Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматыда тазы тұқымының ең үздігі анықталады

Алматыда тазы тұқымының ең үздігі анықталады

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Екі күнге жалғасатын іс-шара Қазақстан кинологтар одағының бастамасымен ұйымдастырылды. Тазының моно тұқымды көрмесіне еліміздің әр өңірінен 60-тан астам тазы арнайы әкелінген. Оларды ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер бағалайды. Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқалидің айтуынша, көрме тазы тұқымының сақталуы мен дамуына үлес қосуды және Қазақстанда жауапты ит асырау дәстүрін қалыптастыруды мақсат етеді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

- Ұлттық мереке Республика күніне орай біз екі іс-шара ұйымдастырдық. Біреуі - қазақы тазыға арналған моно тұқымды көрме. Екіншісі, одағымыздың кубогі. Онда ең жақсы иттердің тұқымы, оның ішінде ең жақсы тазы анықталады. Бірақ бұл тек иттерді көрсетуге арналған жиын емес, бүгін оң баға алған тазылар әрі қарай тұқымды көбейту жұмысына қосылады. Оларды жұптастырып, күшіктерін аламыз, - деді Бауыржан Серікқали.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Сондай-ақ ол 2024 жылы Халықаралық кинологиялық федерация қазақ тазысын тану туралы алдын ала шешім қабылдағанын атап өтті. Қазір елімізде тазы санын көбейтуге бағытталған қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

- Бізге Халықаралық кинологиялық федерацияның талаптарын орындауға 10 жыл берілді. Атап айтқанда, сапалы иттердің саны көбейту керек. Біз өзіміздің бағдарлама бойынша дұрыс келе жатырмыз. Иттердің саны өсіп келеді. Біздің тұқымдық кітабымызда 3,5 мыңнан астам тазы бар. Бұл тек тіркелгендері, ал ауылда тіркеуі жоқ қаншамасы бар. Сондықтан олардың саны жеткілікті. Халықаралық мойындаудың маңызына тоқталсақ, ешбір мемлекет енді өзіне бұл тұқымды ала алмайды - ол Қазақстанға бекітілген. Екіншіден халықаралық ұйым өзінің журналдарына, сайтына тазы туралы мәлімет енгізді. Дүниежүзі осындай тұқым бар екенін білді, - деді ол.

Бауыржан Серікқали қазақтың тазылары 2024 жылы Женева қаласында өткен халықаралық көрмеге, 2025 жылы Финлядияда өткен дүниежүзілік байқауға қатысқанын атап өтті. Айтуынша, бұл байқауларда олар 7 жүлде жеңген.

Ең жақсы тазы қалай анықталады

Ұлттық ит тұқымдары бойынша сарапшы әрі байқау төрешісі Айбол Алпысбаев одақ кубогіне жиналған тазылар қалай бағаланатынын түсіндірді.

- Болашақта жұмыс істеу үшін бүгін тазыларды сұрыптаймыз. Сонымен қатар тіркелмеген иттер болса, құжаттандыру жұмысы қатар жүреді. Ең алдымен, тазылардың тістерін қараймыз. Олардың саны, қаншалықты сау екенін тексереміз. Одан кейін жүргізіп, аяқ алысын байқаймыз. Соңынан сүйек бітімі мен пішінін бағалаймыз. Ең бастысы, тазы семіз болмауы керек. Соңғы екі қабырғасы көрініп тұрса, ит бабында деген сөз. Егер қабырғаларын санап шығуға болатын болса, онда тым арық, - деді маман.

Айбол Алпысбаев қазақтың тазысына тән қасиеттерге де тоқталды. Оның сөзінше, иттің бұл түріне сыпайлық тән, олар адамға шаппайды.

- Қай жануарды алсақ та, мінез-құлқы әртүрлі болады. Бұл тазыға да қатысты. Бірақ жалпы сипаттамасына келсек, бұралқы қасиеттері жоқ, сыпайы әрі алғыр тұқым. Кейде өз иесіне өкпелеп қалатындары да болады. Олар кетіп, қайтып оралмайды. Тамағын таба алатын болған соң, түзде жүре береді. Еркіндікті жақсы көретін жануар, - деді.

Қазіргі уақытта 9 тазы асырап отырған Бауыржан Абитов көрмеге 3 итін әкелді. Оның қазақы ит тұқымын асырап жүргеніне 10 жылға таяған. Айтуынша, бұл істі қызығушылықпен бастап, кейін кәсібіне айналдырған.

- Тазы жылына 1 рет күшіктейді. Бұл иттің күшіктері ауруға бейім емес. Уақытылы дәрісін егіп тұрса, ауырмайды. Бірақ 6 айға дейін мұқият баптауды қажет етеді. Одан кейін тәртіпке келеді. Ересектеріне жаз кезінде бір уақыт, қыс кезінде екі уақыт тамақ береміз. Күшік кезінде төрт рет беру керек. Қолға тез үйренеді. Бір айтқаныңды тез қабылдап, қателігін екінші қайталамайды. Тазымен бірге серуенге шыққанда адам үшін тегін терапия болады деуге болады, - деді ол.

Еске салайық, былтыр Халықаралық кинологиялық федерацияның Бас комитеті қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп әдепкі тану туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 15:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары