Алматыда электр самокаттарды орналастырудың бірыңғай тәртібі енгізіледі
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жобаға сәйкес, электр самокаттары, мопедтер және өзге де жеке мобильділік құралдарына арналған тұрақ орындарын орналастырудың бірыңғай тәртібі енгізіледі.
«Жалға беру қызметін көрсететін операторлар үшін тұрақ орындары шарт негізінде ұйымдастырылады. Сонымен қатар тұрғындар бұл тұрақтарды өздерінің жеке самокаты мен басқа да жеке көлігін қою үшін тегін пайдалана алады», делінген хабарламада.
Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді
Сондай-ақ құжатта жеке мобильділік құралдарын эвакуациялау және сақтау тәртібі, аулаларда шлагбаумдар мен қорғаныш қоршауларын орнату қағидалары да айқындалған. Бұл ретте жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да жедел қызметтердің кедергісіз өтуі міндетті түрде қамтамасыз етіледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласындағы Райымбек даңғылында жедел жәрдем көлігі мен мопед соқтығысып, бір адам көз жұмған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 16:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















