Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ақтөбеде Әділет партиясының форумына мыңға жуық әйел қатысып, кәсіпкерлік, бала қауіпсіздігі мәселесін талқылады

Ақтөбеде Әділет партиясының форумына мыңға жуық әйел қатысып, кәсіпкерлік, бала қауіпсіздігі мәселесін талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Әйелдер форумы «Өнер орталығы» өнер сарайында өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында этномәдени бірлестіктердің, Аналар кеңесінің, кәсіподақтардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қаржы, цифрландыру және әлеуметтік қорғау саласының мамандары, сондай-ақ жастар, шығармашылық зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. 

Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде партия төрағасы Айбек Дәдебай Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған жаңа Конституция әділеттілік, заң үстемдігі және адамға құрмет қағидаттарына негізделген Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне берік құқықтық негіз қалағанын айтты. Бүгінде партия осы қағидаттарды әрбір азаматтың күнделікті өмірінде нақты сезілетін шешімдермен толықтыруды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады. Бұл ретте отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балаларды қорғауға, сондай-ақ әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу аясын кеңейтуге ерекше назар аударылады. Ол партия Құрылтай депутаттығына ұсынған 186 кандидаттың 72-сі немесе 39 пайызы әйелдер екенін еске салды. 

«Бұл кездесу біз үшін ерекше маңызды. Бүгін мұнда бала тәрбиелеп, еңбек етіп, жұмыс орындарын ашып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өзге де салаларды дамытып жүрген әйелдер жиналды. «Әділет» партиясы Мемлекет басшысының конституциялық реформаларын қолдайды және Конституцияда бекітілген әділеттілік, заң үстемдігі және адамға құрмет қағидаттарын нақты шешімдер арқылы жүзеге асыруды өзінің міндеті деп санайды. Сондықтан әйелдерді қолдау, балаларды қорғау және отбасы институтын нығайту – біз үшін негізгі басымдықтардың бірі. Біз әйелдердің мемлекеттік шешім қабылдау ісіне кеңінен қатысқаны дұрыс деп санаймыз және олардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, заңнаманы жетілдіруге бағытталған шараларды жүйелі түрде қолдаймыз»,– деді Айбек Дәдебай. 

Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидаты тек құқықтық норма ретінде ғана емес, қоғамның күнделікті өмір салтының негізі ретінде де жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті.

Форумның жеке бір бөлігі отбасы денсаулығы мен адами әлеуетті дамыту мәселелеріне арналды. Партия денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде профилактиканы күшейтуді ұсынып, ана мен бала денсаулығына, репродуктивті денсаулыққа, профилактикалық тексерулерге, бұқаралық спортқа және психологиялық әл-ауқатқа ерекше көңіл бөлуді көздейді. 

Ұсынылған шаралар туралы Құрылтай депутаттығына кандидат Динара Зәкиева айтып берді. Оның сөзінше, бүгінде білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерінің 80 пайыздан астамы, кәсіпкерлікпен айналысатындардың 48 пайызы – әйелдер, ал ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік қызметтегі олардың үлесі 42 пайызға жетеді. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған 11 заң қабылданғанын еске салды. 

«Партия жасанды интеллектіні пайдалану арқылы мүгедектікті проактивті түрде белгілеу жүйесін енгізуді, атаулы әлеуметтік ваучерлер жүйесін кеңейтуді, сегіз оңалту орталығын ашуды және ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау бағдарламаларын жаңартуды ұсынады. Партия бағдарламасының негізінде әділеттілік қағидаты жатыр. Біз оның әрбір адамның, әсіресе қолдауға мұқтаж жандардың күнделікті өмірінде нақты жұмыс істеуіне күш саламыз», - деді Динара Зәкиева. 

Ол сондай-ақ партия бағдарламасында балабақшаларда 79 мың жаңа орын және мектептерде 300 мың оқушы орны ашу көзделгенін айтты. Бұдан бөлек, тоғыз перинаталдық орталық ашып, барлық өңірде инвазивті емес диагностика орталықтарын құру жоспарланып отыр. 

Бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық бағытын Құрылтай депутаттығына кандидат Ләззат Шыңғысбаева таныстырды. Ол қолжетімді тұрғын үйді дамыту, профилактикалық медицинаны күшейту, бір миллион сапалы жұмыс орнын құру, орта бизнесті қолдау және жаңа экономиканы нығайту бағытындағы шаралар туралы айтты. Партия ауылдық жерлердегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға да ерекше назар аударады. 

«Кез келген отбасы үшін экономиканың басты көрсеткіші – әл-ауқат. Сондықтан партия шағын және орта бизнесті қолдауды, меншік құқығын қорғауды, әкімшілік кедергілерді азайтуды және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке жағдай жасауды көздейді. Алдағы бес жылда бес миллион адам жасанды интеллект технологияларын меңгеруі тиіс. Бұл азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа экономиканың дамуын жеделдетуге ықпал етеді», - деді Ләззат Шыңғысбаева. 

Әйелдерге құқықтық қолдау көрсету және бағдарламаның «Заң және тәртіп» бағытын жүзеге асыру туралы Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ирина Тен мен Айжан Аймағанова баяндады. Олар әйелдерге, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, еңбек және әлеуметтік құқықтарының бұзылуына қатысты жағдайларда, құқықтық көмек пен қорғауды дер кезінде алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті. 

Форумға қатысушылар да өз пікірлерімен бөлісті. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» қоғамдық ұйымының Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Меруеш Башай елдің әл-ауқаты берік отбасыдан, ананы қолдаудан және бала тәрбиесінен басталатынын айтты. Оның сөзінше, дәл осы мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. «Aqtóbe» телеарнасының шеф-редакторы Бибігүл Биманова Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы адамдар бір-бірін тыңдап, ести білетін отбасынан басталатынын атап өтті. Оның пікірінше, партия бағдарламасының түпкі мақсаты – өзара құрметке, ашық диалогқа және әр адамның жауапкершілігіне негізделген қоғам қалыптастыру. Психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әлия Мәмбеталина Қазақстанда алғаш рет психологиялық қызметтің жұмысын жүйелі түрде реттейтін арнайы заң қабылданғанын еске салды. 

«Әділет» партиясы психологиялық денсаулық мәселесін алғашқылардың бірі болып ашық көтеріп, оны өзінің саяси бағдарламасына енгізді және психологиялық әл-ауқатты басым бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Бұл – дер кезінде қабылданған әрі маңызды шешім», – деді форумға қатысушы Әлия Мәмбеталина. 

Форум соңында Айбек Дәдебай партияның барлық бастамасын бір мақсат – әрбір қазақстандық отбасының өмір сапасын арттыру міндеті біріктіретінін атап өтті. 

«Біз жекелеген шараларды емес, жүйелі тәсілді ұсынамыз. Бұл – балабақшалар мен мектептердегі жаңа орындар, перинаталдық орталықтар, профилактикалық медицина, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау. Сонымен қатар біз жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыруымыз қажет. «Таза Қазақстан» – бұл тек тазалық қана емес, айналасында болып жатқанның бәріне әр адамның жауапкершілікпен қарауы. Осындай ұстаным арқылы ғана мемлекеттік саясаттың өзегінде адам, отбасы және өмір сапасы тұрған қуатты орта державаны құра аламыз», – деп түйіндеді Айбек Дәдебай. 

Форумнан кейін республикалық сайлауалды штаб мүшелері Ақтөбе облысындағы жұмысын жалғастырды. Кандидаттар өңірдегі мұнайшылармен, металлургтермен, кәсіпкерлермен, ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және креативті жас өкілдерімен кездесу өткізеді. 

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 14:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары