Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алматыдағы Сатыбалдыұлының қонақ үйлері мемлекетке өткеннен кейін не болды

Алматыдағы Сатыбалдыұлының қонақ үйлері мемлекетке өткеннен кейін не болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлымен байланысты болған екі қонақүй нысанының тағдыры әлі де белгісіз болып отыр. Есентай өзені жағасындағы құрылысы аяқталмаған қонақүй ауқымды реконструкцияны қажет етсе, DoubleTree by Hilton төңірегінде дау әлі де жалғасып жатыр: құжат бойынша ол мемлекет меншігінде болғанымен, нысанды әлі күнге дейін жеке компания иеленіп отыр.

Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлымен байланысты болған екі қонақүй нысанының тағдыры әлі де белгісіз болып отыр. Есентай өзені жағасындағы құрылысы аяқталмаған қонақүй ауқымды реконструкцияны қажет етсе, DoubleTree by Hilton төңірегінде дау әлі де жалғасып жатыр: құжат бойынша ол мемлекет меншігінде болғанымен, нысанды әлі күнге дейін жеке компания иеленіп отыр.

Tengrinews.kz тілшілері осы ғимараттардың қазіргі жай-күйін анықтап көрді.

Есентай өзені бойындағы құрылысы аяқталмаған элиталық нысан

Еске салайық, жалпы ауданы 9 461,6 шаршы метр болатын құрылысы аяқталмаған қонақүй 2023 жылғы 1 тамызда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен жасалған сыйға тарту шарты бойынша мемлекет меншігіне өткен болатын.

Сол жылдың қыркүйегінде ғимарат ресми түрде Алматы қаласының сот әкімшілігі департаментіне бекітілді.

Фото © Tengrinews.kz

Жақында нысанның меншік иесі ауысты. Алматы әкімдігінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі қаулысына сәйкес, қонақүй мен жер телімі сот әкімшілігі департаменті қарауынан қаланың коммуналдық меншігіне берілді.

Мамырдың аяғында Алматы соты бізге бұл нысанның қала әкімдігі теңгерімінде екенін растады.

Жылжымайтын мүлік "Алматы" ӘКК" АҚ теңгеріміне өткен.

Қонақүйді қалай пайдалану жоспарланған?

ӘКК мәліметінше, ғимаратта IT-хаб ашу жоспарланып отыр. Жоба аясында коворкингтер, IT-компаниялар мен жасанды интеллект саласындағы ұйымдарға арналған кеңселер құру көзделген. Сондай-ақ онда білім беру жобалары, ғылыми-зерттеу орталықтары (R&D), STEM-бағыттар және өзге де технологиялық бастамалар орналасуы мүмкін.

Сондай-ақ олар мемлекеттік органдарды орналастыру қарастырылмағанын хабарлады.

Компания өкілдерінің айтуынша, жоба "нысанды тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, өңірдің технологиялық құзыреттілігін дамытуға қосымша серпін беруі" тиіс.

Жоба қай сатыда?

ӘКК ғимараттың қазіргі жағдайы қомақты инвестицияны қажет ететінін хабарлады. Еске салсақ, биыл қаңтарда редакция тілшілері аяқталмаған нысанды аралап қайтқан болатын. Ол кезде ғимараттың күйі мәз емес еді: қонақүй қараусыз қалғандай көрінетін - терезелерінде әйнек жоқ, қабырғаларына граффити салынған, гранит қаптамалары қирап, мәрмәр бағаналары сындырылып, талқандалған.

"Алматы" ӘКК" мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда техникалық тексеру жүргізіліп жатыр: мамандар ғимараттың жай-күйі мен инженерлік желілерін бағалап жатыр.

Бұл кезеңде реконструкциялау құны әлі анықталған жоқ. Есептеулер жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткеннен кейін жүргізіледі.

"Нысанда дайындық және құрылыс жұмыстары әзірге жүргізіліп жатқан жоқ. Бірінші кезектегі шара ретінде құрылыс қоршауларын орнату мәселесі қарастырылған", - деп хабарлады ӘКК-дегілер.

Жобаны жүзеге асыратын мердігер де әлі таңдалған жоқ. Ол инвестор табылғаннан кейін анықталмақ.

Жобаны қаржыландыру инвестордың және компанияның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Ашылу уақыты қашанға жоспарланған

ӘКК мәліметінше, ғимаратты пайдалануға бермес бұрын бірқатар техникалық және заңнамалық мәселелерді шешу қажет. Атап айтқанда, су қорғау белдеуіне қатысты мәселелерді реттеу, автотұрақ үшін қосымша жер телімін қарастыру, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындап, бекіту, сондай-ақ жер телімінің нысаналы мақсатын - әкімшілік ғимаратты пайдалануға өзгерту қажет.

Сондай-ақ ӘКК нысанның компания теңгеріміне ешқандай ауыртпалықсыз және шектеусіз өткенін нақтылады.

Қазіргі уақытта болашақ IT-хабтың эскиздік жобасы әзірленіп жатыр. Ол сәулет және қала құрылысы органдарымен келісілгеннен кейін жұмысшы және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау басталады.

Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүйі

Қайрат Сатыбалдыұлының активтерімен байланысты тағы бір нысан - Досмұхамедов көшесіндегі DoubleTree by Hilton қонақүйі. Ол қазіргі уақытта сот және қоғамдық даудың ортасында қалып отыр.

Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда

Алматы қалалық мемлекеттік мүлік департаменті редакцияның сауалына берген жауабында, қонақүй ғимараты 2023 жылғы 18 қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлы мен ведомство арасында жасалған сыйға тарту шарты бойынша мемлекет меншігіне өткенін хабарлады.

Департамент мәлімдетінше, ғимаратты өткізу кезінде оны "АБЛИ-Құрылыс" ЖШС иеленіп отырған, бірақ ведомство деректеріне сәйкес, бұған ешқандай заңды негіз болмаған.

Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда

2024 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің "АБЛИ-Құрылыс" ЖШС мен "Abli-Hotels" ЖШС-не нысанды босату туралы талап арызын қанағаттандырды. Қазіргі уақытта сот шешімі Алматы қалалық әділет департаментінде орындалу сатысында жатыр.

Сонымен қатар ведомство нысанға ешқандай тыйым, шектеу немесе кепіл салынбағанын мәлімдеді. Ресми түрде ғимарат мемлекет меншігінде болғанымен, іс жүзінде оны әлі де жеке компания иеленіп отыр.

Күшпен басып алу

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Алматыдағы Hilton қонақүйін "күшпен тартып алу" әрекеті жүріп жатқанын айтып, Бас прокуратураға сауал жолдаған болатын.

Оның айтуынша, мүлік қазіргі иелерінен тартып алынып, қонақүй қызметкерлерінен ғимараттан шығу талап етіліп жатыр. Бапи қонақүйде 250-ге жуық адам жұмыс істейтінін, ал бұл жағдайдың шетелдік қонақтардың көз алдында болып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ мәжілісмен нысанның құны төмендетілген болуы мүмкін екенін мәлімдеді: оның дерегі бойынша, нарықтық құны шамамен 12 миллиард теңге болатын қонақүй 4,5 миллиард теңгеге бағаланған. Ол бұл қадам кейіннен аукцион арқылы сатып алу үшін жасалуы мүмкін деген болжам жасады.

Бапи Бас прокуратурадан болып жатқан оқиғаның заңдылығын тексеруді және барлық қатысушы тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беруді сұрады.

Еске салайық, DoubleTree by Hilton қонақүйінің ғимараты мемлекетке өткізілген жылжымайтын мүлік нысандарының тізіміне енген болатын. Ол кезде Антикор қонақүй ғимаратын 6,49 миллиард теңгеге бағаланғанын хабарлаған еді.

2023 жылдың өзінде-ақ Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Hilton қонақүйі төңірегіндегі мәміле туралы мәселе көтерген болатын. Депутаттың айтуынша, Сатыбалдыұлы қамауда отырған кезінде "Baidala" ЖШС-мен 6 миллиард теңгеге сатып алу-сату шартын жасасқан. Сол материалда қонақүй төңірегіндегі жағдайды рейдерлік басып алу деп атаған кәсіпкер әйелдің де ұстанымы келтірілген еді.

Кейінірек Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы құны 732,8 миллиард теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтері мен ақшалай қаражатын мемлекетке ерікті түрде қайтарғаны хабарланды. Өткізілген активтердің қатарында Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы, Kaisar Towers бизнес-орталығы, DoubleTree by Hilton қонақүйі және басқа да нысандар аталды.

Сатыбалдыұлының басқа да нысандары

Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурызында шетелге ұшпақ болған жерінде ұсталды.

Кейіннен, 2022 жылғы 26 қыркүйекте сот оны екі компанияға мүліктік зиян келтіргені және жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. 2023 жылы оған тағылған басқа да қылмыстар бойынша тергеу жалғасты. Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру туралы іс сотқа 10 қаңтарда түсті. 2024 жылғы 1 сәуірде Сатыбалды аталған іс бойынша кінәсін мойындады.

Ал 2024 жылғы тамызда Өскемен қаласының № 2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдетілген түріне ауыстыру туралы өтінішін қарады.

Сот сотталушының өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін - 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы сомасы 700 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражат пен мүлікті өз еркімен берді.

Олардың ішінде:

Алматыдағы Kaisar Tower бизнес-орталығы (7,9 миллиардтан астам) университетке берілді; құны 800 миллион теңгеден асатын әкімшілік ғимарат – Жүргенов атындағы Өнер академиясына берілді; Астанадағы жалпы құны 5 миллиард теңгеден асатын үш зәулім үй – мүгедектігі бар балаларға арналған орталыққа берілді.

Сондай-ақ мемлекет меншігіне ірі коммерциялық нысандар өтті:

Kaisar Plaza – шамамен 33,5 миллиард теңге; DoubleTree by Hilton қонақ үйі – 6,49 миллиард теңге; "АрСат" бизнес-орталығы – 8,9 миллиард теңге; "Майсат" бизнес-орталығы – 5,2 миллиард теңге; "Мегатау" сауда үйі – 8,9 миллиард теңге; "Байсат" базары – 15,9 миллиард теңге; Астанадағы "Оптимум" бизнес-орталығы – 3,2 миллиард теңге.

Сонымен қатар шетелден ондаған миллиард теңге болатын активтер – ақша, жылжымайтын мүлік және бағалы қағаздар қайтарылды. Оның ішінде Австрия, Лихтенштейн, Түркия және БАӘ-ден қайтарылғандары бар.

Олардың қатарында: Дубайдағы шамамен 20 миллиард теңгелік екі вилла, Францияның Лазурлы жағалауындағы 4 пәтер – шамамен 4 миллиард теңге, Мәскеудегі 15 жылжымайтын мүлік нысаны – 5 миллиард теңге, Түркиядағы (Бодрум және Стамбул) жылжымайтын мүлік – 4 миллиард теңгеден астам.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 09:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары