Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Алаяқтар сіздің ЖСН ге нөмір рәсімдей алады: қалай тексеруге болады және не істеу керек

Алаяқтар сіздің ЖСН ге нөмір рәсімдей алады: қалай тексеруге болады және не істеу керек

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сіздің ЖСН-ге бөгде SIM-карта тіркелуі мүмкін. Өзіңзге қандай нөмірлер тіркелгенін қалай тексеруге болады және бейтаныс нөмірді анықтаған жағдайда не істеу керек? Толығырақ - Tengri Life материалында.

"Атыңызға қандай нөмірлер тіркелгенін тексеріңіз"

Threads қолданушыларының бірі қазақстандықтарды ЖСН-ге қандай мобильді нөмірлер тіркелгенін тексеруге шақырды. Бұған оның отбасындағы жағдай себеп болған: күйеуінің атына бейтаныс нөмір тіркелгенін олар біраз уақыттан кейін ғана білген.

"Алаяқтар шабуыл жасаудан екі күн бұрын күйеуімнің атына нөмірді оп-оңай тіркеп алған, біз тіпті бейхабар болдық. Кейін қалған оқиғалар басталды...", - деп жазды желі қолданушысы.

Скриншот: Threads

ІІМ не дейді?

Біз Ішкі істер министрлігіне хабарласып, бейтаныс нөмірдің кейінгі алаяқтық шабуылдармен байланысы болуы мүмкін бе және ЖСН-інен бөгде SIM-карта табылған жағдайда қазақстандықтар не істеуі керек екенін сұрап білдік.

Ведомство өкілдері бейтаныс нөмірдің болуы банк шоттарыңыз бұзылды дегенді білдірмейтінін, алайда бұл жағдайға бейжай қарамау керек екенін атап өтті.

Аккаунттарға рұқсатсыз кіру, телефон нөмірінің ауысуы немесе күмәнді қаржылық операциялар анықталған жағдайда дереу шара қолдану маңызды. Егер бір уақытта аккаунттардың бұзылу белгілері мен күмәнді қаржылық операциялар байқалса, ІІМ мынадай кеңес береді:

банкке және тиісті цифрлық сервистің қолдау қызметіне хабарласу; банк карталары мен есептік жазбаларды бұғаттау; құпия сөздерді ауыстыру; болған жағдай туралы 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлау.

Сондай-ақ ведомство қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды: үшінші тұлғаларға SMS-кодтарды, құпия сөздер мен банктік деректерді беруге болмайды. Бейтаныс адамдардың нұсқауымен қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатудан немесе күмәнді сілтемелерге өтуден аулақ болу керек.

Сонымен қатар, ІІМ "Стоп-кредит" сервисінің жұмысына, eGov және банк жүйелеріндегі телефон нөмірін ауыстыруға, сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру мен ақпараттық жүйелердің техникалық қорғалуына сол сервистердің иелері, банктер мен басқа да уәкілетті ұйымдар жауапты екенін нақтылады.

Телекоммуникация комитеті не дейді?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда SIM-карталарды рәсімдеу тек биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл талап ұйымдардың өз қызметкерлеріне жұмыс мақсатында беретін нөмірлеріне де қатысты.

ЦДАӨРМ Телекоммуникация комитеті биометрия мобильді нөмірлерді анонимді пайдалануды болдырмауға және дилерлер мен делдалдар арқылы SIM-карталарды заңсыз рәсімдеу қаупін азайтуға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Өз ЖСН-іңізге тіркелген нөмірлерді қалай тексеруге болады?

Атыңызға қандай мобильді нөмірлер тіркелгенін eGov арқылы тексеруге болады.

Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

eGov.kz порталына кіріңіз; Танымал қызметтер бөлімінен "Абоненттік нөмірдің IMEI-ін тексеру" қызметін табыңыз; ЖСН-іңізге тіркелген мобильді нөмірлер тізімін тексеріңіз; Егер олардың ішінде сіз қолданбайтын және ешқашан рәсімдемеген нөмір болса, байланыс операторына хабарласыңыз.

Телекоммуникация комитеті мұндай жағдайда бейтаныс нөмірді өшіруді және оны тіркеуден шығаруды талап етуді ұсынады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 11:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары