Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

АҚШ Украина: Бейбітшілік жоспары 95% келісілді

АҚШ Украина: Бейбітшілік жоспары 95% келісілді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Дональд Трамп пен Владимир Зеленский кездесті. «Бейбітшілік жоспары бойынша АҚШ пен Украина 95 пайызға келісті». Бірер сағат бұрын Флоридада өткен кездесуде екі жақ осындай қорытындыға келді. 2,5 сағаттай әңгіме өрбіткен жиын түскі ас форматында өтті.

Кездесуден соң Дональд Трамп Владимир Путинмен сөйлесті. Қос президент еуропалық басшылармен де бейне байланысқа шығып, соғысты аяқтауға қатысты жоспарды талқылады.

«АҚШ пен Украина бейбітшілік жоспары бойынша 95 пайызға келісті». Зеленский мен Трамп өздерінің ең ұзақ кездесуінен соң осылай деп ортақ мәлімдеме жасады. Бұған дейін қос президенттің диалогы бүгінгідей ұзаққа созылмаған. Бұл жолы 2,5 сағат әңгімелесті. Дегенмен Вашингтонның құлықсыздығы ма, әлде жиындардың көптігі ме, Владимир Зеленскийді Палм Бич әуежайында АҚШ шенділері тарапынан ешкім күтіп алмады. Жыл басындағы Ақ үйдегі дау естен кетпеген де болар, бірақ Мара-Лагодағы кездесу жылы басталды. Жиналғандардың қатарында кезінде сол дауды өршіткен АҚШ-тың вице президенті Джэйди Вэнс болмады. Тараптар түскі ас үстінде бас қосты. Содан ба, кім білсін, кездесуге дейінгі 90% меже бүгін 5 пайызға ілгеріледі. Мемлекет басшылары Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдігі бойынша толық мәмілеге келгенін айтты. Анық-қанығы ашық айтылмады. Десе де естеріңізге сала кетейік, НАТО форматындағы қорғаныс пен АҚШ-тың 15 жылдық қауіпсіздік кепілдігі осыған дейін күн тәртібінде болды. Ал әлі келісілмеген мәселе, 95-ке жетпеген 5 пайыз - Донбас аймағының тағдыры мен Украинаның тұтастығы болып отыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Біз бүгін 20 бөлімнен тұратын бейбітшілік жоспарын талқыладық. Нәтижеге екіжақтап жақындап қалдық. Біз бір күн не бір апта емес, бір айдан аса уақытта осы жоспар төңірегінде жұмыс істеп келеміз. Женева, Берлин, Майамидегі жиындар соған куә. Донбас - өте қиын мәселе болып отыр. Сіздер біздің айқын позицияны білесіздер. Заң бар. Жер иесі - халық бар. Қоластымыздағы аймақ бар. Біз оған құрметпен қараймыз. Президент Трамп айтқандай, бұл - өте күрделі мәселе. Мәскеудің көзқарасымен сәйкес келмейді.

Зеленский бейбітшілік жоспары 100 пайыз дайын болғанда оны барша Украина азаматтары үшін референдумға салуы әбден мүмкін екенін тағы да шегелеп айтты. Ал АҚШ президентінен журналистер өз позициясын бекіту үшін Киевке барар-бармасын сұрағанда, сенімді жауап бере алмай, «Егер соғысты аяқтауға әлде бір әсерім тисе, неге бармасқа» деп, Украина Парламентінде сөз сөйлеуге дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек Дональд Трамп кездесуден кейінгі Владимир Путинмен болған әңгімені де тілге тиек етіп, Ресейдің Украинаны қалпына келтіруге қатысты позициясын жеткізді. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Ресей көмектесетінін айтты. Ресей Украинаның дамып, өркендегенін көргісі келеді. Бұл біртүрлі болып естілсе де, Президент Путин бұл мәселеге зор мәрттікпен қарайды. Соның ішінде арзан қуат көзі мен электр энергиясын жеткізуге де дайын. Бүгінгі телефон қоңырауында сол секілді жақсы дүниелер айтылды. Біз командамен осы бойынша жұмыс істейміз.

Бұдан бөлек, Дональд Трамп мәселенің өзі тоқтатқан соғыстары арасындағы ең күрделісі екендігін атап өтіп, жоспарды біржақты етуге тағы бірнеше апта қажет екендігін алға тартты. Ол үшін өз тарапынан жұмыс тобын да бекітті. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Пентагон басшысы Пит Хэгсет, Арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер, Генерал Кейнс бастаған топ алдағы уақытта Киевпен де, Мәскеумен де тығыз жұмыс істемек. Сосын келесі айда Вашингтонда еуропалық президенттер мен Зеленский қайта бас қоспақ.

Авторлары: Ердана Ержанұлы, Эндрю Фанг

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Желтоқсан 2025 08:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары