Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алаяқтар эмоцияны қалай пайдаланады және одан қалай қорғануға болады?

Алаяқтар эмоцияны қалай пайдаланады және одан қалай қорғануға болады?

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазіргі таңда алаяқтар азаматтарды алдау үшін күрделі әрі сенімді көрінетін тәсілдерді қолданға көшті. Бүгін де олардың арбауына тек қарттар немесе жастар ғана емес, сыни ойлайтын ересек адамдар да түсіп жатады.  Себебі қазір алаяқтар қаржы жүйесінің техникалық осал тұстарын іздеудің орнына, адамның эмоциясына әсер ететін әлеуметтік инженерия әдістерін шебер қолданады. Неліктен  ересек адамдар алаяқтардың арбауына түседі және одан қалай қорғануға болады? Бұл  туралы ақпараттық қауіпсіздік саласының сарапшылары жауап береді.

Кездейсоқтық деген жоқ

QazTech альянсының Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы Евгений Питолиннің айтуынша, адамдардың алаяқтардың құрбанына айналуының нақты бір ғана себебі жоқ.

«Адам өмірінде қиын кезең болуы мүмкін, сол кезде ол кез келген  ақпаратқа сенуге дайын тұрады. Кейде ұзақ жылдар бойы жинаған қаражатынан айырылып қалудан қатты қорқады. Көпшілік мұны кездейсоқтық деп ойлайды. Бірақ алаяқтар үшін кездейсоқтық болмайды. Олар әр сценарийді алдын ала мұқият жоспарлайды. Мысалы, адам шетелден келетін сәлемдемесін ұзақ күтіп жүреді де, дәл сол тақырыпта хабарлама алады. Бұл жай ғана сәйкестік сияқты көрінеді. Алайда шын мәнінде алаяқтар сенім ұялату үшін түрлі сценарийлер мен сылтауларды шебер пайдаланады», – дейді сарапшы.

TSARKA ұйымы президентінің орынбасары Руслан Тұрғұлдиновтың айтуынша, әлеуметтік инженерияның құрбанына жасына, қызметіне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан  кез келген адам айналуы мүмкін. Сондықтан алаяқтарға алданып қалғандарды кінәлаудың қажеті жоқ.

«Алаяқтардың құрбаны тек сенгіш немесе білім деңгейі төмен адамдар ғана болмайдыШын мәнінде әлеуметтік инженерия адамның технологияны білмеуіне емес, оның эмоциясына және табиғи психологиялық реакцияларына әсер ету арқылы жұмыс істейді», – дейді сарапшы.

Алаяқтар эмоцияға әсер етеді

Сарапшылардың айтуынша, алаяқтардың басты мақсаты – нысанасына алған адамға барынша асығыс шешім қабылдату.

Мәселен олар ақша немесе жақындарынан айырылып қалу деген желеумен болашақ құрбанының қорқынышын туғызады. Енді бірде күтпеген табыс туралы ұсыныспен қызықтырады. Кейде беделді ұйымның немесе белгілі адамның атын пайдаланып, сенім ұялатуға тырысады.

«Осындай сәтте адам абдырап, сыни ойлау қабілеті әлсірейді. Соның салдарынан ол ақпараттың рас-өтірігін тексерместен, айтылған нұсқауларды орындай бастайды», – дейді Руслан Тұрғұлдинов.

Оның айтуынша, алаяқтар уақыт тапшылығы мен адамның оқшаулануын да тиімді пайдаланады.

«Ешкімге айтпаңыз», «Тұтқаны қоймаңыз», «Қазір шешім қабылдау керек» деген сөздердің бәрі адамның жақындарымен ақылдасуына немесе банкке, полицияға хабарласуына жол бермеу үшін айтылады», – дейді сарапшы .

 

Өзіңді қорғаудың ең тиімді жолы – асығыстық жасамау

Евгений Питолиннің пікірінше, алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы – ақпараттық сауаттылықты үнемі арттырып отыру.

«Қарапайым ережелерді қайта-қайта еске салудың маңызы зор: ешкім сізге бірінші болып хабарласып, шұғыл әрекет етуді талап етпеуі қажет, ақша аударуды, SMS-кодтарды айтуды сұрамауы, қорқытып немесе бопсаламауы керек», – дейді сарапшы.

Егер күмәнді қоңырау шалынса, әңгімені бірден тоқтатып, сенімді адаммен ақылдасқан жөн.

«Мұнда медицинадағыдай қағида жұмыс істейді. Егер дәрігердің қойған диагнозына күмәндансаңыз, басқа маманнан екінші пікір сұрап көріңіз. Алаяқтыққа қатысты да дәл осылай әрекет ету қажет», – дейді Питолин.

Сарапшының сөзінше, ешқашан қысыммен шешім қабылдауға болмайды.

«Банкке өзіңіз хабарласып: «Маған өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырған адам қоңырау шалып, ақшаны басқа шотқа аударуды сұрады. Бұл расында сіздердің қызметкеріңіз бе?» деп сұраңыз. Сонда бәрін түсіндіріп береді. Мұндай жағдайлардың басым көпшілігінде оның алаяқ екені анықталып жатады», – дейді маман.

Руслан Тұрғұлдиновтың айтуынша, әр адам өзін қорғайтын қарапайым әдеттерді қалыптастыруы керек.

«Әлеуметтік инженериядан қорғанудың ең басты тәсілі – асықпау. Әңгімелесуші неғұрлым асықтырып, қорқытып немесе ешкіммен ақылдасуға тыйым салса, соғұрлым әңгімені тоқтатып, ақпаратты тәуелсіз арна арқылы тексеру маңызды. Банктер мен мемлекеттік органдардың нақты қызметкерлері ешқашан ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуды, несие рәсімдеуді немесе құпиясөздер мен растау кодтарын айтуды талап етпейді», – деп түйіндеді Руслан Тұрғұлдинов.


Оның айтуынша, тек SMS-кодтың өзі ғана біреудің сіздің атыңызға несие рәсімдеуіне жеткіліксіз. Сонымен бірге онлайн рәсімделген несиенің қаражаты алғашқы 24 сағат бойы бұғатталып тұрады. Несие тарихын eGov Mobile қосымшасындағы Мемлекеттік кредиттік бюро сервисі арқылы тексеруге болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұған дейін де азаматтарды әлеуметтік инженерияға негізделген алаяқтық схемалар туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Агенттіктің мәліметінше, қазіргі алаяқтардың басты нысанасы – компьютерлік жүйелер емес, адамдардың өзі. Қаскүнемдер банктердің, мемлекеттік органдардың немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде хабарласып, қорқыныш, асығыстық, сенім немесе оңай табысқа қызығушылық сияқты психологиялық факторларды пайдаланады.

Еске сала кетсек, алаяқтық жолмен ресімделетін кредиттерді алдын алу мақсатында Агенттіктің бастамасымен заңнамаға бірқатар маңызды өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, міндетті биометриялық сәйкестендіру, онлайн-кредит беру кезінде «салқындау кезеңі», алғашқы кредитті ресімдеу кезінде қарыз алушының жеке қатысуы туралы талап енгізілді. Сонымен қатар алаяқтық белгілері бар кредиттер бойынша тергеу аяқталғанға дейін сыйақы есептеуге тыйым салынды және мұндай кредиттерді соттан тыс әрі сот тәртібімен есептен шығару негіздері кеңейтілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 19:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары