-лері заңды тұлғаларға 33 жер телімін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген инвестициялық  жобаларды іске асыру үшін қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, рәсімдеп бергенін анықтаған. Нәтижесінде, заңсыз берілген жер телімдерінің барлығы мемлекет меншігіне қайтарылған.

Биыл Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) жүргізген мемлекеттік аудит  ӘКК-лер жұмысындағы елеулі кемшіліктер әлі жойылмағанды­ғын көрсетті. ЖАП төрағасы Әлихан Смайыловтың пікірінше, Ұлттық экономика министрлігі ӘКК-лер жұмысында тәртіп орнатуға тиіс. Олардың нақты немен айналысуы керек екенін анық­тап, бірыңғай ұстаным әзірлеу қажет. «ӘКК-лер өңірлерде өздері дұрыс деп тапқанның бәрін істеп жатыр. Көп жағдайда бұл тіпті Кәсіпкерлік кодекске қайшы келеді», деп мәлімдеді Ә.Смайылов.

Кейінгі 5 жылда ӘКК-лерге жалпы сомасы 528 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты берілген, соның ішінде 288 млрд теңгеден астамы кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге арналған. Алайда ӘКК-лер өңірлердің дамуына әсер ететін инвестициялық жобаларды іске асырудың орнына өздеріне түскен қаражатты банктегі депозиттерге салып, оңай жолмен пайда табуға тырыс­қан. Бұған қоса, мемлекеттік қаржылан­дыру жылдан-жылға ұлғайтылғанына қарамас­тан, ӘКК-лер шығынмен жұмыс істейді. Оның жалпы сомасы 2020 жылмен салыс­тырғанда 2025 жылдың басында 7 есе көбейіп, 209 млрд теңгеден асып түскен.

Аудиторлар ӘКК-лер жеке кәсіп­керлерге қолдау көрсету арқылы таза коммерциялық жобаларға жиі қаты­сатынын атап көрсеткен. Мәселен, «Ертіс» ӘКК инвестициялық жобалар деген атаумен 16,6 млрд теңгеге коммерциялық тұрғын үй құрылысын іске асырып жатыр. Мұнда 3,3 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталды. «Aqjaiyq» ӘКК-ге инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері берілген. Алайда олар игерілмеген немесе басқа коммерциялық мақсаттарға қайта бағдарланған. «Ақтөбе» ӘКК кейінгі 3 жылда жалғыз жеке компанияның ғана өндірісін кеңейту үшін несие берген. Ол мемлекеттен жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеге қарыз және субсидия алған. Қаражат бұзушылықтармен әрі кепіл алмастан берілген. «Бақсам, бақа екен» демекші, ӘКК қаржыландыратын жобаларды іріктеу жөніндегі комис­сияның құрамында сол компанияға қатысы бар тұлға бар болып шыққан.  «Семей» ӘКК жобаларды қаражатты тез игеру үшін тиісті бағалаусыз және талдаусыз іріктеген. «Солтүстік» ӘКК-нің бірлескен кәсіпорындар құру жұмысы тиісті нәтиже бермей, шамамен 1 млрд теңге мемлекет қаржысы желге ұшқан. Мұнда бейінді емес активтерді ұстау­дан ғана 610 млн теңге көлемінде шығын келген. Соның ішінде бұдан бірнеше жыл бұрын жекеменшіктен сатып алынған жергілікті «Первый Северный» телеарнасы да бар. Кейін ӘКК оны аукционға салса да өткізе алмай немесе Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) әкімдігінің муниципиалдық телерадиоком­па­ния­сымен біріктірмей, әлі күнге бюджет есебінен қаржыландыру­ды құп көріп отыр. Бұл ретте СҚО әкімдігі «Қазақстан» республикалық теле­радиокорпорациясының  облыстық филиалына қарасты «Қызылжар» телеарнасына да мемлекеттік тапсырыс беріп, үш бірдей телеарнаны ұстауға жүздеген миллион теңге бюджет қаржысын жұмсап отырғанын айта кету керек. Мұндай «пиаршылдық» өзге өңірлердің ешқайсысында жоқ.

Мемлекеттік аудит барысында ӘКК-лердің жалпы сомасы 138 млрд теңге қаржылық бұзушылықтарға жол бер­гені, 33,6 млрд теңге бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдаланғаны анықталды. ЖАП 14 факт бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауды ұйғарды.

Дегенмен осы салада сең қозғал­ған сыңайлы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет қазір  «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға ӘКК-лердің активтерді басқару, жеке бизнес­пен әріптестік бойынша  жобаларды іске асыруға қатысты функцияларының толық тізбесін жасау, жобаларды іріктеу және іске асыру қағидаларын, кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл тетігін айқындау арқылы олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар әзірлеп жатыр. Олар ӘКК-лерді қайта форматтап, толыққанды даму институттарына айналдыру мақсатын көздейді. 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары