Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ақмолалықтарға жылу ақысы қайта есептеледі: жылудың жеткіліксіз берілгені үшін төлем азаятын болды

Ақмолалықтарға жылу ақысы қайта есептеледі: жылудың жеткіліксіз берілгені үшін төлем азаятын болды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл шара бойынша жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ жеке тұлғаларға қатысты жүргізіліп, сыртқы ауаның нақты температурасы ескерілмек, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Андрей Шевченко мәлімдеді.

Сала мамандарының айтуына қарағанда жылыту маусымында жылу энергиясы белгіленген нормативке сәйкес толық берілмеген жағдайда, тұтынушыға қайта есеп жүргізіледі. Биылғы қайта есептеу сомасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 70 пайызға төмен болған.

– Біз көрсетілген қызметтің нақты көлемін белгіленген нормативтермен салыстырамыз. Егер жылудың толық берілмеуі анықталса, тұтынушыларға қайта есеп жүргізіледі. Бұл тәсіл тек есептелген төлемді ғана емес, көрсетілген қызметтің нақты сапасын да ескеруге мүмкіндік береді, – деді Андрей Шевченко.

Департамент дерегіне сүйенсек қазіргі уақытта облыста 69 табиғи монополия субъектісінің жұмысын бақылауда ұстап отыр. Олар барлығы 150 реттелетін қызмет көрсетеді. Оның ішінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, сондай-ақ электр энергиясын беру қызметтері бар.

Коммуналдық инфрақұрылымның жағдайы да назарда. Өңірдегі инженерлік желілердің тозу деңгейі әлі де аса жоғары. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 59 пайызды, сумен жабдықтау жүйелерінікі 53 пайызды, су бұру желілерінікі 61 пайызды, ал жылумен жабдықтау жүйелерінікі 53 пайызды құрап отыр.

Осыған байланысты биыл облыста 2,2 мың шақырымнан астам инженерлік желіні және 600-ге жуық жабдықты жөндеу жоспарланған.

Табиғи монополияларды реттеу департаменті тарифке енгізілген қаражаттың нақты мақсатқа жұмсалуын да бақылауда ұстамақ.

– Біз үшін тарифтік қаражаттың тұтынушыға жұмыс істеуі маңызды. Яғни ол желілерді жөндеуге, жабдықтарды жаңартуға және коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруға бағытталуы керек. Сондықтан кәсіпорындардың шығындарын мұқият қараймыз және қабылданған бағдарламалардың орындалуын бақылауда ұстаймыз, – деп түйіндеді Андрей Шевченко.

Сонымен қатар биыл 2022–2026 жылдарға бекітілген ұзақ мерзімді тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталады. Қазір мамандар коммуналдық кәсіпорындардың алдағы бес жылға арналған жаңа тарифтік өтінімдерін қарастырып жатыр.

Жаңа тарифтерді қалыптастыру кезінде кәсіпорындардың инфрақұрылымының қазіргі жағдайы, жөндеу қажеттілігі және тұтынушылардың мүддесі ескерілмек.

Осылайша, Ақмола облысында бір жағынан жылудың жеткіліксіз берілуі фактісі бойынша тұтынушылардың төлемі қайта есептелсе, екінші жағынан алдағы кезеңге арналған тарифтер мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту мәселесі қатар қаралып жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары