Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Жапон жанкүйерлерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеті әлемді тағы да таңғалдырды

Қалыпты жиектастар мен асфальтты ауыстырып жатыр ма? Алматы әкімдігі көшенің неліктен жөнделіп жатқанын түсіндірді

Конгода Эболаның 782 жағдайы: індет жаңа денсаулық сақтау аймақтарына таралды

Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

Тазару үшін Меккеге бардым . Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің кісі өлтіргеннен кейінгі бағыты ашылды

Океанариум мен су каналы бар Almaty Water Garden қай жерде орналасады

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

БЖЗҚ дағы қаражатқа балама: қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті ұсынылды

Сауд Арабиясы Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

Қазақстанда конверттегі жалақы мәселесін шешуге бағытталған цифрлық жүйелер енгізіледі

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы сот залында қамауға алынды

Қазақстанда кейбір шағын бекеттерде пойыздардың тоқтауы қысқартылуы мүмкін

Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыдағы бұрынғы қонақүйі қайтадан назарға ілікті

Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыдағы бұрынғы қонақүйі қайтадан назарға ілікті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматының орталығындағы DoubleTree by Hilton қонақүй кешенінің айналасындағы дау өршіп тұр. Мәжіліс депутаты қонақүйді қазіргі иелерінен заңсыз тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді. Бас прокуратура болса, бұл жерде тек заңды күшіне енген сот шешімдерін орындау және бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлы тапсырған мүлікті мемлекетке қайтару туралы сөз болып отырғанын алға тартады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматының орталығындағы DoubleTree by Hilton қонақүй кешенінің айналасындағы дау өршіп тұр. Мәжіліс депутаты қонақүйді қазіргі иелерінен заңсыз тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді. Бас прокуратура болса, бұл жерде тек заңды күшіне енген сот шешімдерін орындау және бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлы тапсырған мүлікті мемлекетке қайтару туралы сөз болып отырғанын алға тартады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сатыбалдыұлы қонақүйді қайтарып алуға тырысып жатыр ма?

Өткен айда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұрын Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған DoubleTree by Hilton қонақүйінің айналасындағы жағдайға байланысты депутаттық сауал жолдаған болатын.

Депутаттың пікірінше, DoubleTree by Hilton төңірегіндегі жағдай жай ғана мемлекеттік мүлік туралы дау емес, бірнеше жыл бұрын басталған оқиғаның жалғасы.

"Төрт жыл бұрын мен бұл қонақүй туралы депутаттық сауал жолдап, оны Қайрат Сатыбалдыұлының жақындары басып алғанын хабарлағанмын. Соңғысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осы кезең ішінде ол мемлекетке өз активтерінің бір бөлігін қайтарды, олардың арасында Hilton қонақүйі де болды. Алайда, анықталғандай, олигархтың сыбайластары түрлі айла-шарғылар мен махинациялар арқылы бұл қонақүйді жасырын түрде Сатыбалдыұлының өзіне тиесілі компанияның есебіне қайта рәсімдеген. Егер "Хилтон" оның активтеріне жалған түрде жазылмағанда, бұл қонақүй бастапқыда Сатыбалдыұлының мемлекетке қайтарған мүліктерінің тізіміне енбес еді", - делінген депутаттың сауалында.

Бапи қазіргі уақытта жаңа схемалар арқылы Сатыбалдыұлының құрылымдарына жазылған Hilton қонақүйі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы аукционға шығарылып жатқанын және Сатыбалдыұлымен байланысты жалған компаниялар арқылы оны төмендетілген бағамен қайта сатып алу әрекеттері жасалып жатқанын айтты.

"Активтерді қайтару жөніндегі комиссия арқылы Hilton қонақүйі небәрі 4 миллиард теңгеге бағаланып, осы құнмен мемлекетке өткізілді. Алайда, тәуелсіз қаржы сарапшыларының бағалауынша, оның нарықтық құны 11 миллиард теңгеден асады. Алматының қақ ортасында орналасқан әлемдік деңгейдегі қонақүй неге соншалықты арзан бағаланды? Жауабы айқын: Сатыбалдыұлымен үлестес компания арқылы оны аукционда ең төменгі бағамен қайта сатып алу үшін", - деді мәжілісмен.

Бапидың айтуынша, қонақүйді басқа қолға беруге мүдделі ведомстволар құнды активті заңды иелерінен тартып алып қана қоймай, оларға қосымша 4,5 миллиард теңге көлемінде ойдан шығарылған салық қарызын да "ілген".

Сондай-ақ, депутаттың сөзінше, қонақүй қызметкерлері көшеде қалып, 250-ге жуық адам бір сәтте жұмыссыз қалуы мүмкін.

Осыған байланысты мәжілісмен Бас прокуратурадан тергеу жүргізіп, заңдылықты қалпына келтіруді сұрады.

Бас прокуратура не деп жауап берді?

Бас прокуратураның депутаттық сауалға берген жауабына сәйкес, 2023 жылғы 18 қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлы сыйға тарту шарты бойынша DoubleTree by Hilton кешенін Алматы қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне (ММЖД) өткізді. Сол күні нысан мемлекет меншігіне қабылданды.

Қонақүй мемлекетке өткеннен кейін де оны "АБЛИ-Құрылыс" ЖШС мен "Abli-hotels" ЖШС иеленіп келген. Осыған байланысты ММЖД аталған заңды тұлғаларға кешенді босатуды міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 2024 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырды. Шешім 2024 жылғы 3 шілдеде заңды күшіне енді.

Сол жылдың 18 шілдесінде сот тағы бір талап арызды қанағаттандырды – "Abli-hotels" ЖШС-нен мемлекеттік мүлікті нақты пайдаланғаны үшін 1,1 миллиард теңгеден астам қаражат өндірілді. Бұл талап та қанағаттандырылып, сот шешімі 2024 жылғы 9 қыркүйекте заңды күшіне енді.

Шығару неге кешікті?

Бас прокуратураның жауабынан белгілі болғандай, сот шешімдерінен кейін атқарушылық іс жүргізу басталған. Сот орындаушылары компанияларға нысанды босату қажеттігі туралы бірнеше рет хабарлама жолдаған.

"АБЛИ-Құрылыс" ЖШС сот орындаушысының әрекеттеріне бірнеше рет шағымданды, бірақ нәтиже шықпады. 2025 жылдың қараша айында сот шешімін орындамағаны үшін компаниядан 629 мың теңге көлемінде өсімпұл өндірілді.

"2026 жылғы 8 мамырда сот орындаушысы "АБЛИ-Құрылыс" мекенжайына сот актісін орындау қажеттігі және 2026 жылғы 21 мамырға мәжбүрлі түрде шығару белгіленгені туралы хабарлама жіберді. 2026 жылғы 22 мамырда "АБЛИ-Құрылыс" ЖШС өкіліне сот шешімін орындау және қонақ үй кешенін 2026 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде босату туралы міндеттеме берілді, алайда ол белгіленген мерзімде орындалмады", - делінген Бас прокуратураның депутаттық сауалға берген жауабында.

29 мамырда сот орындаушысы полицияға жүгінді, ал 1 маусымда сот шешімін орындамау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 430-бабы ("Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау") бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бәрі заң аясында

Бас прокуратура бұл жағдайда мемлекеттік органдар мемлекеттің мүлікті басқару және пайдалану құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет мүддесі үшін және өздеріне жүктелген өкілеттіктер аясында әрекет еткенін мәлімдеді.

"Мұндай жағдайларда заңсыз әрекеттердің, соның ішінде үшінші тұлғалардың мүдделерін лоббилеу белгілері анықталған жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте қадағалау органы атқарушылық рәсімдер аяқталғаннан кейін DoubleTree by Hilton қонақ үй кешенін мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес сауда-саттыққа шығару жоспарланып отырғанын растады.

Еске сала кетейік, DoubleTree by Hilton қонақүйінің ғимараты мемлекетке өткізген жылжымайтын мүлік нысандарының тізіміне енген болатын. Ол кезде Антикор ал қонақүй ғимараты 6,49 миллиард теңгеге бағаланғанын хабарлады.

2023 жылдың өзінде-ақ Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Hilton қонақ үйі төңірегіндегі мәміле туралы мәселе көтерген болатын. Депутаттың айтуынша, Сатыбалдыұлы қамауда отырған кезінде "Baidala" ЖШС-мен 6 миллиард теңгеге сатып алу-сату шартын жасасқан. Сол материалда қонақ үй төңірегіндегі жағдайды рейдерлік басып алу деп атаған кәсіпкер әйелдің де ұстанымы келтірілген еді.

Кейінірек Қайрат Сатыбалдыұлының заңсыз иемденген 732,8 миллиард теңгеден астам соманың активтері мен қаражатын мемлекетке ерікті түрде қайтарғаны хабарланды. Өткізілген активтердің арасында Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы, Kaisar Towers бизнес-орталығы, DoubleTree by Hilton қонақ үйі және басқа да нысандар аталды.

Сатыбалдыұлының басқа да нысандары

Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурызында шетелге ұшпақ болған жерінде ұсталды.

Кейіннен, 2022 жылғы 26 қыркүйекте сот оны екі компанияға мүліктік зиян келтіргені және жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. 2023 жылы оған тағылған басқа да қылмыстар бойынша тергеу жалғасты. Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру туралы іс сотқа 10 қаңтарда түсті. 2024 жылғы 1 сәуірде Сатыбалды аталған іс бойынша кінәсін мойындады.

Ал 2024 жылғы тамызда Өскемен қаласының № 2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдетілген түріне ауыстыру туралы өтінішін қарады.

Сот сотталушының өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін - 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы сомасы 700 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражат пен мүлікті өз еркімен берді.

Олардың ішінде:

Алматыдағы Kaisar Tower бизнес-орталығы (7,9 миллиардтан астам) университетке берілді; құны 800 миллион теңгеден асатын әкімшілік ғимарат – Жүргенов атындағы Өнер академиясына берілді; Астанадағы жалпы құны 5 миллиард теңгеден асатын үш зәулім үй – мүгедектігі бар балаларға арналған орталыққа берілді.

Сондай-ақ мемлекет меншігіне ірі коммерциялық нысандар өтті:

Kaisar Plaza – шамамен 33,5 миллиард теңге; DoubleTree by Hilton қонақ үйі – 6,49 миллиард теңге; "АрСат" бизнес-орталығы – 8,9 миллиард теңге; "Майсат" бизнес-орталығы – 5,2 миллиард теңге; "Мегатау" сауда үйі – 8,9 миллиард теңге; "Байсат" базары – 15,9 миллиард теңге; Астанадағы "Оптимум" бизнес-орталығы – 3,2 миллиард теңге.

Сонымен қатар шетелден ондаған миллиард теңге болатын активтер – ақша, жылжымайтын мүлік және бағалы қағаздар қайтарылды. Оның ішінде Австрия, Лихтенштейн, Түркия және БАӘ-ден қайтарылғандары бар.

Олардың қатарында: Дубайдағы шамамен 20 миллиард теңгелік екі вилла, Францияның Лазурлы жағалауындағы 4 пәтер – шамамен 4 миллиард теңге, Мәскеудегі 15 жылжымайтын мүлік нысаны – 5 миллиард теңге, Түркиядағы (Бодрум және Стамбул) жылжымайтын мүлік – 4 миллиард теңгеден астам.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

15 Маусым 2026 10:49see125

Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

15 Маусым 2026 16:24see122

Жапон жанкүйерлерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеті әлемді тағы да таңғалдырды

15 Маусым 2026 15:44see119

Қалыпты жиектастар мен асфальтты ауыстырып жатыр ма? Алматы әкімдігі көшенің неліктен жөнделіп жатқанын түсіндірді

15 Маусым 2026 11:16see118

Конгода Эболаның 782 жағдайы: індет жаңа денсаулық сақтау аймақтарына таралды

15 Маусым 2026 18:30see115

Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

15 Маусым 2026 21:21see114

Тазару үшін Меккеге бардым . Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің кісі өлтіргеннен кейінгі бағыты ашылды

16 Маусым 2026 14:48see113

Океанариум мен су каналы бар Almaty Water Garden қай жерде орналасады

15 Маусым 2026 18:34see112

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

15 Маусым 2026 15:09see112

БЖЗҚ дағы қаражатқа балама: қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті ұсынылды

15 Маусым 2026 14:06see112

Сауд Арабиясы Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды

16 Маусым 2026 07:40see111

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

16 Маусым 2026 17:48see111

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

16 Маусым 2026 20:58see111

Қазақстанда конверттегі жалақы мәселесін шешуге бағытталған цифрлық жүйелер енгізіледі

15 Маусым 2026 15:53see110

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

15 Маусым 2026 19:41see109

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы сот залында қамауға алынды

15 Маусым 2026 15:31see109

Қазақстанда кейбір шағын бекеттерде пойыздардың тоқтауы қысқартылуы мүмкін

16 Маусым 2026 16:03see108

Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады

16 Маусым 2026 10:37see108

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды

15 Маусым 2026 09:35see108

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

16 Маусым 2026 23:01see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары