Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ақмола облысындағы ең қымбат сүйіс Қазнетті қызықтырды полиция құпияны ашты

Ақмола облысындағы ең қымбат сүйіс Қазнетті қызықтырды полиция құпияны ашты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлеуметтік желілерде жүріп бара жатқан көлікте жүргізуші мен жолаушының сүйіскені түсірілген сурет тарады. Желі қолданушылары бұл кадрды жол камерасы түсіріп алған, ал көлік жылдамдықты асырған деп болжады. Tengri Life мән-жайды анықтады.

Неден басталды?

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттен рөлдегі ер адамның қасында отырған жолаушы қызға қарай еңкейіп тұрғанын көруге болады. Көлік жүріп бара жатқанда, жұп салонда сүйісіп отыр.

Жазба авторлары жол камерасы ерекше сәтті ғана емес, жылдамдықты асыру дерегін де тіркегенін айтады. Осы нұсқаға сәйкес, автокөлік рұқсат етілген сағатына 60 шақырымның орнына 80 шақырым жылдамдықпен жүйткіген.

Кадрда құқықбұзушылық тіркелген жер мен уақыт көрсетілген: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Астана - Щучье тасжолының 83-шақырымы, 2025 жылғы 24 желтоқсан, сағат 09:20.

Сондай-ақ жарияланымдарда мұндай құқықбұзушылық үшін айыппұл 43 250 теңге болуы мүмкін екені атап өтілген. Сондықтан желі қолданушылары бұл суретті әзілдеп "қымбат фотосессия" деп атап, бұл сәт кейіпкерлердің есінде ұзақ сақталады деп болжады.

Дегенмен, жазбадан сурет расында жол камерасына түсірлгені немесе басқа тәсілмен жасалғаны белгісіз болды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ахмадиев Садбектің (@sadbek_sunday) жарияланымы

Желі қолданушыларының реакциясы

Жазба тез арада мыңдаған қаралым мен жүздеген пікір жинады. Пікір қалдырушылардың ойы сан саққа жүгірді: бірі бұл кездейсоқ сүйіс пе әлде жұп камераға әдейі түскісі келді ме деп дауласса, енді бірі жолдағы қауіпті әрекетті романтизациялауды сынға алды, ал үшіншілері сурет кейіпкерлерінің бір-біріне кім екенін болжай бастады.

"Бастысы - әйелі болса болды", "Мұндайды романтика қылмау керек", "Егер көлік әйелінің атына тіркелген болса ше? Айыппұл туралы хабарлама оған барады - міне нағыз фиаско", "Бұлай жариялауға бола ма? Ал егер көңілдесі болса ше?", "Фотографқа ақша төлеп, дұрыс сурет жасату оңай емес пе еді?", "Өте сүйкімді. Суретті жақтауға салып қоюға болады", "Ал әйелі біле ме?", "Ең әдемі айыппұл", "Гештальт пайда болды", - деп жазды желі қолданушылары.

Көреген оқырмандар да табылып, суреттің шынайылығына күмән келтірді. Жазба астында бұл фейк немесе жасанды интеллект туындысы болуы мүмкін деген болжамдар пайда болды.

Полиция не деді?

Жағдайды нақтылап, кадрдың түпнұсқалығын тексеру үшін біз Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, суретке пікір білдіруді сұрадық. Онда тіркелген құқықбұзушылық туралы ақпарат расталмады. Ведомство желіде тараған суреттің нақты тіркеу камерасына еш қатысы жоқ екенін, жасанды интеллект арқылы жасалғанын түсіндірді.

Айта кетейік, бұған дейін Жасанды интеллект министрлігі нейрожелілер көмегімен жасалған немесе өзгертілген суреттерге қандай талап қойылатынын хабарлаған болатын.

Ведомство мәліметінше, ЖИ-контенттің арнайы таңбасы болуы тиіс. Пайдаланушы суреттің жасанды интеллект қолдану арқылы жасалғанын немесе өзгертілгенін түсінуі керек. Мұндай жарияланымда тиісті белгі, мысалы, "ЖИ көмегімен жасалған" немесе "ЖИ генерациялаған" деген жазу болуы шарт.

"Пайдаланушыларды ЖИ жүйелері қызметінің синтетикалық нәтижесі туралы хабардар ету жауапкершілігі осындай жүйелердің меншік иелеріне немесе иеленушілеріне жүктеледі", - деп атап өтті министрлік.

Сондай-ақ таңбалаудың болмағаны үшін айыппұл қарастырылғаны айтылды. Мөлшері иеленушінің немесе меншік иесінің мәртебесіне байланысты: жеке тұлғаларға - 15 АЕК, шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдарға - 20 АЕК, орта бизнеске - 30 АЕК, ірі бизнеске - 100 АЕК.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 20:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары