Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

Алматыда Аяулы жан жобасы әйелдердің құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға үлес қосып келеді

Алматыда Аяулы жан жобасы әйелдердің құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға үлес қосып келеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы қаласында әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Аяулы жан» әлеуметтік жобасы табысты жүзеге асырылып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жоба Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен биылғы жылдың наурыз айынан бастап іске асып жатыр.

Жоба аясында Абылай хан даңғылы, 79 мекенжайында жалпы аумағы 100 шаршы метр болатын консультациялық орталық ашылды. Бұл орталықта әйелдерге тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. Наурыз айында әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың қоғамдағы рөлін күшейту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізіліп, іс-шараға мемлекеттік орган, Полиция департаменті өкілдері, қоғам белсенділері мен белгілі сарапшылар қатысты.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, қазақ және орыс тілдерінде әлеуметтік бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілерде кеңінен таратылды.

Сонымен қатар 8 ай бойы WhatsApp және байланыс желісі арқылы азаматтардан келіп түскен 450-ден астам өтінішке кеңес берілді. Онлайн-консультацияларды жүргізу үшін білікті кеңесші-маман арнайы қызметке алынды.

Жоба шеңберінде дағдарыс орталықтары және Полиция департаментімен бірлесіп екі экспресс-консультация өткізіліп, қала жұртшылығының қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар «Медеу» мұз айдынында 200 жастың қатысуымен әлеуметтік флешмоб ұйымдастырылып, Ішкі істер министрлігі тарапынан жоғары бағаланды.

Достық даңғылы, 85 мекенжайында Алматы қаласы Полиция департаменті және дағдарыс орталықтарының қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларды қолдауға бағытталған ақпараттық акция өткізіліп, тегін консультациялар ұйымдастырылды.

Жалпы жоба барысында 8 ауданның әйел азаматтарын қамтыған шеберлік сабақтары өткізілді. Оларға 600-ден астам қатысушы қатысты.

Негізгі іс-шаралардың бірі ретінде «16 күн зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» халықаралық акциясы (25 қараша – 10 желтоқсан) аясында арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасымен келісілген 3000 дана ақпараттық брошюраның дизайны бекітіліп, оның 2000 данасы Полиция департаментімен бірлесе қоғамдық орындарда таратылып келеді.

Жоба аясында әйел азаматтарға ғана емес, отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге де көмек көрсетілуде.

«Аяулы жан» жобасы – әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың қоғамдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама. Біз үшін ең бастысы – әрбір әйел өз құқығын біліп, сенімді әрі қорғалған сезінуі. Бұл жоба арқылы біз тек ақпарат беріп қана қоймай, қоғамда өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыруды көздейміз»,-дейді «Жастар Рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Дидарбек Ділдәбек.

«Аяулы жан» әлеуметтік жобасы – әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, әйелдердің құқықтарын қорғау және қауіпсіз қоғам құру әділетті әрі мейірімді Қазақстанның басты бағдары болып қала береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қараша 2025 18:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see150

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see118

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see118

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see117

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see117

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see116

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see116

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see116

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see115

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see114

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see114

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see113

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see113

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see112

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see112

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see111

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see111

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

13 Тамыз 2026 11:25see110

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see108

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

13 Тамыз 2026 23:00see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары