Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

Ең бастысы жұрт амандығы

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

АҚШ тың Орталық Азияға қызығушылығының астарында геоэкономикалық есеп жатыр сарапшы

АҚШ тың Орталық Азияға қызығушылығының астарында геоэкономикалық есеп жатыр сарапшы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— «C5+1» саммитінің бұл кезеңі Қазақстан мен Орталық Азияға, АҚШ-қа несімен маңызды деп ойлайсыз?

— 6 қараша күні Вашингтонда өтетін алдағы саммиттің маңызы символикалық сипатпен шектелмейді. Бұл Орталық Азия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың дипломатиялық жалғасы ғана емес.

Мысалы, Джо Байден кезінде Нью-Йоркте өткен кездесудің декларативті, тіпті академиялық сипаты басым болса, бұл жолы Дональд Трамп нақты, прагматикалық және тікелей транзакциялық бетбұрысқа дайын екенін аңғартып үлгерді. Вашингтон қазір Орталық Азия туралы демократия немесе тұрақты даму тұрғысынан ғана емес, нақты мәмілелер, ресурстар, маршруттар мен алыс-беріс тұрғысынан сөйлей бастады.

АҚШ-тың бұл қызығушылығының артында геоэкономикалық есеп бар. Мақсат — маңызды стратегиялық минералдарды жеткізу тізбегін бақылап, балама көлік дәліздерін қалыптастыру.

Қазақстан мен Өзбекстан уран, литий, сирек және сирек жер металдарының айтарлықтай қорын ұстап отыр. Демек біздің аймақ АҚШ өнеркәсібі мен қорғаныс секторына стратегиялық тәуелсіздіктің көзі бола алады. Ақ үй мұны жақсы түсініп отыр.

Сондықтан саммит қорытындысында нақты құжаттарға қол қойылады деп күтіп отырмыз. Нақты айтсақ, геологиялық барлау, қайта өңдеу, бірлескен кәсіпорындар мен инфрақұрылымдық жобалар туралы келісімдер орнауы мүмкін. Бұл сыпайы дипломатия ғана емес, нақты геоэкономикалық мәміле.

Орталық Азиядағы өзге елдер сияқты Қазақстан үшін саммиттің мәні ерекше. Бұл — аймақтың егемендігін күшейтетін сигнал. Қазақстан — өңірдегі басты ойыншы ретінде осы көпқырлы саясатта барынша тиімді позицияда тұр. Бізге мұнайға негізделген экономикадан бөлек жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы мен жасанды интеллект маңызды. Бұлар XXI ғасыр экономикасын айқындайтын салалар екені айтпаса да түсінікті.

Егер Вашингтон Джексон-Вэник түзетуі сияқты шектеулердің Орталық Азияға қатысты тұстарын қайта қараса, толыққанды сауда интеграциясына жол ашылады.

Нью-Йорк саммитімен салыстырғанда, бұл мүлде басқа деңгейдегі басқосу. Ол кезде БҰҰ Бас ассамблеясы аясындағы қосымша кездесу болса, бұл жолы Ақ үйде нақты шешім қабылдайтын деңгейіндегі жиын болады. Айырмашылық айқын, ол кезде Джо Байден құндылықтар туралы көбірек сөйлесе, Дональд Трамп пайыздар мен маршруттарға, ақшаға көбірек тоқталады.

Бұл тәсіл кейде қатал көрінуі мүмкін, бірақ дәл осындай тәсіл нақты келісімдер жасауға көбірек мүмкіндік береді, Орталық Азия да кейінгі жылдары ортақ мүддені бірге қорғауға машықтанып келеді.

Біз тұтас аймақ ретінде дамыған экономикаларға шикізат қана емес, саяси тұрақтылық, көлік логистикасын, энергетиканың тың бағыттарын ұсына аламыз.

Коллаж: Kazinform / Canva / Freepik

— Америка бизнесі Орталық Азияға қандай бағыттар бойынша көбірек қызығушылық танытып отыр? Өзіңіз де сирек металдар туралы айтып қалдыңыз. Бұл «шикізатқа орнына технология» формуласы нақты іске аса бастағанын көрсете ме?

— АҚШ-тың Орталық Азияға деген қызығушылығын «құрылымдық мүдде» деген жалғыз тіркеспен сипаттауға болады.

Тоқсаныншы жылдары АҚШ бизнесі бұл аймаққа мұнай үшін келсе, 2010 жылдары демократия мен Ауғанстан тақырыбы басты орында тұрды. Ал қазір Вашингтон өнеркәсіп қауіпсіздігінің аясында әрекет етіп жатыр. Бұл бағытта Дональд Трамп әкімшілігі өте дәйекті қадамдар жасап отыр.

АҚШ Орталық Азияның әсіресе сирек металдар сияқты экономиканың маңызды саласында жаһандық бәсекедегі орнын мызғымас ете түсетін жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырып отыр.

Ең басты мүдде — сындарлы минералдар мен сирек элементтер. Қытай бүгін әлемдегі сирек металл өңдейтін қуаттың 80%-ын бақылап отыр. Бұл Вашингтонды бұрын болмаған осал жағдайға түсіріп отыр. Сондықтан АҚШ Қазақстан мен Өзбекстанға бизнес тұрғысынан ғана емес, саяси деңгейде назар аударып отыр.

Қазақстан жеткізу тізбегін әртараптандырудың ажырамас бөлігі бола алады. Өйткені АҚШ-қа аймақтағы барлау, қайта өңдеу және логистика сияқты маңызды шаруаның бәрі Вашингтонмен қарым-қатынасы дұрыс, әділет институты ашық режимнің бақылауында болғаны керек. Америкалық компаниялар бірінші болып сөзден іске көшіп, Қазақстанда геологиялық барлауды бастап кетті.

Бұл Вашингтон мен Америка капиталы Орталық Азияға тәжірибе алаңы емес, қауіпсіз индустриялық жүйенің бөлігі ретінде қарайтынын көрсетеді.

Екінші бағыт — логистика және көлік дәліздері. АҚШ транзиттерді бақылау геосаяси ықпалдың кілті деп біледі. Орта дәліз — санкцияға төзімді, саяси тұрғыда бейтарап және қауіпсіз маршрут ретінде бағаланып отыр. Енді оған америкалық компаниялар келсе, оларға бағдарламалық технологиялар, қаржылық және цифрлық шешімдер ілесе келеді.

Үшінші бағыт — жасыл энергетикамен байланысты жоғары технологиялар. АҚШ өзінің DFC (дамуды қаржыландыру корпорациясы) сияқты құралдарын жаңартылатын энергия көздері, машина жасау және агротехника салаларындағы жобаларды ілгерілету үшін пайдаланып отыр.

Бұл жай инвестициялар ғана емес, басқару стандарттарын, ESG-хаттамаларын және зияткерлік меншікті көшіру процесі.

Мысалы, локомотивтер шығаратын Wabtec компаниясы Қазақстанға өндірісті басқару жүйесін экспорттап отыр. Бұл — жаңа типтегі «жұмсақ күш» формасы. Ол сөз жүзіндегі емес, нақты технологиялар мен белгілі бір стандарттарға сүйенген ықпал ету тәсілі.

«Шикізат орнына технология» формуласын жай метафора деуге де болады. Мен басқаша айтар едім. Осы формула аясында интеграция және стандарттар формуласы іске асып жатыр. Қазақстан қазір әлеуетті инвесторға кен ғана емес, тұрақтылық пен болжамды экономикалық саясат ұсынып отыр. Ал АҚШ технологиядан бөлек зияткерлік меншіктерге, капитал нарығына шығу мүмкіндігін береді.

Фото: smkz.kz

— Көлік, логистика, ауыл шаруашылығы… Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақты нығайтатын тың салаларға басқа қай секторларды жатқызар едіңіз?

— Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының әлеуеті туралы айтсақ, қазір жай ғана қызықты бағыттардың жиынтығын емес, мүдделері түйісетін үштаған қалыптасып келе жатқанын байқап отырмыз. Бұл үштаған — Вашингтонның стратегиялық ұстанымдары мен біздің жаңғыруға деген ұмтылысымыздың түйіскен жері. Ол үш салаға негізделген: логистика, стратегиялық минералдар және агротехнология. АҚШ-тың прагматизмі мен Қазақстанның шикізат экспортына тәуелді экономикадан арылуға деген ниеті дәл осы бағыттарда бүгінде тоғысып отыр.

Көлік пен логистикаға келсек, мұнда негізгі рөл атқаратын жоба — Орта дәліз немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты. Бұл — баламалы жеткізу жолдарының кілті. Вашингтон бұл жобаны стратегиялық автономия құралы ретінде қарастырады. Ал Қазақстан үшін бұл — транзиттік аумақтан транзиттік хабқа айналудың мүмкіндігі.

Бұл бағытта америкалықтар тек бетон мен рельске ғана емес, институционалдық технологияларға да инвестиция салуға дайын. Ал институционалдық технологиялар дегеніміз — цифрландыру, кеден стандарттары, автоматтандыру, яғни соңғы жылдары жиі айтып жүрген реформаларымыздың өзегі.

Сондай-ақ, стратегиялық минералдардың маңызы ерекше. Бұл сала екіжақты әріптестіктің «жұлынына» айналғанын ешбір әсірелеусіз айта аламыз. АҚШ үшін сирек элементтер мен стратегиялық минералдарға қол жеткізу қазір жай бизнес қана емес, саясат, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Трамп әкімшілігі Орталық Азияға жаһандық жеткізу тізбектерін әртараптандыру алаңы ретінде қарайды.

Ал Қазақстан үшін бұл — шикізат экспорттаушы экономикадан терең өңдеуге және бірлескен кәсіпорындар құруға көшетін алғашқы мүмкіндік. Осы мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Ол үшін келісімшарттарды ел аумағында жоғары технологиялық өндіріс қалыптастыруға пайдалануымыз керек. Бұл, әрине, ұзақмерзімді әріптестік пен тұрақтылықты талап етеді.

Жалпы алғанда, Вашингтонның басты назары логистика мен минералдарда. Ал Қазақстанның мүддесі жоғары технологияларда, білімде, стандарттарда, ғылыми зертханалар мен кадр даярлау саласында. Қазір біз ерекше тарихи мүмкіндік алдында тұрмыз және оны жіберіп алмауымыз керек. Өйткені АҚШ әлі де жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшы болып қалып отыр.

Фото: freepik.com

— Әлемдік деңгейдегі державалардың Орталық Азияға қызығушылығы артқан тұста Қазақстан өзін қалай ұстау керек деп ойлайсыз? Ірі мүдделердің арасында тепе-теңдікті сақтай алып жүр ме?

— Қазір Орталық Азия әлемдік саясаттың шеткері аймағы емес. Керісінше, жаһандық шахмат тақтасының маңызды элементіне айналды. Біз, тіпті, осы аймақтағы ойын ырғағын өз қолында ұстай білген жалғыз ел шығармыз. Көпвекторлы саясат — бұл жай ұран емес, түрлі ықпал орталықтарымен өзара іс-қимылдың маңызды тетігі.

Фото: Видеодан алынған скрин

— Қазақстан да, АҚШ та дәстүрлі энергетикаға, соның ішінде көмірді терең өңдеу мен зиянды шығарындыларды екшеу технологияларына көңіл бөліп отыр. Осы салада бірлескен жобалар қарастырылып жатыр ма?

— Қазақстан да, АҚШ та экологиялық тұрғыдан зиянсыз энергияға көшу күрт секіріс арқылы емес, эволюциялық үдеріс арқылы жүру керек деген ұстанымда. Біз алдымызға көміртегі бейтараптығына жету мақсатын қойдық. Бірақ сонымен қатар, елімізде 33 миллиард тоннадан астам көмір қоры бар. Мұндай әлеуетті елемей тастау мүмкін емес. Дәл осы тұста Астана мен Вашингтонның мүдделері тоғысады. Бұл бағытта бірлескен жобалар қазірдің өзінде іске асырылып жатыр. 10 жыл бұрын «таза көмір» деген тек ұран болса, қазір метан шығарындыларын нақты азайтып, көміртегін екшеу технологиялары кеңіне қолданыла бастады.

Қазақстан The Global Methane Pledge бастамасына қосылды. Бұл жай ғана символикалық қадам емес. АҚШ осы бағытта техникалық және консультациялық қолдау көрсетіп отыр. NASA, NOAA агенттіктерінің қатысуымен метанның таралуына спутниктен мониторинг жүргізеді. Көмір қабаттарын газсыздандыру жүйелері енгізіліп жатыр. Ең бастысы — өлшеу мен есеп берудің бірыңғай ұлттық жүйесі қалыптасып жатыр.

Екінші бағыт — көмірді терең өңдеу. Америкалық компаниялар бұл салаға нақты қызығушылық танытуда. Өйткені олар бұдан экономикалық әлеует те көріп отыр. Қазақстандық AST Petroleum мен америкалық Blue Sky Energy арасындағы серіктестік — соның мысалы. Бұл жоба көмірден синтетикалық дизель өндіруге бағытталған. «Таза көмір» деген абстрактілі ұран болудан қалды деп отырғаным осы. Қосылған құны жоғары нақты технология енгізіліп отыр. Бұл көмірдің Қазақстан үшін жай ғана отын емес, химия және машина жасау салалары үшін шикізат көзіне айналғанын білдіреді.

Үшінші бағыт — көміртегін екшеу және сақтау. Бұл бағыттың әлеуеті өте жоғары және болашақтың негізгі технологияларының бірі саналады. АҚШ-тың бұл салада да тәіжрибесі орасан. Chevron, ExxonMobil, Honeywell секілді ірі корпорациялар әлем бойынша осындай ондаған жобаларды іске асырып жатыр. Қателеспесем, «ҚазМұнайГаз» бен америкалық компаниялар арасында пилоттық жобаларды іске қосу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Бұл жобалардың түпкі мәні — қолданыстағы көмір электр станцияларын экологиялық талаптарға сай етіп модернизациялау.

Жалпы алғанда, Қазақстан дәстүрлі энергия көздерінен күрт бас тарту жолына өткен жоқ. Мұндай жолды кезінде Еуропа таңдап көрген болатын. Біз аралас эволюциялық модель қалыптастырып жатырмыз. Онда көмір, газ, уран және жаңартылатын энергия көздері бірін-бірі толықтырады. Бұл модельде америкалық компаниялардың болуы технология тұрғысынан да, институционалдық стандарттар тұрғысынан да маңызды. енгізуді де білдіреді. Нағыз құрылымдық «жасыл трансформация» деген осы.

Президенттің цифрлық трансформация, озық технологияларды енгізу, технологиялық егемендікті нығайту және Қазақстанды өңірлік технологиялық держава ретінде орнықтыру жөніндегі тапсырмалары АҚШ-пен арадағы келіссөздердің өзегіне айналып отыр деп сенімді түрде айтуға болады.

Ал Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы Фредерик Старр Kazinform тілшісіне берген сұхбатында Трамп «C5+1» саммитінде «Джексон-Вэник» заңының күші жойылғанын жариялауы мүмкін екенін айтқан еді

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 20:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

18 Маусым 2026 23:29see141

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

18 Маусым 2026 22:08see126

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

18 Маусым 2026 22:19see123

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

18 Маусым 2026 22:20see121

Ең бастысы жұрт амандығы

19 Маусым 2026 10:39see120

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

19 Маусым 2026 14:57see120

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

19 Маусым 2026 14:01see120

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

18 Маусым 2026 22:19see120

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

19 Маусым 2026 18:35see119

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

19 Маусым 2026 11:18see119

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

19 Маусым 2026 10:37see118

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

19 Маусым 2026 12:54see118

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

19 Маусым 2026 10:45see117

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

18 Маусым 2026 23:29see117

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

18 Маусым 2026 23:28see117

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

19 Маусым 2026 10:27see117

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

18 Маусым 2026 23:31see116

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

18 Маусым 2026 23:31see115

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

19 Маусым 2026 15:15see114

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

18 Маусым 2026 22:56see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары