Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

Қуатты Қазақстан ­­құру міндеті

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

Басым міндеттер айқындалды

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

Илон Маск әр сағат сайын 1 миллион долларын пешке жағып отырса да, оның 1 триллион долларлық байлығы 114 жылға жетеді

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

Президент Моринари Ватанабэ мен Абдулрахман Әл Шатриді Достық орденімен марапаттады

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

Алаш тұлғасының қаламгерлік бастауы

Алаш тұлғасының қаламгерлік бастауы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан қоғамдық-саяси қызметімен қатар журналистикаға да елеулі үлес қосты. Оның алғашқы мақалалары 1880 жылдардың соңынан жариялана бастады. Петербордан жоғары білім алып Омбыға оралған соң, осы қаладағы басылымдарда қызмет етіп, қазақ халқының өзекті мәселелерін жариялай бастады.

Әлихан Бөкейхан 1895–1897 жылдары Омбыдағы «Степной край» газетінде қызмет істеді. Газет 1893 жылғы 1 шілдеде «Степной листок» деген атпен оқырман­ға жол тартты. Бұл Омбыдағы алғашқы бейресми тәуелсіз газет еді, аптасына 2 рет шығып тұрды. Газеттің алғашқы редакторлары – К.Голодников, И.Сунгуров, П.Яшеров. 1895 жылы газет атауы «Степной край» болып өзгеріп, саяси жер аударылғандар үйірмесі мен жергілікті зиялылардың төл басылымына айналды. Осы кезде газетке редактор болып доғарыстағы генерал-майор Иван Соколов келді. Ол газетті 1895–1898 жылдары басқарды. Басылым жаңару идеясын насихаттап, өңірдегі жұмысшы, қарапайым халық мәселелерін жиі жариялай бастады. Сонымен қатар газетте қоғамдық-саяси, қаржы та­қырыбындағы мақалалар, фельетондар, әдеби шолулар, Сібір мен басқа да өңірлерден шығатын басылымдарға шолулар жазылды. Сондай шолулардың біразын Әлихан да жазды. Ресейдің саяси, тарихи мемлекеттік музейі қорында сақталған «Степной край» газетінің ұжымы бейнеленген суретте Әлихан үшінші қатарда сол жақтан төртінші тұр. Сондай-ақ осы суреттен әріптесі әрі болашақ қайын атасы Яков Севастьяновты да көруге болады. Әлихан 1901 жылы Яковтың Елена деген қызына үйленеді.

Әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлының пікірінше, қайраткер жалпы 30-дан астам бүркеншік есіммен мақала жазып тұрған. «Омбыдағы «Степной край» және «Иртышъ» газеттерінде, сондай-ақ Семейдегі «Семипалатинскій лис­токъ» газетінде «Читатель» деген бүркеншік атпен жарияланған барлық материалдың артында Әлихан Бөкейхан тұр» дейді ол. Біз Алаш қайраткерінің 160 жылдық мерейтойы қарсаңында оның «Степной край» газетінде жазылған мақалаларына шолу жасап көрдік. Әлихан газеттегі мақалаларын Читатель, V және А.Букейхановъ деген есімдері­мен жазған. Читатель бүркен­шік есімімен түрлі басылымдар­ға шолу жасаған. Әлиханның шолулары «Заметки читателя» деген айдармен жарияланып отырған. Газеттің 1985 жылғы №86 санында Читатель былай деп жазады: «Новости» газеті мынадай қате хабар жариялады: «Дала генерал-губернаторының бастамасымен Қостанайда орыс-қазақ прогимназиясы ашылады деп жазған еді. Сірә, олар не Қостанайды Дала өлкесіне жатқызған, не Дала генерал-губернаторын Торғай облысына қарайды деп ойлаған болар. Алайда біреу оларды жөнге салса керек, «Новости» қайтадан хабарлап, Қостанайдағы орыс-қазақ прогимназиясы Дала генерал-губернаторының емес, Торғай губернаторы Барабаштың мырза өтініші бойынша ашылатынын жазды, кеше біздің айтқанымыздай болды. Географияға мұқият болған жөн».

Сондай-ақ газеттің осы санында Читатель «Восточное обоз­рение» басылымына шолу жасап, Рим, Қытай және Кореяның одақ құрудағы тарихына тоқталса, ба­сылымның №88 санында «Русские ведомости» газетінде жариялан­ған Тула губерниясы мектептерін­дегі «егер мұғалім үйленетін болса, басшысының рұқсатын алу қажет», «үйлі-баранды мұға­лімдер отбасына адал болу керек» деген секілді мұғалімдерге қо­йылған талаптарды сынға алады. Сонымен қатар Әлихан осы санда «Тургайская газета» басылымында жарияланған украин ақыны Тарас Шевченконың Орынбордағы ке­зе­ңі жайлы оны жақсы танитын жан жазған мақалаға шолу жасай­ды. «Айдаудың алғашқы күндерін­де Т.Г. қатты мұқтаждық көрді. Сол кезде Орынборда қызмет етіп жүрген ағам оны біздің үйге көшіп келуге шақырды. Алайда ол біздікінде ұзақ тұра алмады. Өйткені сол тұстағы әскери губернатор, күмәншіл әрі сенімсіз адам Обручев поляк текті фамилия иелерінің үйінде Т. Г.-ні қал­дыруды қауіпті деп тауып, оны гауптвахтаға көшіру, кейіннен Орск қаласына аудару туралы бұйрық шығарды» деп жазады Читатель. Сонымен қатар Әлихан «Степной край» газетінің 1896 жылғы №3 санында «Научное обозрение» газетінде жарияланған орыс тіліне аударылған ағыл­шын философы Герберд Спенсер туралы мақалаға шолу жасаса, №25-26 санда «Неделя» газетінде жарияланған Камышин уезінің бұрынғы земск басшысы Жеденов төңірегіндегі дауды талдап жазады.

Газетте Әлиханнның А.Букей­хановъ атымен жарияланған ма­қалалары да бар. Соның бірі – басылымның №39 санындағы «Письмо въ редакцію» деген ма­қала. Ол «Сибирский вестник» газетінде жарияланған Қар­қаралыдан К.Михайловтың жобасын қолдап жазған мақалаға қар­сылығын білдіреді. Себебі автор мақаласында Әлиханды негіз­сіз айыптаған болатын. Әлихан ма­қаласында: «Қарқаралыда және Омбыда оқыған бүкіл уақытым­да әр жаз сайын Далаға барып тұр­дым, төрт жыл (1890–1894) Ресейде болдым, ал 1895 жылы жазда үш ай туған жерімде тұ­рып, тағы да далаға, Тоқырауын өзені бойына сапар шектім», – дей келіп, бірқатар дәлел келтіру арқылы мақала авторының пікірін жоққа шығарады. Айта кетейік, 1896 жылғы 30 қаңтарда өткен Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі мүшелерінің жалпы жиылысында қоғам мүшесі К.Михайлов «Дала өңірінің сауда-өндірістік өмірі» атты баяндама жасап, қазақ жеріне қатысты қате ақпарат келтірген еді. Сол уақытта қазақ даласын бес саусағындай білетін Әлихан Михайловтың уәжін жоққа шығарып, дұрыстаған болатын. «Сибирский вестник» газетіндегі мақала Әлиханның сол сынына қарсы ұйымдастырыл­ғаны байқалады. Алайда Әлихан ­да қарап қалған жоқ, «Степной край» газеті арқылы нақты дәлелдерін ұсынды.

А.Букейхановъ атымен жария­ланған тағы бір мақала газеттің 1897 жылғы №47 жылғы санына «...Молчать! Я отправлю Васъ въ полицію!» деген тақырыппен жарияланды. Әлиханның жазуын­ша, 5 мамыр күні Омбыдағы Бастауыш білімге қамқорлық қо­ғамы мүшелерінің жиылысында Холодов кеңес мүшелігіне кандидаттарды сайлау заңсыз өтті деп айыптаған. «Көпшілікпен бірге мен де осы «заң сақтаушы» мырзамен айтысуға мәжбүр болдым. Оның уәждерінің еш негізсіз, дәлелсіз, құр сөз екенін айтқан ескертпеме ол: «Үніңді өшір! Әйтпесе сені полицияға жіберемін!» – деп жауап қатты. Меніңше, кейбір әрекеттер айқындығы жағынан математикалық аксиомалар­дың бұлтартпас шындығынан кем түспейді және солар сияқты ешқандай түсіндірмені қажет ет­пейді: оларды тек атап өту керек. Мұны мен өз міндетім деп санаймын» деп жазады Әлихан.

Сондай-ақ «Степной край» басылымының 1897 жылғы №29 санындағы «Въ З.С. отд. геогра­фическаго общества» және №38 санындағы «Кто пишетъ «О предметахъ, очевидно, ему мало въдо­­мыхъ?» деген екі мақаланы Әлихан V бүркеншік атымен жазған. Бірінші хабарда Орыс гео­графиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жиылысы өтіп, онда князь Кудашевтің «Ақмола облысын­дағы жылқы шаруашылығы­ның ­жай-күйі» тақырыбында баян­дама жасағаны, сондай-ақ баянда­маға Ящеров, Шмидт, Касаткин, Теккер және Бөкейханның үн қосқаны айтылады. Ал екінші мақалада князь Кудашевтің хатына жауап жазылған. «Қадірлі князь маған реніш білдіріпті. Себебі мен Батыс Сібір бөлімі­нің 18 наурызда оқылған баяндамасы жайлы журналистік хабарымды жазғанда оның мәтінімен таныспаған екенмін. Князь мырза менің баяндама мәтінімен егжей-тегжей танысқанымды қалаған екен. Мен баяндаманы толық оқып шықтым» дей келіп, князь Кудашевті сын садағына алады.

«Степной край» газеті Әлихан­ның журналистік қызметінің б­астауы болды. Орыс баспасөзінде қызмет ету арқылы қайраткер сали­қалы тәжірибе жинап, ке­йін қазақ баспасөзінің қалып­та­суына атсалысты. 1913 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Қазақ» газеті іргетасында да Әлихан Бөкей­ханның еңбегі елеулі. Ол ұлттық баспасөзді дамытуға айрықша үлес қосып, қазақтың алғашқы кә­сіби журналисі қатарында ұлт баспасөзінің қарыштап, дамуына ықпал етті.

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

01 Шілде 2026 17:53see116

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

01 Шілде 2026 15:51see115

Қуатты Қазақстан ­­құру міндеті

01 Шілде 2026 15:54see115

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

01 Шілде 2026 00:02see114

Басым міндеттер айқындалды

02 Шілде 2026 10:49see114

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

01 Шілде 2026 22:48see114

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

30 Маусым 2026 20:27see114

Илон Маск әр сағат сайын 1 миллион долларын пешке жағып отырса да, оның 1 триллион долларлық байлығы 114 жылға жетеді

01 Шілде 2026 16:15see113

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

30 Маусым 2026 21:08see110

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

01 Шілде 2026 19:07see110

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

01 Шілде 2026 07:07see109

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

02 Шілде 2026 15:25see109

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

02 Шілде 2026 09:18see108

Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

30 Маусым 2026 19:09see107

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

02 Шілде 2026 15:22see107

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

02 Шілде 2026 09:22see106

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

02 Шілде 2026 14:09see106

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

02 Шілде 2026 12:03see106

Президент Моринари Ватанабэ мен Абдулрахман Әл Шатриді Достық орденімен марапаттады

01 Шілде 2026 15:52see106

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

02 Шілде 2026 13:43see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары