Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Мың үміттің бастауы

Мың үміттің бастауы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен іс-шарадан шыққан соң, құлағымда Құрман­ға­зының «Адай» күйінің сары­ны саңқылдап тұрды. Әлгінде ғана өзге ұлт балалары аталған күйді орындағанда саусақтарына, сосын домбыраның пернесіне үнсіз назар салып отырғаным рас. Бұрынғыдан басқаша, тіпті әуезді шерткенін де отырған жұрт байқады. Бұндай өнер көрсету үшін өнерпазда таза жүрек болуға тиіс.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бізді талантына тәнті еткен Маң­ғыстау өлкесінен келген Карасу Ахмет Мустафа Бурак пен Ақмола облысының тумасы Сергей Комаров еді. Олар арнайы Астанаға ат басын бұрып, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының «Мың бала» респуб­ликалық мәдени-ағартушылық жобасына қатысуға келіпті. Бұлармен бірге әр облыс пен қаладан көптеген этнос өкіл­дері мемлекеттік тілде ән шырқап, дом­быра шертті. Аталған шараның ең әсер­лі бөлігі – «Өнерлі өрге жүзер» музы­ка­лық байқауы болды. Жеңімпаздар дәс­­түр бойынша Қазақстан халқы Ассамб­­леясының дипломдарымен, баға­лы сыйлықтарымен марапатталды. Биыл­ғы жоба Абай Құнанбайұлының 180 жыл­дығы мен күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды.

Жас дарындар бас қосқан шарада Қызылорда облысының тумасы Тимур Жүсіпов Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін, жетісулық Ксения Дубинская мен Астана қаласының тумасы Вафина Эльмира Құрманғазының күйі «Балбырауынды» орындады. Бұл байқауға олардың барын салып дайындалғаны байқалады. Шыны керек, өнердің бір аты – ізденіс. Ізденіс тоқтаған жерде өнердің қасиеті мен құты қашпақ. Ал мына жас таланттар бірінен-бірі асып, бір сәт санаңды сан түрлі ағыспен тербейді.

Абай облысының тумасы Ева Рома­ненко Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар» әнін тамылжыта орындап, ән авторының ғасырлық тойына өзгеше сый жасады. Туындыны жеткізе орындауы оның болашақта дарынды әнші болатынын дәлелдеп тұрғандай. Бұл іс-шараның тағы бір ерекшелігі, мектеп жасындағы өзге ұлт балаларының патриоттық сезімінің күштілігін көрсете алғандығы. «Туған жер», «Атамекен», «Ұлы қазағым» атты әндер шырқалды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төр­а­ға­сының орынбасары, Президент Әкім­шілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов сөз сөйлеп: «Бұл жоба елі­міздегі келісім мен татулықтың, жас ұрпақ­тың бойындағы достық пен өзара сый­ластықтың айқын көрінісі. «Мың бала» – әр өңірден келген жас дарындарды бір жерде тоғыстырып, мәдениеттер мен дәстүрлердің ортақ құндылығын дәріп­тейтін бірегей жоба. Он жыл бойы ұйым­дастырылып келеді. Жобаға 3 миллионнан астам бала қатысып, 130 мыңға жуық шара ұйымдастырылды. Бұл арқылы мем­лекеттік тілімізді дәріптеуге жол аша­мыз. Осы жобаға қатысып, тұлға бол­ған азаматтар да көп. Солардың іші­нен Сенат депутаты Геннадий Генна­диевич Шиповскихты айтқым келе­ді. Сонымен бірге Алла Гаврина да осы жоба арқылы көрермендер көз­айы­мына айналды. Осындай тұлғалар бү­гінгі қатысушылардың арасынан да шы­ғары сөзсіз. «Мың бала» жай ғана шы­ғар­машылық байқау емес, ұрпақ­тар сабақтастығы мен рухани бір­ліктің мектебі деп білген дұрыс», деді.

Шын­ды­ғында аталған жобаның мақсаты – түрлі этностардың мемлекеттік тілді үйренуге ынталы жас өкілдерін қол­дау, олардың шығармашылық қабілет­те­рін дамыту, достықты нығайтуға үлес қосу.

Іс-шара соңында осы байқауды ұйым­дастырушы тараптың өкілін де сөз­ге тарттық. Қоғамдық келісім мемле­кет­тік мекемесінің бөлім басшысы Елдос Жұмағұлов былай деді: «Бұл – Қазақ­стан халқы Ассамблеясының негізгі жоба­ларының бірі. Ағартушылық жағы да басым. Басты мақсат – этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді, дәстүрімізді, өнерімізді насихаттау. Осы арқылы бірлік идеясын жүзеге асыруды көздедік. Жыл бойы әр өңірде өткізіп, жеңімпаздарды Астанада марапаттаймыз».

Алматы қаласы Жетісу аудандық №101 мектеп-гимназиясының 9 «Б» сынып оқушысы Дильназ Азатова «Ұлы қазағым» атты әнді орындап, бәрімізді таң­дандырды. Ұлты ұйғыр болса да, жүрегі қазақ деп соғатынын дәлелдеген ол: «Бұл ән мені рухтандырады. Сол үшін де мен оны қызығып жаттадым. Мәтініне назар салсаңыз, «Сақ пен ғұннан жалғасқан» деген сөз бар. Бұл қазақ халқының терең тамырлы тарихын айтып тұр. Қызыққаным сонша, бұл әнді екі күнде үйреніп алдым».

Иә, ғаламда татулық пен бірліктен ас­қан ештеңе жоқ шығар. Ғасырлар сарынында біздің өлкемізде сан ұлт пен ұлыс орын теуіп, ұлан-ғайыр қазақ дала­сының құшағында бақыттың бесігін тер­бетті. Осының бәрі мемлекет құрушы ұлт­тың дархан көңілі мен таза жүрегінің лүпі­лінің белгісі. Татулық барда күн де шуақ­ты, ай да ажарлы, Отан да қуатты бола бермек.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары