Алматы облысында қолға түспейтін жыртқыш бейнеге түсіп қалды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстанда өте сирек кездесетін Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалды. Жыртқыштың түнгі аңшылығы Шарын ұлттық паркіндегі фототұзаққа тіркелген, деп хабарлайды Tengri Travel.
"Мамандар үшін ерекше қызығушылық тудырады" - кадрлар
Видео ұйымның Instagram-аккаунтында жарияланды. Кадрлардан түн ортасында сілеусін кезекті олжасын аңдып тұрғанын көруге болады.
"Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ Түркістан сілеусінін тіркеді. Сілеусін - табиғи ортада сирек көрінетін сақ жыртқыш. Сондықтан мұндай кадрлар мамандар үшін ерекше қызығушылық тудырады", - делінген жазбада.
Кадр фототұзақ көмегімен түсірілген. Ұлттық парктің мәліметінше, мұндай камералар жабайы аңдардың тіршілігіне араласпай және оларды мазаламай, табиғи ортада бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Фототұзақтар көмегімен мамандар парк мекендеушілерінің қозғалысын қадағалап, мінез-құлқын бақылай алады және олардың тыныс-тіршілігі туралы мәлімет жинайды. Алынған материалдар жануарлар популяциясын зерттеуге және олардың жай-күйін бақылауға көмектеседі.
Зоология институтының мәліметінше, Орталық және Оңтүстік Азия тауларында өте сирек кездесетін әрі жасырын жыртқыштардың бірі - Түркістан сілеусіні мекендейді.
Бұл жануар ареалының солтүстік-батыс бөлігі Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауын қамтиды.
Ғалымдардың айтуынша, сілеусін өте сақ әрі көзге түсе бермейтіндіктен, мамандарға оның мекендейтін жерлері туралы дала деректерді жинау үшін 2013 жылдан 2022 жылға дейін, яғни он жылға жуық уақыт қажет болған.
Айта кетейік, жақында қазақстандықтар Үміт атты жолбарысқа алаңдаушылық білдірген еді. Біз Экология министрлігінен оның жағдайы қалай екенін және қай жерде екенін білдік.
Айта кетейік, маусымда Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы тағы фототұзаққа түсіп қалды. Қыста алғаш рет таспаланған марғаулар айтарлықтай өсіп қалған және қазір анасының соңынан еріп, тау ішінде еркін жүр.
Тағы оқыңыз: Жыртқыш пен қарақұйрықтардың ерекше кездесуі видеоға түсіп қалды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 22:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















