Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Алдымен блэкаут, енді дауыл мен нөсер Канье Уэст концерті алдында Алматыда не болып жатыр

Алдымен блэкаут, енді дауыл мен нөсер Канье Уэст концерті алдында Алматыда не болып жатыр

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы биылғы жаздың басты концерттерінің бірі өтетін күні Канье Уэсттің жанкүйерлерін сынап жатқандай. Алдымен қалада жарық өшсе, кешке әртістің өнер көрсетуіне санаулы сағат қалғанда ауа райы күрт бұзылды: Алматыда екпінді жел соғып, нөсер жауды. Соған қарамастан, жұрт Орталық стадион маңына жиналып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен Алматыда жарық жаппай өшті

14 тамызда күндіз Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы сөніп қалды. Қаланың әр бөлігін қамтыған ауқымды жарық іркілістері туралы хабарланды.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде тез арада күннің басты тақырыбына айналды. Блэкаут тура 14 тамызда - Канье Уэсттің Алматыдағы алғашқы үлкен концерті өтетін күні болғандықтан, қолданушылар бұл екі оқиғаны бірден байланыстырды.

"Мұны Канье өшіріп тастаған", "Канье аппаратураны тексеруді жөн көрген", "Ол әлі сахнаға шықпай жатып шоу жасап үлгерді" - қазақстандықтар жарықтың өшуін америкалық рэпердің келуімен байланыстырып, қалжыңдасты.

Кейін жағдай реттеле бастады. Алматыда электр қуатын беру кезең-кезеңімен қалпына келтірілді - түрлі аудан тұрғындары жарықтың қосылғанын хабарлады.

Алматыда концерт алдындағы "шытырман оқиға" осымен бітетіндей көрінген. Бірақ бұған ауа райы араласты.

Нөсер мен екпінді жел

14 тамыз кешке Алматыда ауа райы күрт бұзылды. Қалада нөсер жауып, жел күшейді.

Кадрлардан жаңбырдың шелектеп құйып тұрғанын, желдің ағаштарды шайқап, көшелерде су ағып жатқанын көруге болады.

Қолайсыз ауа райы көрермендер Ye концертіне Орталық стадионға қарай жаппай ағылған кезде басталды.

Әртістің көптеген жанкүйері су болды. Адамдар күрте жамылып, капюшондарын киіп, жаңбырдан қашып, қолдарына не іліксе, сонымен басын жауып жатыр. Нөсер мен желге қарамастан, стадионға бет алған жұрттың қарасы көп.

Оқиға орнында жүрген Tengrinews.kz тілшісі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі екенін хабарлады. Жиналғандар өзара араласып, күліп, болған жайтты телефондарына түсіріп, шоудың басталуын күтіп тұр. Стадион маңындағы ахуалға қарағанда, көрермендер жаңбырға бола тарап кететін емес.

Бұған дейін стадион үшін талас та болды

Блэкаут пен нөсер - Канье Уэсттің Алматыға келуімен байланысты алғашқы қиындықтар емес.

Концерт туралы 17 шілдеде белгілі болды. Өнер көрсету Алматының Орталық стадионында 14 тамызға белгіленді. Алдағы концерт туралы ақпаратты кейін әкімдік растады.

Бірден "Қайрат" футбол клубымен дау туындады. Клуб өкілдері концерт күні командамен келісілмегенін мәлімдеді. "Қайрат" өз алаңындағы матчтерін Орталық стадионда өткізеді, ал тамызда команда еурокубоктардағы өнерін жалғастырып жатқан болатын. Сондай-ақ клубтағылар ауқымды сахнаның құрылысы мен бөлшектелуі газонның жағдайына әсер етуі мүмкін деп қауіптенді.

Осы жағдайға байланысты ұйымдастырушылар билеттер сатылымын бір тәулікке - 20-сынан 21 шілдеге ауыстырды. Бұл ретте олар концерт бұрынғыша 14 тамызда Орталық стадионда өтетінін хабарлады.

Ақыры стадион Канье Уэстке бұйырды. "Қайрат" УЕФА еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал үйдегі матчін басқа жаққа ауыстыру туралы өтініш білдірді. Кездесуді "Түркістан Аренада" өткізу мақұлданды.

Көптен күткен концерт бәрібір өтеді

Бір айға жуық талқылаудан, стадион төңірегіндегі даудан және билеттер сатылымының кешігуінен кейін концерт күні де келіп жетті.

14 тамызда Канье Уэст әлемдік тур аясында Алматының Орталық стадионында сахнаға шығуы тиіс. Қала үшін бұл Ye-нің алғашқы үлкен концерті. Бұған дейін әртіс Қазақстанда болған, бірақ бұл жерде стадионда көпшілік алдында толыққанды өнер көрсетпеген. Алматыдағы концерт оның 2026 жылғы әлемдік турының бөлігі ретінде жарияланды.

Егер басында жанкүйерлер концерттің Орталық стадионда өтер-өтпесіне алаңдаса, бүгін бұған блэкаут, қатты жел мен нөсер қосылды.

Бірақ стадион маңына жұрт әлі де жиналып жатыр. Олар жаңбыр астында, күрте жамылып, Канье Уэсттің шығуын күтіп тұр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 21:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары