Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Алматы тұрғыны 1000 ойыншық көлік жинаған

Алматы тұрғыны 1000 ойыншық көлік жинаған

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматы тұрғыны Әділ Бейсембинов жиырма жылдан аса уақыт бойы коллекциялық автокөліктердің шағын нұсқаларын жинап келеді.

Кеңес дәуірінің автокөліктері, жүк машиналары мен спорткарлар – қызықты коллекциядан әлемдік автомобиль өндірісінің бүкіл тарихын көруге болады. 

Әділ Бейсембиновтың қонақ бөлмесіндегі серванттың барлық сөресі кішкентай машиналарға толы. Әрбір сөре белгілі бір кезең мен автокөлік түріне арналған. Кеңестік классикадан бастап қазіргі заманғы шетелдік көліктерге дейін бар. Бұл коллекция «Запорожец» көлігінің шағын көшірмесінен басталған. Дәл осындай автокөлік Әділдің атасында болған. Оны еске алу үшін сатып алынған бұл ойыншық қызықты хоббидің бастауына айналды.

Әділ Бейсембинов, коллекционер:

- Мұнда BMW компаниясының бір ерекшелігі  бар. BMW маркасын шығару үшін лицензия алатын өндірушілерге олар міндетті түрде капоты ашылатын модель жасауды талап еткен. Сол себепті қазір сатып алатын әрбір BMW үлгісінің капоты ашылады және ішінен қозғалтқышы көрінеді. Бұл өте қызықты ерекшелік. Коллекционерлер BMW модельдерін қатты жақсы көреді, өйткені кейбір машиналар жабық болады, ал мұнда нақты капоты ашылып, бәрі анық көрініп тұрады.

Әділ автокөліктер туралы сағаттап әңгіме айтуға бар. Ол әрбір модельді ұсақ-түйегіне дейін - шығарылған жылынан бастап ең майда конструкциялық ерекшеліктеріне дейін біледі. Жұбайы да оның әуестігін қолдайды.  Айтпақшы, Әділдің коллекциясына қызығатын тағы бір адам бар, ол жеті жасар көршісі - Ерасыл. Ол сәті түссе Әділдің үйіне келіп, машиналарды қызықтаудан шаршамайды.

Ерасыл Шабден, Әділдің көршісі:

- Әділ аға маған бір машинаны сыйлыққа берген. Мен өскенде Әділ аға сияқты көп коллекция машиналар жинағым келеді. Маған қатты ұнайтыны жүк көліктері Mercedes және BMW, Lamborghini және Toyota, Субару ұнайтын және дәу джиптер.

Әр айдың екінші сенбісінде Әділ өзі сияқты коллекционерлердің жиынына қатысады. Онда жасы мен мамандығы әртүрлі, бірақ техниканы жақсы көретін адамдар жиналады. Коллекционер Артур Федуриннің қолында бір кездері әскери мақсатта шығарылған УАЗ-469 көлігінің шағын көшірмесі бар. Ал мынау - 1920-жылдары шығарылған алғашқы АМО-Ф-15 жүк көлігінің моделі. Бұл үлгілерді қазір жабылып қалған Алматыдағы «Қызыл-Ту» зауыты жасаған.

Артур Федурин, автокөліктердің масштабты модельдерін коллекциялаушы:

- Коллекция жинау - бұл, білесіз бе, адамға бір серпіліс, жанға тыныштық сыйлайтын іс. Кейде күнделікті күйбең тіршіліктен, айналаңдағы түрлі мәселелерден алыстап, көңілді басқа жаққа бұрғың келеді. Осындай сәттерде бұл шағын миниатюралар назарды басқаға аударып, демалуға, ойды анағұрлым жағымды арнаға бағыттауға мүмкіндік береді.

Коллекционерлердің талғамы әртүрлі: кеңестік «Волгалар» мен «буханка» аталып кеткен УАЗ көліктерінен бастап, шетелдік көліктерге, тіпті әскери техникаға дейін жинайды. Кейбіреулері коллекциясын толықтырып қана қоймай, модельдерді өз қолымен құрастырады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Айдос Қалиев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қаңтар 2026 12:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see136

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see134

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see134

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see125

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see118

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see118

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see116

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see115

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see111

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see110

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары