Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Алматыда үйді күтіп ұстау тарифын екі есеге жуық арттыру жоспарлануда

Алматыда үйді күтіп ұстау тарифын екі есеге жуық арттыру жоспарлануда

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін 70 теңге. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы үйді басқару мен күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның ең төменгі мөлшерін дәл осы деңгейде белгілеуді ұсынып отыр. Басқарма тиісті жобаны Ашық НҚА сайтында жариялады. Қазір құжат талқылау сатысында. TengriHome сарапшыдан келер жағдайдың қалай болатынын сұрап білді.

Поделиться

Ең төменгі тариф деген не?

Ең төменгі тариф — бұл пәтер иелерінің үйді және шатыр, кіреберіс, жертөле, коммуникация сияқты ортақ мүлікті басқару мен күтіп ұстауға ай сайын төлейтін сомасы. Алматылықтарға бұл төлем түбіртектерде ПКТ — пәтерді күтіп ұстау шығындары ретінде таныс.

Анықтама: Ең төменгі тарифті бәрі бірдей қолданбайды! Ол меншік иелері жалпы жиналыста басқару органын (МИТ, ЖСН) немесе төрағаны таңдамаған, сондай-ақ өздерінің бұдан жоғарырақ жарна сомасын белгілемеген жағдайда қолданылады. Немесе басқару органдары бар болса да, тұрғындар ПКТ-ны ең төменгі мөлшерден асырып көтеруге келіспеген жағдайда пайдаланылады.

"Минималка" неге жұмсалады?

Талғат Мұхамедғалиевтің айтуынша, бұл ең төменгі сомаға үйді басқару мен күтіп ұстау бойынша негізгі қызметтер кіреді.

Апта сайын:

кіреберістерді, баспалдақ алаңдарын, лифт кабиналарын ылғалды тазалау.

Ай сайын:

қызметкерлердің жалақысы, сервистік компанияларға төлемдер; салықтар, жарналар, аударымдар, офисті ұстау шығындары; ауланы тазалау, көгалдандыру, қар мен мұздан, соның ішінде шатырды тазарту.

Жылына бір рет:

жалпы үйлік инженерлік жүйелерді маусымдық пайдалануға дайындау, жалпы үйлік есептегіш аспаптарға қызмет көрсету; газдың жиналуын, түтінді және су басуды анықтайтын дабылқаққыштарға, автоматты өрт дабылы жүйелеріне техникалық қызмет көрсету.

Жылына төрт рет:

ортақ пайдаланылатын орындарды дератизациялау, дезинсекциялау және дезинфекциялау; жылыту кезеңінде — тәулік бойы; жылыту кезеңінен тыс уақытта — айына екі рет; кондоминиум нысанының инженерлік жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету. Ең төменгі тарифті кім және қалай белгілейді?

Бірқатар материалдарында TengriHome мұны кім және қалай белгілейтіні туралы егжей-тегжейлі баяндаған болатын. Ең төменгі тарифті бекітумен жергілікті жерлерде — республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, сондай-ақ аудандар айналысады. Талғат Мұхамедғалиев есептеулерді тұрғын үй инспекциясы жүргізетінін нақтылады. Негіз ретінде арнайы әдістеме алынады, ол бойынша жылдық шығындардың толық сомасы үйдің барлық пәтерлерінің жалпы алаңына және 12 айға бөлінеді. Нәтижесінде тұрғын үйдің бір шаршы метріне шаққандағы теңгемен көрсетілген сома шығады. Айтпақшы, өткен жылдан бастап ең төменгі тарифті айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байлау міндеттелген. Ұсынылған ең төменгі жарна мөлшерін талқылау және бекіту — мәслихаттың құзырында.

"Яғни, қазір ұсынылып отырған 70 теңге мөлшеріндегі жарна жоба аясында осы жылдың 5 маусымына дейін қоғамдық талқылау үшін сайтқа орналастырылды. Содан кейін мәслихат сессияларының бірінде аталған тариф талқыланып, дауысқа салынуы тиіс. Егер депутаттар бұл жаңашылдықты қолдаса, сол сәттен бастап тариф бекітіледі. Заң бойынша ол бір жыл бойы күшінде болуы керек. Келесі жылы оны қайта бекіту қажет. Негізінде оны жыл басында қабылдау керек. Бірақ бізде мұны уақытылы жасайтындар некен-саяқ. Тарифтері бірнеше жыл бойы өзгермеген өңірлер де бар", — дейді Талғат Мұхамедғалиев.

70 теңге. Алматы үшін көп пе әлде аз ба?

Былтырдан бері Алматыда шаршы метріне 40 теңгелік тариф қолданыста. Егер депутаттар жаңасын бекітсе, қала тұрғындары 70 теңгеден төлеуге тиіс болады. Бұл көрсеткіш бойынша мегаполис Астанадан сәл асып түсті. Елордада биыл наурыз айында "базалық" құн шаршы метріне 69,2 теңгеге дейін жеткізілді. Оған дейін 57 теңге болған еді. Айтпақшы, біз сондай-ақ еліміздің үш мегаполисі мен барлық облыс орталықтарындағы ең төменгі тарифтердің толық тізімін жариялаған едік. Алматы үшін ұсынылған жаңа тарифке оралсақ, қазіргі қолданыстағысымен салыстырғанда айырмашылық едәуір. Алайда, спикердің пікірінше, қызмет көрсету нарығындағы бағаларды ескерсек, үйлерімізді лайықты деңгейде күтіп ұстау үшін тіпті 70 теңге де жеткіліксіз болуы мүмкін.

"Табыс деңгейі өсіп жатқан жоқ дегенмен дауласпаймын, мұны түсінемін. Бірақ бұл басқа мәселе. Құрғақ тілмен айтсақ, көппәтерлі тұрғын үйге, әсіресе 50 жыл болған, барлық инфрақұрылымы әбден тозған, бәрі тот басқан, бәрі қирап, жан-жақтан су ағып тұрған үйге бұл сомамен де күн көру қиын", — дейді Мұхамедғалиев нық сеніммен.

Оның айтуынша, егер алдымызға мақсат қойып, үйдің жағдайы жақсы болуы үшін ай сайын оған нақты қанша қаражат жұмсау керегін есептеп шығарсақ, ең төменгі тариф 100 теңгеден кем болмауы мүмкін. Сарапшы қала бұл көрсеткішке келесі жылы жетуі мүмкін деп болжады. Алматыда үйді күтіп ұстау тарифын екі есе арттыру жоспарланып отыр

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Алматы тұрғын үй Коммуналдық қызметтер Тариф Баға

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Мамыр 2026 12:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see134

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see119

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары