Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қаржы министрлігі электрондық мемлекеттік аудит жүргізу ережелерін жаңартты

Қаржы министрлігі электрондық мемлекеттік аудит жүргізу ережелерін жаңартты

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атап айтқанда, қағидалар жаңа редакцияда жазылған.

Электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты байланысты жою жолымен мемлекеттік аудит объектілеріне жүктемені төмендету, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне сәйкес аудит жүргізу мерзімдерін қысқарту және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жедел шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Электрондық ішкі мемлекеттік аудит құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертiлуiн немесе тоқтатылуын көздейтiн электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған электрондық құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауды қоса алғанда, осы құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн пайдаланған жағдайда ғана жүргізіледі.

Электрондық ішкі мемлекеттік аудит уәкілетті орган мен ІАҚ-ның тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде жүргізіледі.

Электрондық ішкі мемлекеттік аудит жүргізу тәртібі

Электрондық ішкі мемлекеттік аудит құжаттары «Электрондық ішкі мемлекеттік аудит ісі» ақпараттық жүйе модулінде қалыптастырылады, онда аудит бағдарламасы, аудиторлық нұсқау, аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырмасы, аудиторлық есебі, аудиторлық қорытындысы, нұсқамасы және ақпараттық жүйемен көзделген аудиторлық іс-шаралар нәтижелерін іске асыру бойынша басқа да құжаттары қамтылған.

Электрондық ішкі мемлекеттік аудит дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдерін қамтиды.

Аудиторлық іс-шара басталғанға дейін дайындық кезеңінде мемлекеттік аудит объектісі, электрондық ішкі мемлекеттік аудит ауқымы анықталады, аудит бағдарламасы, аудиторлық нұсқау, аудиторлық іс-шара жүргізу тапсырмасы жасалады.

Аудит бағдарламасын электрондық ішкі мемлекеттік аудит тобының жетекшісі немесе мемлекеттік аудитор жасайды және электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты тұлға бекітеді.

Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпарат Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

Аудиторлық іс-шараны екі және одан көп қатысушылар жүргізген кезде аудиторлық нұсқау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, мемлекеттік аудит тобының мүшелері қол қояды және мемлекеттік аудит тобының басшысы бекітеді.

Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманы мемлекеттік аудитор немесе мемлекеттік аудит тобының жетекшісі электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты тұлғаның келісуімен, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жасайды және оған уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері басшысының немесе оның орнындағы адамның ЭЦҚ-мен, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің ЭЦҚ-мен қол қойылады.

Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырма құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгеннен кейін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманы мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға алған кезде және оны оқығанда, ақпараттық жүйеде оны жеткізу туралы хабарлама қалыптастырылады.

Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудің негізгі кезеңінде мемлекеттік аудитор (-лар), мемлекеттік аудитордың ассистенті (-тері), қажет болған кезде тиісті бейіні бойынша тартылған сарапшылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып, мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауы тұрғысынан аудиторлық рәсімдерді орындау жолымен ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асырады.

Электрондық ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер фактілері аудиторлық дәлелдерге және (немесе) өзге де құжаттар мен ақпараттарға негізделеді.

Оның негізінде электрондық ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптастырылатын аудиторлық дәлелдер, объективтік, дұрыс және жеткілікті болып табылады.

Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудің қорытынды кезеңінде шешім қабылданады және электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің құжаттары ақпараттық жүйесінің Электрондық ішкі мемлекеттік аудит ісі модулінде қалыптастырылады (аудиторлық есеп, аудиторлық қорытынды, нұсқама және аудиторлық іс-шаралар нәтижелерін іске асыру жөніндегі басқа да құжаттар).

Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері аудиторлық қорытынды бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға Актiлердi тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық ақпараттық есепке алу құжатын – талон-хабарламаны жібереді.

Қағидалар сондай-ақ электрондық Ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша шешім қабылдау және құжаттарды қалыптастыру тәртібін белгілейді.

Бұйрық 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:272
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 14:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары