Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Алматыда Абай іліміне арналған жаңа оқу пәндері мен электронды ресурстар таныстырылды

Алматыда Абай іліміне арналған жаңа оқу пәндері мен электронды ресурстар таныстырылды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, әр өңірден келген ішкі саясат басқармасының басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. 

Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Аталған іс-шараны кіріспе сөзімен ашқан Жансейіт Түймебаев оқу ордасында Абайдың 180 жылдығына орай өткен ғылыми, мәдени және ағартушылық іс-шаралардың қорытындысы туралы ақпарат берді. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек», - деп атап өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Абайдың кісілік кодексі» және «Абай ілімі» оқу пәндері әзірленіп, білім беру процесіне енгізілді. Университет ғалымдары әзірлеген «Абайдың кісілік кодексі» оқу корпустары мен жатақханаларға ілінді. Бұл ауқымды бастаманы басқа ЖОО-лар мен мектептерде жүзеге асыруды ұсынамыз. «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» сериялық басылымының 1-50 томдары, «Абайтану антологиясы» сериялық басылымының 1-10 томдары жарық көрді, сондай-ақ «Абайтану антологиясы» атты цифрлық форматтағы интеллектуалдық электрондық ресурстар базасы қалыптастырылды. Аталған жұмыстарды ҚазҰУ базасындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүзеге асырды, - деді ректор. 

Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Ғылыми кеңес отырысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова сөз сөйледі. 

– Қазіргі таңда еліміздегі 127 жоғары оқу орнында 727 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Университеттің ең бірінші мақсаты – азаматты қалыптастыру, Абайдың философиясына сәйкес, «толық адамды» тәрбиелеу. Мектеп қабырғасында оқушының бойында адал азаматтың принциптері қалыптасады. Ал университетке түсіп, қолына заңды дипломын алған кезде толық адам болып, үлкен өмірге қадам басады. Осы тұрғыда Абайдың философиясы өте маңызды, - деді ол. 

Өз кезегінде оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Абай шығармашылығын қазіргі заман талаптарына сай зерделеу, оның философиялық, этикалық және қоғамдық ойларын білім беру үдерісіне енгізу мәселелері туралы айтты. 

Ал ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан ҚазҰУ базасында дайындалған «Абайдың кісілік кодексінде» ойшылдың терең мазмұнды сөздері жинақталғанын атап өтіп, шараның маңыздылығына тоқталды. 

– Абайдың кісілік кодексі студент жастар ғана емес, оқушылардың да санасына орнығуы маңызды. Дегенмен, жас ұрпақтың Абайды толық түсіну үшін қазақ тілінің қолданыс аясының кең болуы шарт. Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қолданыс аясын цифрлық кеңістікте дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан уикипедияны қазақ тіліндегі танымдық мақалалармен толтыру үдерісін ұйымдастыру бойынша «Үйлестіру кеңесі» құрылды. Министрліктің ақпаратына сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша уикипедияға қазақ тілінде 3 000-нан астам жаңа мақала орналастырылған. Бұл жұмысқа еліміздің бірқатар жоғары оқу орыны атсалысып жатыр, - Ғалымжан Махан. 

Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Абайдың жауапкершілік, еңбек адамы туралы ой-толғамдары әділетті Қазақстан тұжырымдамасымен толық үндесетінін жеткізді. 

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Абай мұрасы – бағасы өлшеусіз рухани қазына. Оны сақтау мен дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деген болатын. Осы мақсатта Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын Алматы қаласында лайықты деңгейде атап өту үшін әкімдік тарапынан философиялық-рухани, мәдени-ағартушылық, тәрбие бағыттарын қамтыған кешенді жоспар іске асырылды. Түрлі ғылыми конференциялар, форумдар, семинарлар өткізілді, - деді қала әкімінің орынбасары. 

Іс-шарада Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғалым Жанғара Дәдебаев сөз сөйлеп, институттың атқарған жұмыс нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар ғылыми кеңес мүшелері мен арнайы шақырылған өкілдер Абай мұрасын заманауи қоғамдық санада жаңғыртудың өзектілігіне тоқталып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. 

Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Кеңейтілген Ғылыми кеңес шешімімен университетте әзірленген «Абайтану антологиясы» электронды зияткерлік ресурстар базасы, «Абай ілімі» оқу пәні, Абайдың кісілік кодексі мен Абай таксономиясы ҚазҰУ-дың зияткерлік меншігі ретінде бекітілді. «Абай ілімі» оқу пәні университеттің жоғары білім беру бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер циклы бойынша таңдау компоненті ретінде қабылданды.

Сондай-ақ Абайдың кісілік кодексі мен Абай ілімі Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен құндылықтарын іске асырудың инновациялық құралы ретінде айқындалып, оларды білім берудің барлық деңгейінде, мәдени-ағартушылық және қоғамдық кеңістіктерде кеңінен пайдалану жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билікке ұсыныстар жолданды. 

Бұған дейін «Абайдың қара сөздері» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне енуі мүмкін екенін хабарлаған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 19:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see144

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see134

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see132

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see131

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see125

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see110

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары