United Airlines Қазақстанға рейстер ашуы мүмкін
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Америкалық United Airlines әуекомпаниясы Қазақстан мен Өзбекстанды халықаралық маршруттық желіні кеңейтудің әлеуетті бағыттары ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Скотт Кирби Cheeky Pint, деп хабарлайды Tengri Travel.
Сұхбат барысында Кирбиден әуекомпания жаңа бағыттарды қалай таңдайтыны туралы сұралды. Оның айтуынша, бұл мәселемен Патрик Куэйл бастаған арнайы топ айналысады. Олар ерекше бағыттарды зерттеп, статистика бойынша әрдайым анықтала бермейтін келешегі зор бағыттарды іздейді.
"Мәселен, біз Испания мен Португалияның қажылық маршруттарымен байланысты бірнеше қаласына рейстер аштық. Адамдар бір қалаға ұшып келіп, содан кейін басқа қажылық орнына дейін бірнеше жүз шақырым жаяу жүреді, ал сол жерден үйлеріне ұшып кетеді. Біз екі бағытты да аштық және олар өте сәтті болды", - деді Кирби.
United Airlines басшысының айтуынша, биыл Патрик Куэйл нарықтардың әлеуетін бағалау үшін Қазақстан мен Өзбекстанда да болып қайтқан.
United Airlines әуекомпаниясы туралы не белгілі?"Қазір біз Ресейдің әуе кеңістігін пайдалана алмағандықтан ол жаққа ұша алмаймыз. Бірақ ол бұл нарықтарды қазірдің өзінде зерттеп, олардың болашақта біз үшін қандай мүмкіндіктер ашатынын қарастырып жатыр. Ол дәл осындай жобалармен айналысады және оның командасы тамаша", - деп атап өтті Кирби.
United Airlines - АҚШ пен әлемдегі ең ірі әуекомпаниялардың бірі. Оның тарихы 1926 жылы Varney Air Lines компаниясының құрылуынан басталды. Бүгінде тасымалдаушы Delta Air Lines және American Airlines компанияларымен қатар америкалық әуе компанияларының "үлкен үштігіне" кіреді.
2010 жылы United Airlines тағы бір ірі америкалық әуекомпания - Continental Airlines-пен бірікті. Бірігуден кейін компания United Airlines атауын сақтап қалды.
Тасымалдаушының әуе паркінде мыңнан аса ұшақ бар, олардың ішінде Boeing 737, Airbus A320, Boeing 767, Boeing 777 және Boeing 787 Dreamliner үлгілері бар.
БАҚ ақпаратынша, әуекомпания күн сайын 4 500-ге жуық рейс орындайды. Оның маршруттық желісі Солтүстік Америка, Еуропа, Оңтүстік Америка және Азияның 75-ке жуық еліндегі 350-ден астам бағытты қамтиды. United Airlines-тың негізгі хабтары Чикаго, Денвер, Хьюстон, Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Сан-Франциско және Вашингтонда орналасқан.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстерді іске қосуға дайындық кезеңдерінің бірі IASA ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалауы болды. Оны қыркүйек айында АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) жүргізді. Оның нәтижелері әуе қатынасын ашу жолындағы маңызды қадам болады деп күтіледі.
Осыған дейін, 2025 жылдың мамырында екі ел үкіметі "ашық аспан" принциптері бойынша әуе қатынасы туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын. Бұл әуекомпанияларына ұшу жиілігіне, бағыттарына және тасымалдаушылар санына шектеусіз рейстер орындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстердің нақты іске қосылу күні әзірге белгісіз.
Тағы оқыңыз: Токио жақындай түсті ме: Жапонияға тікелей рейс қашан ашылады?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 16:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















