Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Алматыда ЖИ көмегімен ақылды қала жүйесі дамытылып жатыр

Алматыда ЖИ көмегімен ақылды қала жүйесі дамытылып жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қалалық цифрландыру басқармасы қолға алынған негізгі жобалар жайында баяндады.

– 2023 жылы Алматыда жасанды интеллектіге негізделген TargetEYE бейнеаналитика платформасы арқылы Біртұтас бейнебақылау жүйесі (ББЖ) іске қосылды. Бұл жоба – тек Қазақстанда емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ бастама, - делінген цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсековтің жауабында.

Қазір қала бойынша жүйеге 50 мыңнан астам қоғамдық бейнекамера қосылған, оның 2,2 мыңы бет әлпетті тану функциясымен жабдықталған.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70 мың камераға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

– Бұл жүйе қаланың барлық нүктесінен түсетін бейнелерді нақты уақытта Жағдаят орталығының бірыңғай терезесіне жинақтап, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті жедел бақылауға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Алматының цифрландыру басқармасы.

Жасанды интеллект алгоритимдері адамдардың топтасуын, күмәнді әрекеттерді, төбелес, қару, өрт не түтін белгілерін автоматты түрде анықтай алады. Сонымен қатар іздеу жүйесі арқылы адамдар мен көліктерді сипаттама бойынша табуға мүмкіндік бар.

Фото: TargetAI

Қала билігі жол жағдайына да ерекше назар аударып отыр. Былтырғы қазан айынан бастап Алматыда жолдардың жағдайын жасанды интеллект арқылы бақылау жобасы іске қосылған. Автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылған бейнетіркеуіштер жол сапасы туралы деректерді үздіксіз жіберіп отырады.

ББЖ тәулігіне 500 мыңнан астам бейнеаналитикалық оқиғаны тіркейді, бұл қалалық қызметтердің жұмысын проактивті басқару моделіне көшуге мүмкіндік береді.

Жағдаят орталығының операторлары бейнекамералар мен датчиктерден келіп түскен деректер бойынша дереу әрекет етеді: іздеудегі адамдарды анықтау, өрт не түтін белгілері, қоқысты заңсыз тастау, төтенше жағдайлар және басқа да оқиғалар тіркеледі.

– Бүгінде 803 камераның 214-і аналитика жүйесімен жабдықталған. Олар толып қалған қоқыс контейнерлерін, рұқсатсыз үйінділерді және қоқыс шығару кестесіндегі олқылықтарды автоматты түрде анықтайды. Бұл коммуналдық қызметтердің жұмысын ашық әрі тиімді етуге, бюджет қаражатын мақсатты жұмсауға жағдай жасап отыр. Осылайша, қала «Таза Қазақстан» экологиялық функциясын жүзеге асыруда нақты цифрлық құралға ие болды, - деп атап өтті басқарма өкілдері.

Алматыда әлеуметтік нысындарға да бейнебақылау жүйесі кеңінен енгізілген:

· мектептерде – 13 мың камера;

· балабақшаларда – 9 мың камера;

· медициналық ұйымдарда – 5 мың камера.

Фото: ШҚО полиция департаменті

Барлық бейне Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. 2025 жылы полиция қызметкерлері AI-бейнеаналитикасының көмегімен 150-ден астам күдіктіні ұстаған, оның ішінде халықаралық іздеуде жүрген адамдар да бар.

Сонымен қатар жасанды интеллект модульдері мектеп асханасына кіріп-шыққан балалардың санын есептейді.

– Бұл деректер «Әлеуметтік әмиян» қызметі мен мектеп асханаларындағы тегін ыстық тамақ беру процесін автоматтандыру жүйесінде пайдаланылады, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Қолданыстағы жүйелермен үйлестіру

Бірыңғай бейнебақылау жүйесі жабық құрылым емес.

– Ол ҚР Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураның Цифрлық қадағалау жүйелерімен, сондай-ақ өрт және күзет дабылдары мен өзге де IP-құрылғылармен интеграцияланған. Осылайша, түрлі жағдайға жедел әрекет етуге мүмкін беретін ведомствоаралық цифрлық өзекке айналды, - деп түсіндірді әкімдік.

Фото: Алматы әкімдікі

Инвестиция және жеке серіктестердің үлесі

Жобаның инвестиция көлемі мен қаржыландыру көзі әзірше нақтылану үстінде.

– Инвестиция көлемі 2026 жылғы жоспарлау аясында қарастырылып жатыр. Бұл мәселе Алматы мәслихатында талқыланып, бекітілгеннен кейін қаржыландыру және жеке серіктес туралы ресми ақпарат жарияланады, - делінген басқарма жауабында.

Тұрғындармен байланыс

Жоғары технологиялық шешімдермен қатар, тұрғындармен байланыс та маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

– Қала тұрғындары OpenAlmaty қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы өз сауалын жолдай алады. Сондай-ақ Android және iOS платформаларында қолжетімді OpenAlmaty мобайл қосымшасы бар, онда азаматтар өтініш қалдырып, электронды түрде жауап ала алады, - деді басқармадағылар.

Тұрғын үй-коммуналдық салада да цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр.

Бұған қоса, ialma.kz платформасы тұрғын үй-коммуналдық салада 40-тан астам қызмет түрін автоматтандырған және бүгінде 10 мыңнан астам өтінішті қарастырған.

Фото: Primeminister.kz

Алматылық оқушыларға арналған жасанды интеллект курстары

Алматыда мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша бір жылдық білім беру бағдарламасы іске қосылды. Оған 10 мың оқушы қатысады, ал үздік мың бала junior-әзірлеуші біліктілігін алып, 1 мың цифрлық өнім жасайды.

Жыл соңына дейін қалада жаңа екі орталық ашылады: TUMO Алматы – жасөспірімдерге арналған креатив технологиялар мектебі және Tomorrow School – жастарға арналған алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі.

Сонымен бірге үш жылдық IT және стартап-экожүйесін дамыту бағдарламасы іске қосылып жатыр. Ол 300-ге дейін жобаны қолдауды, жасанды интеллектіні көлік, медицина, білім беру және коммуналдық салаларға енгізуді және 100 млн доллар инвестиция тартуды көздейді.

Еске салайық, тамыз айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңесте Астана әкімдігі мен Үкіметтің «Ақылды қала» жобасын сәтті жүзеге асырып жатқанын айтқан еді. Мемлекет басшысы бұл тәжірибені еліміздің басқа да ірі қалаларына тарату туралы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2025 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары