Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

АҚШ пен Қазақстанның алыс берісі

АҚШ пен Қазақстанның алыс берісі

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Президент Трамптың Орталық Азия көшбасшыларын Вашингтонға арнайы шақыруы тегін емес.

Бұл алпауыт ел үшін аймақтың маңызы арта түскенін аңғартады. Ал АҚШ-тың Орталық Азиямен байланысында негізгі серіктес бұл - Қазақстан. Бұған БҰҰ жариялаған сандар дәлел. Былтыр біздің ел Құрама Штаттарға 2 млрд доллардың тауарын тасымалдады. Бұл – осы аймақтан Америкаға жіберілген экспорттың 97 пайызы. Мәселен, Өзбекстан небәрі 44 млн, Қырғызстан 17,2 млн, Түрікменстан 15,7, Тәжікстан 4,7 млн, доллардың тауарын жеткізген. Ал АҚШ-тан Орталық Азияға кіретін тауардың 62 пайызы біздің нарыққа келеді. Демек алыс-берісіміз мол. Енді оны қандай салалар еселей алады? 

Трамптың әр қадамынан жаңалық күтетін журналистер мен сарапшылар бұл кездесуге көз тігіп отыр. Өйткені Ақ үй басшысы кез келген көк аттыны төріне шығара бермейді. Ал әлемнің алып экономикасы АҚШ-пен алыс-берісті арттыру қай ел үшін де тиімді. Орталық Азия елдері арасында Құрама Штаттар қазақ елін сенімді серіктес көреді. Өйткені Қазақстанның ішкі нарығының кеңдігін жақсы біледі.

Ариэль Коен, Atlantic Council сарапшысы:

- Қазақстан экономикасы өзге 4 елден озық, даму деңгейі жоғары. Егер жалпы ішкі өнім бойынша салыстырсақ, Қазақстанның көрсеткіші көршілерінен асып түседі. Ел экономикасының құрылымы, заң үстемдігі мен инвестицияға арналған құқықтық тетіктері де дамыған. Сондықтан бұл аймақта Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды әрі сенімді серіктес саналады.

Халықаралық Валюта қорының дерегі бойынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі – 293 млрд доллар. Яғни Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. Ал бұл инвесторлар үшін маңызды фактордың бірі. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың орнағанына биыл 30 жылдан асты. Осы аралықта арада дорба емес, жорға жүретін деңгейге жетті. Елдің Ұлттық Статистика бюросының мәліметі бойынша, былтырғы сауда-саттық - 4 млрд 200 млн доллар. Қазақстанның Құрама Штаттарға экспорты өткен жылы 30 пайыз артқан. Бұл жолғы басқосу да серіктестікті жаңа деңгейге көтерері сөзсіз. Мұны сарапшылар да растап отыр.

Ариэль Коен, Atlantic Council сарапшысы:

- АҚШ Қытайдың сирек металдарына тәуелділікті барынша азайтпақ. Дәл осы жерде Қазақстанның рөлі айрықша. Елдің жер қойнауында Менделеев кестесінің барлық элементі бар. Топырағында да, тау қойнауында да байлық тұнып тұр. Бұл сіздер үшін жаңа мүмкіндік. Қазақстан енді тек мұнай мен уран ғана емес, сирек металдар бойынша басты экспортаушыға айнала алады.

Келер жылы елордамызда АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қызметіне кіріседі. Джули Стаффтың алғашқы мәлімдемелерінің бірі Құрама Штаттардың саясатын қай бағытта болатынын аңғартты. Дипломат Қазақстанға америкалық инвесторларды көптеп тартуға ден қоймақ.

Джули Стаффт, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі:

- Қазақстан АҚШ үшін тек бизнес-серіктес ғана емес, пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастық үшін де маңызды. Себебі бұл сауда ғана емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан Ресей мен Қытайдың тура іргесінде орналасқан. Сондықтан мен америкалық компаниялардың Қазақстанда тең мүмкіндікке ие болуына және қазақстандық тараптың серіктес ретінде АҚШ-ты таңдауы үшін бар күшімді саламын.

Осы уақытқа дейін Құрама Штаттар экономикамызға 100 млрд доллардай инвестиция  құйды. Бүгін Вашингтонда өтетін С5+1 форматындағы кездесу Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін, - дейді сарапшылар.

Орталық Азия елдерінің ЖІӨ

Қазақстан - $293 млрд.

Өзбекстан - $113 млрд

Түрікменстан - $84 млрд

Қырғызстан - $16 млрд

Тәжікстан - $13 млрд

Дереккөз: Халықаралық валюта қоры

АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда-саттық 2024 жыл

Экспорт  - $2 млрд

Импорт - $2,2 млрд

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары