Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Атырау облысында ауыл тұрғындары күзгі терімге жұмылды

Атырау облысында ауыл тұрғындары күзгі терімге жұмылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырау облысында ауыл тұрғындары көкөніс алқаптарына келіп, шаруаларға қолғабыс етіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Биыл 9,6 мың гектардан 120 мың тоннадан астам өнім жиналуы тиіс. Оның 70 мың тоннасы картоп, пияз, сәбіз, қызылша секілді әлеуметтік маңызы бар дақылдар. Қалғаны маусымдық бау-бақша өнімдері. Ендігі міндет – осынау ел ризығын үсітпей дер кезінде жинап алу. Бүгінде Махамбет ауданында 120 адам егіс алқабында жүр.

Аумағы ат шаптырым алқап қайнаған еңбек қырманына айналған. Мұнда 40-қа тарта адам жаз бойғы төгілген тердің жемісін теріп жатыр. Сарытоғай ауылының тұрғындары жиын-терім науқанына төселіп алған. Бұған дейін олар 20 гектардан пияз жинапты. Енді бітік шыққан сәбізді суыққа ұрындырмай жинап алуға жұмыла кірісіп жатыр. Көмекке келгендерге кесімді жалақы белгіленген. Қосымша жинаған өнімінен алады.

Ләззат Тәжіғалиева, ауыл тұрғыны:

- Халыққа табыс болып жатыр. Жұмысы жоқтарға көмек. Жуа жинадық, қызылша жинадық. Әйтеуір не жинаса да, арасынан үлесімізді алып жатырмыз. Көлігімен әкеледі, аяғымыз жерге тимейді. Жұмысшылардың бар жағдайын жасап қойған.

Махамбет ауданының егіншілері үшін биыл күз берекелі болды. Олар қазірдің өзінде 5 мың гектар алқаптан 3 мың тонна картоп, 30 мың тоннадан астам көкөніс және 23 мың тоннаға жуық бау-бақша өнімдерін жинап үлгерді. Күзгі дала жұмыстарына жақын ауылдардан 100-ден аса тұрғын тартылған. Қазір негізгі жиын-терім науқаны аяқталуға таяу.

Олжас Мырзабаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Қазір 3 шаруа қожалығы қалды, 40 гектардың үстінде. Ауыл халқы шаруа қожалықтарына көкөніс, картоп өнімдерін жинауға көмектесіп жатыр. Оларға көкөніспен қосымша қаражат беру қарастырылған. Жиын-терім науқанын 1 аптаның айналасына аяқтаймыз.

Биыл облыс бойынша 70 мың тоннаға жуық көкөніс түрлері жиналды. Сөйтіп, өңірде алғаш рет ішкі нарықты картоп, пияз сәбіз секілді өнімдермен қамту көрсеткіші 90%-тен асты. Өнім мол болса, табыс та еселене түсетіні белгілі. Сондықтан қожалықтар келер жылы егіс көлемін ұлғайтып, 13 мың гектарға жеткізуді межелеп отыр. Олардың тұқым, тыңайтқыш және жанар-жағармайға кеткен шығындарының бір бөлігін мемлекет өтейді.    

Азат Қапанов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

- Егін шаруашылығындағы 5 бюджеттік субсидиялау бағдарламасына жергілікті бюджет есебінен 465 млн теңге қаражат бөлінді Күні бүгінге 50 ден астам шаруа қожалығы субсидия алып, өз шаруашылықтарын реттеді. 

Мемлекеттің мұндай қолдауы ең алдымен тұтынушыға тиімді. Өйткені бүгінде қала базарлары мен жәрмеңкелерде жергілікті өнімдердің бағасы нарықтан 20-25% арзандады. Бұған дейін картопты Павлодардан, көкөніс пен бақша өнімдерін оңтүстіктен тасымалдап келген өңір үшін бұл үлкен жетістік.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 15:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары