Ақтауда әйел жазадан құтылу үшін жүктілігі туралы жалған анықтама берген
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген әйел әкімшілік қамақтан босатылу үшін сотқа жүктілігі туралы жалған медициналық анықтама ұсынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Заң бойынша көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Істі қарау кезінде әйел сотқа жүкті екенін растайтын медициналық анықтама тапсырған. Осыған байланысты сот оны әкімшілік қамақтан босатып, тек жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырған.
Кейін Ақтау қаласының прокуратурасы тексеру жүргізіп, сотқа ұсынылған медициналық анықтаманың жалған екенін анықтады.
Прокурордың наразылығынан кейін Маңғыстау облыстық соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгертіп, әйелді 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.
Сонымен қатар медициналық құжатты қолдан жасау және оны пайдалану дерегі бойынша әйел мен медицина қызметкеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 15:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















