Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

“Жуыну мен кір жуу сән салтанатқа айналды“: Ақмол ауылының тұрғындары су мәселесі туралы айтты

“Жуыну мен кір жуу сән салтанатқа айналды“: Ақмол ауылының тұрғындары су мәселесі туралы айтты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Астана іргесіндегі Ақмол ауылының тұрғындары сумен жабдықтау мәселесінің тұрақты түрде туындайтынына шағымданды. Түрлі инстанцияларға жолданған өтініштер әзірге жағдайды шешуге көмектеспеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кешкі тоғыздан бастап өшіретін": Ақмол тұрғындары неге сусыз қалды?

Целиноград ауданының Ақмол ауылында ауызсуға қатысты күрделі мәселелер туындап отыр, ол жазда ушығып, күзде де тоқтамайды. Жергілікті тұрғын Айдархан Аушахманов іркілістер бұрын да болғанын, бірақ 2025 жылдың жазынан бастап жағдайға төзу мүмкін болмай кеткенін айтты.

"Суды шелекке, кәстрөлге және шәйнектерге жинап алып, 2025 жылдың жазынан әрең шықтық. Бірақ 2026 жылдың жазында жағдай шектен шықты! Басында суды 00:00-ден 06:00-ге дейін өшірсе, кейін мүлдем 21:00-ден 06:00-ге дейін өшіре бастады. Қысымның төмендігінен су бес қабатты үйлердің жоғарғы қабаттарына жетпей қалатын", – деді ол.

Тұрғынның айтуынша, жергілікті әкімдік мұны бау-бақша суарумен және жеке сектордағы бассейндермен түсіндіреді.

"Бұл мәселені отбасымызбен өте ауыр өткердік: далада ыстық, су жоқ, оның үстіне кішкентай бала бар... Жазда жуыну мен кір жуу біз үшін сән-салтанатқа айналды. Күні бойы жұмыс істеп, үйге терлеп-тепшіп келгенде су жоқ болады. Қысқасы, нағыз берекетсіздік. Инстанцияларға жүгінбедім, бірақ iKomek-ке хабарластым. Ол жерден: "Түнгі уақытта суды өшіру – сумен жабдықтауды тұрақтандыру және резервуарлардағы су деңгейін қалпына келтіру үшін енгізілетін шара" деген жауап келді, – деп бөлісті Айдархан Аушахманов.

Сондай-ақ ер адам коммуналдық қызмет өкілдерінің жаңа ұңғыма бұрғылап, судан сынама алғанын, бірақ сараптама нәтижелері халыққа әлі айтылмағанын жеткізді. Жергілікті тұрғындар алда оларды не күтіп тұрғанын білмейді.

Мәселе туралы тұрғын Марат Жанғожин де айтып берді. Оның сөзінше, Ақмолда сумен қамтудағы іркілістер халық санының жедел өсуіне байланысты бірнеше жылдан бері жалғасып келеді: кейінгі уақытта тұрғындар саны екі есе артқан, ал инфрақұрылым бұған дайын болмай шыққан.

Ол ақаулардың барлық кезеңде – сорғылардан бастап ескі құбырлар мен жинақтағыштарға дейін туындап жатқанын атап өтті. Ауылда тіпті мәселенің бір бөлігін шешуге қауқарлы жаңа су жинақтағыш салынған, бірақ ол әлі іске қосылмаған.

Қазір мәселе бұрынғыдай өткір емес: күз келіп, суға деген сұраныс сәл төмендеді. Дегенмен редакцияға жүгінген жергілікті тұрғындар жағдай келесі жазда қайталанбауы үшін биліктен мәселені шешуді сұрайды.

Коммуналдық қызметтер мен мемлекеттік органдар не деп жауап берді?

Ауыл тұрғындары өз мәселелері бойынша партиялар мен мемлекеттік органдарға жүгінген. Түрлі ведомстволар оларға мынадай жауаптар қайтарған.

Жазғы суару және желілерге түсетін жоғары жүктеме

"Целиноград Су Арнасы" кәсіпорны Ақмолдағы мәселелерді жазғы кезеңде желілерге түсетін жүктеменің артуымен түсіндірді: ыстықта ауызсу бау-бақша суаруға, бассейндер мен су айдындарын толтыруға белсенді түрде жұмсалады, соның салдарынан жүйе шекті мүмкіндігінде жұмыс істейді. Олардың мәліметінше, тапшылық маусымдық сипатқа ие және күзде жағдай әдетте тұрақталады, ал уақытша шектеулер мен қысымның төмендеуі – амалсыз шара.

"Қазіргі уақытта "Астана Су Арнасы" мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр (...) Қараөткел және Қаражар ауылдарының маңында су беру көлемін арттыруға бағытталған екі қосымша ұңғыма бұрғыланды. Сондай-ақ Оразақ топтық су құбырындағы апатты ұңғымалар қалпына келтіріліп, тазартылды, олар жүйеге қосылатын болады", – деп хабарлады коммуналдық қызмет.

Тозған су жүйесі және халық санының өсуі

Прокуратураның ақпаратынша, сумен қамтудағы іркілістер халық санының қарқынды өсуі мен ескірген су жүйесі қуаттылығының жетіспеушілігінен туындаған. Ведомство су беру кестесі инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары аяқталғанша уақытша енгізілгенін түсіндірді.

"Қаражар ауылының сорғы станциясына жақын жерде екі қосымша ұңғыма бұрғыланды. Қазіргі уақытта судың сапасына зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары орындалып, оларды сумен жабдықтау жүйесіне қосу жүзеге асырылады", – деп жауап берді қадағалау органы.

Тоғыз ауыл бір көзден су ішеді

Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ақмол ауылы мен Целиноград ауданының тағы сегіз елді мекені бірыңғай көз – Оразақ топтық су құбырынан су алатынын хабарлады. Бір жүйеге түсетін жоғары жүктемені ескере отырып, аудан әкімдігі "шұғыл және перспективалы қадамдар жасап жатыр".

"Қараөткел ауылының ауданында биыл Целиноград ауданының әкімдігі екі ұңғыма бұрғылады, оларды қосу жұмыстарын биылғы жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2026 жылдың соңына дейін тағы екіден төртке дейін ұңғыманы қосу мәселесі қарастырылып жатыр. Целиноград ауданы ауылдарын сумен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін болашақта шешу мақсатында 2027 жылы Оразақ топтық су құбырының екінші желісін салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарланған", – деп хабарлады ведомство.

Целиноград ауданының әкімдігі не деп жауап берді?

Tengrinews.kz су мәселесін қалай шешу жоспарланып жатқанын анықтау үшін Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімдігіне ақпарат алу үшін жүгінді.

Әкімдіктегілер күзгі кезеңдегі су берудегі кезекті іркілістер 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарымен және туындаған апаттық жағдаймен байланысты екенін түсіндірді. Айтуларынша, жұмыс барысында коммуналдық қызметкерлер кептеліп қалған ысырмаға тап болған, оны ауыстыру үшін диаметрі 200 миллиметрлік магистральдық құбырды толығымен жабуға тура келген.

"Жұмыс басталғанға дейін Ақмол ауылының тұрғындарына су берудің уақытша шектелетіні туралы алдын ала хабарланды. Жұмыс нәтижесінде сумен жабдықтауда қысқа мерзімді іркіліс болды", – деп хабарлады аудандық әкімдік.

Сонымен қатар әкімдік жергілікті билік сумен жабдықтаудағы іркілістердің қайталануын нақты қалай болдырмайтынын нақтыламады.

Бұған дейін біз алматылықтардың су үшін жарты миллиард теңге қарыз екенін жазған болатынбыз. "Алматы Су" компаниясының мәліметінше, қарыздың 250 миллионға жуығы көппәтерлі үй тұрғындарына тиесілі болса, тағы 300 миллионнан астамы жеке сектор тұрғындарының үлесінде. Толығырақ материалда.

Тағы оқыңыз: “Қазақстанға жете ме?“ - Орталық Азиядағы су тапшылығы туралы министрмен сұхбат

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 16:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see154

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see154

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see145

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see145

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see144

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see143

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see143

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see140

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see140

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see139

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see138

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

28 Қазан 2026 18:52see137

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see136

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

30 Қазан 2026 07:21see127

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

30 Қазан 2026 12:12see125

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

30 Қазан 2026 04:23see124

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

29 Қазан 2026 18:59see124

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

30 Қазан 2026 02:40see119

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

30 Қазан 2026 12:31see118

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

30 Қазан 2026 02:40see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары