Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ақмол тұрғындары көшіп кеткісі келмейтін ауыл

Ақмол тұрғындары көшіп кеткісі келмейтін ауыл

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Tengrinews.kz редакциясы "Астана маңы" атты жаңа арнайы жобаны бастайды.

Онда біз елордаға жақын орналасқан елді мекендер туралы баяндаймыз. Ондағы жұрттың тыныс-тіршілігі, тұрмысы және күнделікті өмірі қандай екенін көрсетеміз. Елорда маңында да өмір бар екені анық, бірақ ол қандай? Біз бұл туралы біле бермейміз.

Арнайы жобаның әр шығарылымында белгілі бір ауылдың жол жағдайына, мектеп, аурухана және балабақшалардың бар-жоғына назар аударамыз. Сондай-ақ тұрғындарға елордаға қатынау қаншалықты ыңғайлы екенін, жұмыс орындарын, демалыс мүмкіндіктерін, әлеуметтік және туристік инфрақұрылымды, үйлер мен жер телімдерінің бағасын қарастырамыз. Қай ауылдың ең үздік атанатынын оқырман мен көрермен шешеді. Ең бастысы - жаңа материалдарды жіберіп алмаңыздар.

Ақмола облысының Целиноград ауданы Астананы жан-жағынан қоршап жатқандықтан, көбінесе осы ауданның ауылдарын аралаймыз. Сондықтан алдымен ауданның жүрегі, оның орталығы - Ақмол ауылына бару қисынды деп шештік.

Репортаждың видеонұсқасын біздің Tengri TV YouTube-арнасынан көре аласыздар:

Енді ауылдың өзіне тоқталайық. Алдымен аз-кем тарих пен сандарға мән берсек.

Ақмол Астананың шекарасынан 20 шақырым немесе орталығынан шамамен 40 шақырым жерде орналасқан. Ауыл тарихы өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастау алады. Онда қасіретті сәттер өте көп.

1937 жылы мұнда ГУЛАГ жүйесіндегі ең ірі лагерьлердің бірі – Отанға опасыздық жасағандардың әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР) құрылды. 50-жылдардың басында ол жабылғаннан кейін, осы аумақ пен іргелес жерлерде елді мекен қалыптаса бастады. Бастапқыда бұл жер "26-нүкте" ретінде белгілі болса, кейін Малиновка аталған.

Малиновка ауылындағы өндіріс жұмысшылары, 1981 жыл. Сурет: Нұрмұхамат Имамов / Imamov.kz

Бірнеше онжылдық бойы бұл кент Целиноград ауданындағы ең ірі елді мекендердің бірі болып қалды. 2007 жылы Малиновка атауы Ақмол болып өзгертілді.

Ақмол ауылы. Сурет: ©️ Tengrinews.kz/Нұрлан Әлжабаев

Ресми мәлімет бойынша, ауылда 10 мыңға жуық адам тіркелген. Алайда іс жүзінде 18 мыңға жуық халық тұрады.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

"Ауыл" дегенде, әдетте, үйреншікті көрініс елестейді - жеке үйлер мен қора-жайлар.

Бірақ Ақмолдың кіреберісінен көптеген жаңа көпқабатты үйлерді байқадық, олардың бір бөлігіне халық қоныстанған, ал қалғаны әлі салынып жатыр. Бұл тұрғын үйге деген сұраныстың жоғары екенін аңғартады.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ақмолдың көптеген тұрғыны Астанаға қатынап жұмыс істейді, бірақ жалпы ауылдың өзінде де жұмысқа орналасатын орындар бар.

Біріншіден, бұл - аудан орталығы, сондықтан мұнда ауданға қажетті барлық мемлекеттік орган шоғырланған. Екіншіден, Ақмол Кеңес өкіметі кезінен бастап жұмыртқа және құс етін өндіруімен танымал.

Қазір мұнда осындай екі ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Өндіріс пен жұмыс орындарының болғаны жақсы. Алайда жергілікті тұрғындар желмен бүкіл Ақмолға жайылатын жағымсыз иіске шағымданады. Оны біз де сездік. Кейбір ауыл тұрғындары бұл иіс құс фабрикасының өзінен келеді десе, енді бірі ауыл іргесіндегі қи қоймасын кінәлайды.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бірақ жағымсыз иіске мұнда жақында көшіп келгендер шағымданады. Ал байырғы тұрғындардың көбі бұл қолайсыздыққа түсіністікпен қарайды. Мұндағы құс фабрикасы - қала құраушы кәсіпорын, оның жұмыс істеп тұрғанына 50 жылдан асқан, онда жүздеген адам еңбек етеді. Оның үстіне ол тек елорда тұрғындарын емес, басқа аймақтарды да азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал әлеуметтік инфрақұрылымға келсек, мұнда балалар ойын аймағы және кішігірім алаңдар, сәлемдеме беру пункттері, постаматтар, дәмханалар, мейрамханалар, дүкендер, базарлар мен Астанаға бармай-ақ алуға болатын басқа да қызмет түрлері бар. Бұлардың бәріне сұраныс жоғары. Барлығы дерлік қаладағыдай.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ақмол ауылында үш балабақша және екі мектеп бар, олардың бірі бірі - 1200 оқушыға дейін арналған жайлы мектеп.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бізге мектеп ішіне кіріп көруге рұқсат берді. Мұнда 3D-принтерлер де, мұғалімдердің ата-аналармен кездесуіне арналған кабинеттер де, әдемі безендірілген дәліздер де бар (қабырға түсіне мән беріп көріңіздер).

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Қазіргі балалар үшін қуанып, жергілікті ауруханаға бет алдық. Бұл - 2014 жылы салынған Целиноград аудандық емханасы.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Мұнда тек Ақмолдың емес, басқа да ауылдардың тұрғындары емделеді. Бірақ мұнда үлкен кезек байқамадық.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сондай-ақ мұндағы жабдықтарды көрсетуді өтіндік. Мамандардың түсіндіруі бойынша, жергілікті тұрғындардың елордаға тек МРТ-ға түсуге баруына тура келеді. Қалған барлық тексеру осы аудандық емханада қолжетімді.

Дәрігерлер де жеткілікті деп сендірді. Жергілікті халықтың айтуынша, кадр тапшылығы байқалса, ол тек мейірбикелер арасында болуы мүмкін.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал егер МРТ-ға түсуге бәрібір елордаға бару керек болса, оның қолжетімділігіне тоқталайық: Ақмолдан Астанаға дейін екі қала маңындағы автобус - 305 және 312 қатынайды. Ал таксимен баратын болсаңыз, жолақысы бір адамға 700 теңге болады.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ойын-сауық мәселесіне келсек. Әрине, мұнда сауда орталығы жоқ. Бірақ дәстүрлі түрде, кез келген ірі ауылдағыдай, Мәдениет үйі бар.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Мұнда түрлі үйірмелер жұмыс істейді, хор бар, мезгіл-мезгіл концерттер қойылып тұрады. Рас, біз барғанда дайындық үстінде ешкімді кездестіре алмадық.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ауыл көшелері мен әлеуметтік нысандарында адам қарасы тым аз көрінуі мүмкін. Біз де бұған назар аудардық. Бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, күндіз жұрттың бәрі жұмыста - жергілікті кәсіпорындарда немесе елордаға кетеді, ал ауыл кешке қарай жандана бастайды. Жазда бұған күннің райы да себеп болады.

Ал біз экскурсиямызды жалғастырамыз. Спорт сүйер қауым үшін Ақмолда дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынғанын білдік. Онда аз ғана ақыға жаттығу залына, бассейнге және түрлі секцияларға баруға болады.

Төлемақы расында да көп емес.

Жаттығу залындағы сабақтар:

ересектерге - сағатына 900 теңге, балалар мен ерекше қажеттіліктері бар жандарға - екі есе арзан.

Бассейнге бару:

ересектерге - сағатына 1 000 теңге, балалар мен ерекше қажеттіліктері бар жандарға - 450 теңге.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ақмол ауылында туристерге де тартымды орындар бар. Ең бастысы - "АЛЖИР" музей-мемориалдық кешені.

"АЛЖИР" музей-мемориалдық кешені. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Қонақтарға баруға кеңес берілетін тағы бір орын - киіз үй шеберханасы және Ақмол ауылының маңында біртіндеп кеңейіп жатқан экологиялық этножоба. Оған жету үшін осы жердегі Жалаңаш көлін сәл айналып өту керек.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Мұнда біз бір шебер киіз үйді бір айда дайындай алатынын немесе 25 адам оны бір күнде жасап шыға алатынын білдік.

"Менде Қазақстанның әр мектебіне киіз үй орнату идеясы бар, - деп ақмолдық киіз үй шебері Нұрлан Төкенов өзінің өршіл жоспарларын бөлісті. - Қазір көбі өз халқының салт-дәстүрін білмейді. Ал мұндай киіз үйлерде сабақ өткізіп, осының бәрін айтып беруге болады. Мұны депутаттарымыз бен тиісті министрлік өкілдеріне ұсынуды ойлап жүрмін".

Нұрлан Төкенов, киіз үй жасау шебері. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Ақмолдың тыныс-тіршілігімен танысып жүргенімізде кеш те батты. Күн соңына қарай ауыл көшелері расында да жандана түсті. Ақыры жергілікті тұрғындармен тілдесіп, оларға мұнда не ұнайтынын және неге назар аударуымыз керек екенін сұрадық.

Осылайша біз ауылдың байырғы тұрғыны, ақжарқын Әлфия Қоянбайқызымен таныстық.

"Мұндағы тұрмыс өте жақсы, - дейді ол бірден күлімсіреп. - Халықтың жұмысы бар, жалақысы уақытылы төленеді. Сол құс фабрикасының өзінде барлық жағдай жасалған. Мен өзім де сонда істедім. Үйлерде жылу бар, жаңа баспаналар салынып жатыр. Бізде бәрі жақсы. Тек судан аздап іркілістер болып тұрады, бірақ мұның бәрі шешілетін мәселелер".

Әлфия Қоянбайқызы, Ақмол ауылының тұрғыны. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Содан кейін бір топ егде жастағы ер адамдармен әңгімелестік - олар кешкісін карта ойнау үшін жиі бас қосатын достар болып шықты.

"Жақсы тұрып жатырмыз, - дейді олар кезек-кезек. - Бізге бәрі ұнайды. Жұмыс бар. Жалақы да ауыл үшін жақсы. Тек су мәселесі шешілсе екен. Иіс те болып тұрады, бірақ онсыз болмайды ғой, бұл құс фабрикасы емес пе. Ол болмаса, адамдар қайда жұмыс істейді? Сондықтан біз үйреніп кеткенбіз".

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ауылдың тағы бір байырғы тұрғыны Галина Васильевна ата-анасының 59-жылы осында көшіп келіп, осы ауылды салғанын айтып берді:

"Бізде субұрқақтардың жұмыс істемей тұрғанын байқаған шығарсыз, бұл суға қатысты проблемалардың болуынан. Бірақ ауылымыз өте жақсы. Ешқашан бұл жерден кетпеймін, көшпеймін де. Қазақстан - менің отбасым, Отаным. Егер біреу осында көшуді ойлап жүрсе, мен оларға көшуге кеңес берер едім. Астана жақын. Ақмолда тұру жайлы. Жұмыс жетеді, балабақшалар, аурухана бар. Балалар үшін көп нәрсе жасалған".

Галина Васильевна, Ақмол ауылының тұрғыны. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Айтпақшы, біз жергілікті әкімдіктен су тапшылығына қатысты шағымдар туралы сұрадық. Ондағылардың түсіндіруі бойынша, жазда тұтыну көлемі өседі, ал оны жүйе көтере алмайды: ауыз суды бау-бақша суаруға, бассейндерді толтыруға және құрылыс жұмыстарына жаппай пайдаланады. Сондай-ақ кейбіреулер насос орнатып алады, бұл басқа пайдаланушылар үшін құбырдағы қысымды төмендетеді.

Бұл ретте қолданыстағы сумен жабдықтау көздері тек Ақмолды емес, көршілес Қараөткел және Қаражар ауылдарын да қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан су уақытша кесте бойынша беріледі, ал қуаттылықты арттыру үшін жаңа ұңғымалар бұрғыланып жатыр деп сендірді мемлекеттік органдағылар.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ең соңғы тоқталатын жайт - Ақмол ауылындағы жылжымайтын мүлік бағасы. Мұнда тұрғын үйлердің құны шамамен 16 миллион теңгеден, бос жер телімдері бір жарым миллионнан басталады. Пәтерлердің жағдайы Астананың шеткері аудандарымен бірдей: сәл арзандау болғанымен, айырмашылық аса үлкен емес.

Егер сіз Ақмол ауылында тұрсаңыз немесе мұнда қонақ болсаңыз, пікір бөлісіңіз. Мүмкін, біз қандай да бір маңызды дүниені байқамай қалған немесе ескермеген болармыз. Ал біз "Астана маңы" жобасын жалғастырып, алдағы жарияланымдарда қала маңындағы басқа да ауылдар туралы баяндаймыз.

Авторлары: Иван Сухоруков, Нұрлан Алжабаев, Роман Павлов

Аударға: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

“Таңдауымыз осында түсті“: Таулардың арасындағы Коробиха қалай жанданып келеді?

Староверлер ұрпағы, басқа интернет және дуалау. ШҚО-дағы Поперечное ауылы несімен таңғалдырады?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 10:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары