Алматыда тауға шыққан туристің үстіне тас құлап кетті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Алматы облысының тауларында құтқарушылар тас құлауы салдарынан зардап шеккен туристі эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Биіктігі 2 970 метр Левый Талғар шатқалынан жорық кезінде үстіне тас құлап, зардап шеккен турист күрделі жағдайда эвакуацияланды.
© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы тауларында туристің үстіне тас құлап кетті

Алматы тауларында туристің үстіне тас құлап кетті
© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігі
"Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына екі бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары шұғыл аттанды. Олар келген кезде зардап шегушіні анықтап, алғашқы медициналық көмек көрсетті және оның жағдайын ауыр деп бағалады", деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар зардап шегушіні күрделі таулы жер бедері арқылы Кіші Талғар асуына қарай тасымалдап, жолда оларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қосылды. Бірлескен эвакуация жұмыстары "Шымбұлақ" тау курортына дейін жалғасты.
Одан әрі зардап шегуші қалалық клиникалық ауруханаға жатқызу үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:58
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 10:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















