Алматыда шетелдік компания құны 6 млрд теңгеге жуық жерді заңсыз пайдаланған
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. Алматыда 71,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Заң бұзушылықты прокуратура анықтаған.
"Құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылған", - дейді ведомстводағылар.
Заң бойынша шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.
Биыл 16 шілдеде қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырған. Ал 2 қазанда жердің мәселесі аппелияциялық сотта қаралған. Алайда бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалды.
Жердің жалпы құны - 5,9 млрд теңге.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:138
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 16:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















