Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Алғашқы жаңбыр көктайғақтан да қауіпті сарапшы күзде көлік жүргізу ережелерін айтты

Алғашқы жаңбыр көктайғақтан да қауіпті сарапшы күзде көлік жүргізу ережелерін айтты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жаңбырлы маусымда жол жабыны тайғақ болады, ал бұл, қарға қарағанда, тазартуға келмейтін құбылыс. Оның үстіне, жауын-шашын жиі тұманмен ұласып, жүргізушілердің көру мүмкіндігін нашарлатады.

Tengri Auto Раллиден Қазақстан чемпионы, экстремалды жүргізу бойынша сарапшы Владимир Бородиннен жол-көлік оқиғасына ұрынбау үшін күзде жолдарда қандай ережелерді сақтау керектігін сұрап білдік.

Күз мезгілінде жүргізушілер үшін қандай негізгі қауіптер туындайды?

Күзде жүргізушілер бірінші кезекте мына факторларды ескеруі тиіс:

жаңбыр; күннің суытуы; шиналардың жолға жабысу қабілетінің нашарлауы (температура 10 градустан төмендегенде шиналар қатайып, тіпті құрғақ асфальттың өзінде автокөлікті нашар ұстайды).

"Күзде температура 10 градустан төмен түскенде, шиналар қатая бастайды, соның салдарынан олар тіпті құрғақ асфальтта да жолды нашар ұстайды. Ал егер жаңбыр кезінде жолға жапырақтар түссе, ілінісу бұдан да бетер нашарлай түседі", – деді Владимир Бородин.

Сонымен қатар ылғалды жолда тежеу қашықтығы артады, ал рөлді шұғыл бұру белгіленген траекториядан таяп кетуге әкеп соғуы мүмкін.

Жаңбыр тежеуге қалай әсер етеді?

Ылғалды асфальтта тежеу қашықтығы ұзарады. Бұл ретте ұзаққа созылған құрғақ ауа райынан кейінгі алғашқы жаңбыр өте қауіпті болуы мүмкін.

"Егер ауа райы құрғақ болып, содан кейін кенеттен жаңбыр жауса, асфальт бетінде шаң мен басқа да ластанулар болады. Алғашқы уақытта жаңбыр тамшылары беткі қабаттан домалап түскендей әсер береді. Бұл – ең қауіпті сәттердің бірі. Шамамен 30-40 минуттан кейін бұл шаң суға қаныққан кезде, ілінісу жақсара бастайды", – деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, жаңбыр кезінде жүргізушілер шұғыл тежеуден, жылдамдықты күрт арттырудан және рөлді кілт бұрудан аулақ болуы керек. Барлық әрекеттер байыппен орындалуы тиіс.

Жолдағы ылғалды жапырақтар қауіпті ме?

Иә. Әсіресе ылғалды жапырақтар көп жиналған учаскелер өте қауіпті болуы мүмкін.

"Сәл солға қарай ығысып жүру және жапырақтар қалың үйілген жерлерді баспау ұсынылады. Тежеу кезінде жапырақтар аз немесе мүлдем жоқ учаскені таңдаған дұрыс. Әдетте, автокөліктер үнемі жүретін табан жол таза болып тұрады, өйткені көліктер жапырақтарды екі жаққа үрлеп тастайды", – деді Бородин.

Сарапшы ылғалды жолдағы шұғыл қозғалыстар автокөліктің белгіленген траекториядан сырғып кетуіне әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Тұман салдарынан көру мүмкіндігі күрт нашарлағанда жүргізуші не істеуі керек?

Бірінші кезекте жылдамдықты азайтып, алдындағы көлікпен арақашықтықты арттыру қажет.

"Әрине, бастысы – қашықтықты сақтау. Әсіресе көру мүмкіндігі төмендесе, жылдамдықты азайту керек. Егер түнде тұман ішінде келе жатсаңыз, фаралардың алыс жарығын өшіріп, жақын жарыққа ауысу қажет", – деді сарапшы.

Өте қалың тұман кезінде тұманға қарсы фараларды қолдануға болады. Сонымен қатар Бородин фаралардың дұрыс орнатылуын және қосымша шағылыс тудырмауын қадағалауға кеңес береді.

Жазғы шиналар қашан тиімділігін жоғалта бастайды?

Сарапшының айтуынша, жазғы шиналардың тиімділігі ауа температурасы тұрақты түрде плюс 5 градустан төмендеп, нөлге жақындаған кезде айтарлықтай төмендей бастайды.

"Егер аптасына бір рет температура нөлге дейін түссе, бұл шиналарды шұғыл ауыстыру керек дегенді білдірмейді. Бірақ температура тұрақты түрде нөл градус шамасында сақталса, бұл – қысқы резеңкеге ауысатын нағыз уақыт", – деп атап өтті Бородин.

Ол қысқы шинаның төмен температурада жұмсақ болып қалатынын, сондықтан жолмен ілінісуді жақсырақ сақтайтынын түсіндірді.

Қысқы шиналарды таңдағанда не нәрсеге назар аудару керек?

Сарапшы резеңкенің күйіне, протектордың тереңдігіне және ламельдер (ойықтар) санына назар аударуды ұсынады.

"Қысқы шинаны таңдағанда, оның жұмсақ болуын қадағалау керек. Шинаны қолмен ұстап, бүйірін емес, дәл протектор бөлігін майыстырып көруге болады. Протектор неғұрлым жұмсақ болса және онда ламельдер неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы", – деді Бородин.

Оның айтуынша, таңдау пайдалану жағдайларына да байланысты. Егер көлік қар көп жауатын қала сыртында жиі жүрсе, протектор суретінің арналары кеңірек болғанына мән берген жөн. Ал негізінен қала ішінде жүру үшін шинаның суық және ылғалды жабында жұмыс істеуіне көмектесетін дамыған ламельдер маңызды.

Ылғалды жолда қалай дұрыс қатар ауыстыру және бұрылу керек?

Күзде барлық маневрді байыппен орындау қажет. Қатар ауыстырмас бұрын бұрылу көрсеткішін алдын ала қосып, арттағы көліктің қауіпсіз қашықтықта екеніне көз жеткізу керек.

"Егер жазда асфальт кейбір шұғыл қимылдарды "кешіре" алса, суық күнде, ылғалды жолда, әсіресе жапырақ түскенде немесе көктайғақта шұғыл қозғалыс алдыңғы осьтің бағыттан таюына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан рульді баяу бұрып, тежегішті бірқалыпты басу керек", – деп атап өтті сарапшы.

Бұл ретте газ педалін дұрыс пайдалану маңызды рөл атқарады. Кенет жылдамдық қосу немесе газды күрт жібере салу автокөліктің қозғалыс траекториясын бұзуы мүмкін.

Автокөлік сырғанай бастаса не істеу керек?

Мұндай жағдайда рульмен немесе педальдармен шұғыл қимылдар жасамаған жөн. Әрекет ету тәсілі көліктің жетек түріне (привод) де байланысты болады.

"Егер автокөлік бағытынан тая бастаса, газды бірқалыпты басу керек. Алдыңғы жетекті және толық жетекті көліктерде сырғанау басталғанда айналымды ақырындап арттыру қажет. Егер көлік артқы жетекті болса, газды біртіндеп азайту керек. Педальды кілт жібере салуға болмайды, себебі қозғалтқышпен тежеу көлікті одан әрі шайқалтып немесе айналдырып жіберуі мүмкін", – деп түсіндірді Бородин.

ABS тежеу жолын қысқартуға көмектесе ме?

Сарапшы ABS жүйесінің негізгі міндеті тежеу жолын қысқарту емес, шұғыл тежеу кезінде автокөліктің басқарылуын сақтап қалу екенін атап өтті.

"ABS тежеу жолын айтарлықтай қысқартпаса да, кедергімен соқтығысудан жалтаруға көмектеседі. Дөңгелектер бұғатталмайды, сондықтан автокөлік соңғы сәтте де басқаруға көнеді. Егер жүргізуші кенет қорыққаннан тежегішті басып қалса, ол әлі де кедергіні айналып өте алады", – деді Бородин.

Сондықтан ABS жүйесі болса да, жүргізушіге жол жағдайын ескеру және жаңбыр, тұман немесе күн суытқан кезде жылдамдықты алдын ала азайту маңызды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 11:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары