Әлемдік көрсетілімдерге қатысқан модель Қарағанды көшелерін күзетіп жүр
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Халықаралық көрсетілімдерге қатысқан қазақстандық модель Шыңғыс Танатпаев Ұлттық ұланда мерзімді қызметін өтеп жүр. Қазір ол подиум орнына Қарағанды көшелерін күзетіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Life ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Модельдік мансаптан мерзімді қызметке дейін
Шыңғыс Танатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Ұлттық ұланның мәліметінше, ол түрлі елдердегі көрсетілімдерге қатысып, француздық Pierre Cardin сән үйінің, сондай-ақ италиялық Federico Barrazzo және Sauvage Multi брендтерінің топтамаларын таныстырған.
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта Танатпаев Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеп жатыр.
Ұлттық ұландағылар модельдік жұмыс пен армиядағы қызметті тәртіп, жинақылық пен жауапкершілік қасиеттері біріктіретінін атап өтті.
Модель Қарағандыда немен айналысады?Қазір ұлан сарбазы Қарағандыдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр. Әскери қызметші бұқаралық іс-шаралар кезінде және адамдар көп жиналатын орындарда кезекшілік атқарып, қала тұрғындарына көмек көрсетеді.
"Әскери қызметші ата-анасынан көз жазып қалған, адасқан балаларды тауып, жақындарына қайтаруға көмектесті. Оның көмегінің арқасында тұрғындардың жоғалған құнды заттары табылған кездер де болды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Баспасөз қызметінің дерегінше, күн сайын Қазақстанның 21 қаласында Ұлттық ұланның жеті мыңнан астам әскери қызметшісі қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Қарағандыда бұл жұмысқа күн сайын 250-ден астам ұлан сарбазы тартылады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:15
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 11:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















