Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Ақыш ОМАР, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Актерді классикалық шығарма шыңдайды

Ақыш ОМАР, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Актерді классикалық шығарма шыңдайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазан айында елордадағы Қаллеки театрында Ақыш Қоңыртайұлының мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті. Сонда сахна саңлақтары белгілі актердің өнердегі табысы, ұстаздық қызметі, азаматтық келбеті жайын­да ағынан ақтарылып сөйледі. Айталық, өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази: «Ақыш жауапкершіліктің ұшар басында жүретін, сөзі мен ісі біріккен, таза жігіт. Талантты актер, білімдар ұстаз, кісілігінің төрт құбыласы түгел азамат» десе, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов: «Ақыштың тағы бір жақсы қасиеті – ол өзін-өзі дәріптеуден, насихаттаудан мүлде аулақ. Әйтпесе оның кез келген рөлі туралы үлкен мақала жазуға болар еді. Бірақ ол ешқашан өз-өзін мақтатпайды. Бұл қасиеті оның бүгінгі көптеген «жұлдызсымақтан» ерекшелеп тұрады», деп жылы лебіздерін білдірді. Шынында, танымал тұлғаның бойынан бір бекзаттықты байқайсыз. Ұстамды. Байыпты. Асып-тасығанын көрмейсіз. Үнемі бірқалыпта жүреді. Өнерде тындырғаны да көп. Біз бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының белді актері, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Ақыш Омармен өмір жолы мен бүгінгі театр өнері жайында әңгімелестік.

Абай театрынан рухани азық алдым

– Кейбір өнерпаздар «кіш­кен­тайымнан өнерге жақын болдым. Содан осы жолға бір­ден келдім» деп айтады. Сіз де актерлікті бала жасыңыздан таңдадыңыз ба?

–Шынымды айтсам, «актер болсам» деп ешқашан ойлаған жоқпын. Мені өнерге бір құдіретті күш өзі жетектеп алып келгендей. Жас күнімнен әкеме жақын өстім. Кешкілік әкем мені құшақтап жатып, әңгімелесетін. Болашақ армандарым туралы сұрайды. Бірде сондай әңгіме үстінде: «Балам, сенің өнерге жақындығыңды байқаймын. Кинорежиссер болсаң қайтеді? Ол сенің қолыңнан келеді. Осыған бағыңды бір сынап көрші», деді. Отбасымызда өнерге жақын ешкім жоқ. Алайда «әкем мұны неге айтты екен?» деп ойладым. Мектепте көркемөнерпаз­дар үйірмесіне қатысып, бір-екі шағын спектакль қойған едік. Сондағы ойнаған рөліме көпшілік риза болған. Бірақ оған балалық қызығушылық деп қарадым. Орта мектепті бітіргеннен кейін әскерге алындым. Одан оралған соң ауылда жұмыс істедім. Бір күні газетте Алматы ет-консерві комбинаты жұмысшылар қабылдайтынын жазыпты. Онда: «Төрт айлық курсымыз бар: жатақхана беріп, бір мамандыққа үйретеміз. Тегін тамақ беріледі» делінген. Содан әке-шешемнің рұқсатын алып, Алматыға келдім. Осы ет комбинатында үш жылға жуық еңбек еттім. Тағы бірде республикалық басылымнан: «Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты ашылады» деген хабарландыруды көрдім. Оның ішінде театр және кино актері бөлімі бар екен. Соны оқып, бала күнімдегі әкемнің сөзін есіме алдым. Осы оқу орнына бағымды сынап көргім келді. Батыл қадам жасап, құжатымды тапсырдым. Алғашқы консультацияға барған күні алдымнан Қазақстанның халық әртісі, профессор Асқар Тоқпанов шықты. Асекең жылы жымиып:

– Әзірше, не көрсете аласың? – деді.

 Қысылып, қымтырылып анекдот айтып бердім. Сол сәтте ол кісі көзінен жас аққанша күлді. Менің әзіліме риза болып, емтиханға қалай дайындалу керек екенін түсіндірді. Сөйтіп, сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түстім. Мұнда мен КСРО Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, профессор Ыдырыс Ноғайбаев, профессор Рәби­ға Қаныбаева, Гүлжанат Жа­ныс­баева секілді өте білікті ұстаздардан дәріс тыңдадым. Тәлім-тәрбиесін көрдім. Театр өнерінің тереңіне бойладым. Менімен бірге Сағи Әшімов, Болат Әбділманов, Жанат Байжанбаев, Бақыт Исабекова, Сәкен Рақышев секілді талантты қыз-жігіттер оқыды. Қазір олардың есімдерін жалпақ жұрт біледі. Бәрі де белгілі өнер қайра­т­керлері. Институтта оқып жүріп, жарымды жолықтырып, отбасын құрдым. Зайыбымның есімі – Раушан. Оның да мамандығы актриса. КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның шеберханасында оқыған.

– Еңбек жолыңызды ту­ған жеріңізге оралып, Абай театры­­нан бастапсыз. Алматы­да қалуға мүмкіндік болмады ма?

– Әрине, болды. Тіпті маған институтта оқытушы болуға ұсыныс айтылды. Бірақ өзім теа­трды қаладым. Министрлік жолдамасымен Раушан екеуміз Семей театрына орналастық. Сол жолы осында бір топ талантты жас келді. Өнер ұжымы жылы қарсы алды. Көрермен бізбен бірге жаңа леп келгендей сезінді. Абай театры – еліміздегі бірегей өнер ордасы. Тарихы да бай. Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев ағамыз еді. Өте талғампаз. Әр рөлге жауапкершілікпен қа­райды. Алғашқы өнер жолым сәтті бас­талды. Жас болсам да бірқатар бас­ты рөлдерді ойнадым. Мә­селен, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқтысында» – Ақан сері, М.Бажиевтің «Қожамжасында» – Қожамжас, Р.Сейсенбаевтың «Түнгі диологінде» – Адай, М.Ха­сеновтің «Махаббат неге оянбады» қойылымында – Мұрат секілді кейіпкерлер бейнесін сом­дап, көрермен ықыласына бөлен­дім. Тәжірибемді шыңда­дым. Әбілқасым Жаңбырбаев, Күләш Сәкиева, Бекен Имақанов сияқты аға буынмен сахнаға бірге шықтым. Солардың үлгі-өнегесін көрдім. Бұл театрда үш жыл ғана істедім. Алайда бар саналы өміріме жететін рухани азық алдым.

– Әуезов театрына қашан келдіңіз?

– Бұл киелі қарашаңырақта қызмет істеу – арманым болатын. Соны іске асыруға бел байлап, әкемтеатрдың көркемдік жетекшісі, көрнекті режиссер Әзірбайжан Мәмбетовке келіп, өтінішімді айттым. Жалпы, ол кісі салқынқанды адам. Бірден ішін бермейді. Артық ештеңе айтқан жоқ. Көркемдік кеңеске жіберді. Кеңес мүшелерінің бәрі ығай мен сығайлар. Атақта­рынан ат үркеді. Сәбира Май-­
қа­н­­ова, Хадиша Бөкеева, Шол­пан Жандарбекова, Фарида Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Асанәлі Әшімов... Кілең өнері аңызға айналған тұлғалар. Со­лар­­дың алдында өнерімді көрсе­­тіп, театрға қабылдандым. Сол күні қуанышым қойныма сыймады.

Әзекеңнің өнегесі бөлек

– Сол жылдардағы Әуезов театрының ортасы қандай еді? Соны айтасыз ба?

– Өз басым әкемтеатрдың сол кезеңін «алтын дәуір» деп бағалаймын. Шынында, өнер ордасының сол шақтағы аурасы, ортасы бөлек еді. Қазақ театрының іргетасын қалаған корифейлердің көзі тірі болатын. Солармен бірге сахнада өнер көрсетіп, батасын алдым. Олардың бір-біріне ілтипаты, құрметі ерекше. Аға, орта, жас буын өкілдері арасында жарасым­ды сыйластық орнаған. Театрдың ішкі өз заңдылығы бар. Мысалы, екі актерге бір рөл бе­ріледі. Ал­ғаш­қы құрамда аға буын актері, екінші құрамға жастарды шығарады. Осындағы алғаш­қы рөлім – «Шоқан Уәли­ха­нов» спектакліндегі немістің бейнесі. Мұны белгілі актер Әшірәлі Кенжеев екеуміз кезекте­сіп ойнадық. Оны Әзірбайжан Мәмбетов сахналалады. Әкем­театрдың дәуірлеген тұсы Әзе­кең­мен тікелей байланыс­ты. Шын мәнінде, ол кісі – реформатор тұлға. Ұлт режиссурасы­на тың өріс ашты. Әзекең басқар­ған жылдары Әуезов театры­ның абыройы аспандады. Қазақ театры одақ көлемінде танылды.

Қазір ойласам жиырма жыл­ға жуық өмірім әкемтеатрда өтіпті. Осы аралықта үлкен-кішілі 80-нен аса рөлдерді ойнадым. Жұлқынып тұрған жас­пыз. Режиссер ұсынған кез келген кейіпкерді сомдадым. Әсіресе эпизодтағы шағын бейнелермен көп шықтым. Сахна майталмандарымен бірге өнер көрсетіп, театр әлемінің қыр-сы­рын үйрендім. Әзірбайжан аға­дан бастап, Райымбек Сейіт­метов, Жанат Хаджиев, Тұңғышбай Жа­ман­құлов, Әубәкір Рахимов, Ес­мұхан Обаев, Болат Атабаев, Қай­рат Сүгірбек секілді айтулы режис­серлермен жұмыс істедім.

– Мәмбетов режиссерлігінің «құпиясы» неде деп ойлайсыз?

– Әзекең режиссер ретінде актерге барынша еркіндік бере­ді. Қыспайды. Бірақ сыртынан бақылайды. Ол кісі Қаллеки театры­ның көркемдік жетекшісі болған жылдары Чеховтың «Ваня ағайын» қайта сахналады. Сонда профессор Серебряковті ойнадым. Ғалым болса да жағым­сыз бейне. Кейіпкерімнің образын біразға дейін таба алмадым. Қатты қиналдым. Дайын­дықта Әзекеңе ойымды айтып едім, «ол өмір сүруден шар­шаған адам», деді. Осы бір сөзден Сереб­ряковтің образын шығардым. Кейін бұл рөлім республикалық театр бай­­қауында «Үздік ер адам бей­не­сі» аталымын жеңіп алды.

Әзірбайжан ағамыздың әр қойылымы – айтулы бір оқиға саналушы еді. Режиссер ретінде адам жанына терең үңілетін. Дайындықта әрбір сөзге бойлап, «кейіпкер оны неге айтты, қандай астары бар?» деп мұқият мән береді. Актерге бір рөлді сеніп тапсырады. Егер ол оны көңілінен шығара алмаса, келесі адамға береді. Ал актер бойы­нан жаңашыл ізденіс көрсе, бірден шабыттандырды. Әрбір спектакльді әбден иін қандырып, сахнаға шығарады. Жұмысқа өте талапшыл, қатал. Алайда өмірде жұмсақ адам.

Әзекең Қаллеки театрында да соны із қалдырды. Өнер ұжы­мына талантты жастарды тартты. Мұнда «Ғасырдан да ұзақ күн», «Ана – Жер-Ана» секілді клас­сикалық туындыларды қойды. Актер классикалық шығармалар­мен өседі. Осы жағынан алғанда, ол кісінің өнегесі бөлек. Қазіргі Қазақ ұлттық өнер уни­верси­те­тінен театр бөлімін ашуға мұрын­дық жасады. Алғаш театр факуль­теті ашылғанда 7 бала оқыса, қазір 300-ден аса жас білім алады. Осының бәрі – біртуар тұлғаның еңбегі. Ақиқатында, Әзекең – ұлы адам. Қадірін енді түсініп жүрміз.

– Алматыдан Астанаға келгенде М.Горький атындағы орыс драма театрына қызмет­ке орналасыпсыз. Осыған тоқталасыз ба?

 – Ел ордасы Алматыдан Ар­қаға көшкен жылы зайыбым Президент әкімшілігінде қыз­мет атқаратын. Сондықтан ол Астанаға алдымен келді. Мен Әуе­зов театрындағы жұ­мысымнан шыға алмадым. 2005 жылы Юрий Ханинганның шақыруымен Горький театрына жұмысқа қабылдандым. Мен екі тілде еркін рөлдерді ойнай беремін. Мұнда да бірнеше бейнелерді шығардым. Әсіресе Мольердің «Тартюф» қойылымындағы Тартюф пен М.Шахановтың «Шыңғысхан» драмасындағы Қайырханды ерекше айтар едім. Бұл театр­да көп істеген жоқпын. Бірде жаңа премьера көруге Әзекең келді. Мені көріп, «Мұнда неғып жүрсің. Орыс актері болып кеттің бе?» деп қатуланып сұрады. Содан кейін мені Қаллеки театрына шақырып алды.

Сахнада адамның шынайы бейнесі жоғалып барады

– Қазір елімізде біраз театр бар. Онда қаншама премьера қойылады. Бірақ Мәмбетов туындыларындай «жарылыс» жоқ. Бұған не дейсіз?

– Бұған жауап беру қиын. Қазір кейбір режиссерлер қысқа уақыт ішінде бір спектакльді әзірлеп, сахналайды. Арасында музыканы ойнатып, ән салғызады. Билетеді. Сөздің салмағын ешкім безбендемейді. Бүйте берсек, театр болашақта «шоуға» айнала ма деп қорқамын. Театрдың негізгі миссиясы – адам жан-дүниесін ашып көрсету. Сахнадан адамның шынайы бейнесі жоға­лып барады. Көрерменді тебіре­н­тетін, мұңайтатын қойылым­дар азайды. Мысалы, Чехов шығар­малары әлем театрларында жиі қойылады. Себебі оның кейіп­керлерінің бәрі өзін-өзі іздейді. Қазіргі адамдардың басында­ғы жағдай. Осыны көрермен
театрдан көргісі келеді. Бүгінде елімізде талантты режиссерлер же­теді. Бірақ талғампаз жұрт­шы­­лықтың көңілінен шығатын шығарма сирек. Адам жан-дүниесін ақтарып тастайтын психо­логиялық дра­ма­лар жет­пей­ді. Бүгінгі жас режис­серлер­дің арасынан Фархад Мол­даға­лиевтің болашағынан үміт күтемін.

– Классикаға айналған қойы­­лымдарға эксперимент жасау «дәстүрге» айналып барады. Осы жайында айтып өтсеңіз?

– Әрине, уақыт бір орында тұрмайды. Алға жылжып дамиды. Бүгінгі спектакльдерге заманауи шешімдер қажет екені анық. Алайда халқымыздың асыл қазынасына айналған классикаға эксперимент жасауды қаламаймын. Кейбіреулер сол арқылы атын шығарғысы келетін секілді. Мұны жастар жақсы қабылдайды. Ал егде жастағылардың ұғуы қиын. Өйткені қойылымның сырт­­­қы мазмұны керемет. Жалт-жұлт еді. Әсем музыкамен бір­ден елітіп алады. Бірақ шы­­ғар­­маның тереңіне ешкім бой­­ламайды. Мәселен, кезінде Жанат Хаджиев «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» сахналады. Оны жұртшылық жылы қабылдады. Мұны Әзірбайжан аға да қойған еді. Бірақ Жанаттікі Әзекеңнің дүниесіне мүлде ұқсамайды. Жаңаша жол тапқан. Бірақ онда қазақтың исі бар еді. Ал бүгінгі эксперименттік туындылардан ондай ерекшелікті көрмейсің. Ұлттық бояу жоқ. Классиканы сахналау оңай емес. Оған жан ая­май еңбек ету керек. Әсіресе Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов драмаларындағы бейнелі көркем тіл қандай! Соны көрерменге ше­берлікпен жеткізе аласың ба? Ұлттық құндылықты кө­зі­­­­міз­дің қарашығындай сақ­тауы­­­мыз керек. Әйтпесе бай қазы­­­­­на­мыздан айырыламыз. Мен өнер­дегі жаңалыққа қарсы емес­­­пін. Бүгінгі жазылған туын­дыларға тәжірибе жасай берсін. Дегенмен класси­каның тұпнұс­қасын өзгертуге болмайды.

– Ұзақ жылдан бері театр сахнасында жүрсіз. Қан­ша­ма бейнені сомдадыңыз. Со­лардың ішінен табиға­тыңыз­ға жақын рөлді айтасыз ба?

– Жаныма жақын рөлдерім көп. Оның ішінде неше түрлі кейіпкерлер бейнесі бар. Жалпы, комедиялық шығармаларды жақсы көремін. Кейде күлкілі кейіпкерлерді ойнағанда халық соған мәз болып күлсе, содан керемет шабыт аламын. Әуезов театрында да комедиялық қойы­лымда ойнадым. Әрбір кейіп­кер бейнесі актердің ішінен туады. Айталық, әкемтеатрда К.Го­цийдің «Турандот ханшайы­мында» – Әртауым императорды сомдадым. Осы бейнем өзіме ұнайды. Одан кейін Қуанышбаев театрында А.Дударевтің «Кеш» драмасында Василийді (Мульти) ойнадым. Бұл шығарманы Фари­за Оңғарсынова аударған. Режис­сер Болат Ұзақов сахналады. Осы туындыны қойған режис­серге алғысым шексіз. Мұн­да жұртта қалған үш қарт­тың өмірі баяндалған. Балала­ры қалада тұрады. Ауылға кел­мей­ді. Былайша айтқанда, бүгін­гі өмір бейнесі. Осындағы Муль­тик бейнесі табиғатыма сон­дай жақын. Үш қария бір-бірі­мен күнде ұрысып, татуласа­ды. Қойылым соңында Гастрит қайтыс болғаннан кейін Муль­тик­тің айтатын монологі бар. «Тағы бір адамның жарығы сөнді. Кеш те тая­ды. Осы өмірде күлдік, жыладық, азап шектік. Сол үшін күн саған рахмет! Соңы­мыздағы ұрпағымыз соғыс көрмесе екен, көбейсін!» дейді. Осы қойылымды көруге зайыбым барған еді. Соның қасында 14–15 жастағы бала отырыпты. Сол «спектакльден шыққаннан кейін ауылдағы атама хабарласамын» деп солқылдап жылапты. Осылай жылаған бала үшін театр­да ойнауға болады.

Шәкірттерімнің өнеріне тәнтімін

– Киноға неге сирек түс­тіңіз?

– Соған өзім де таңғала­мын. Нәтінде, сыртқы келбетім кел­меді ме, киноға жолым болмады. Әйтпесе көркем фильм­дерге түсуден бас тартқан жоқпын. Бұрын «Тоғыспаған тағдырлар» сериалына түстім. Онда шағын рөлді ойнадым. Одан кейін де бір-екі сериалға шақырды. Бірақ режиссер талабымен келісе алмадым. Киноның өз ерекшелігі бар. Оны миллиондаған адам тамашалайды. Бірден елге таныласың. Бұл да өнер адамы үшін сәттілік деп ойлаймын.

– Жанқалдыбек Төлен­баев екеуіңіздің шеберхана­ларыңыздың негізінде құрыл­ған «ЖАН» иммерсивті театры туралы сөз ете кетсеңіз?

– Бұл өнер ордасының ірге­тасы осыдан екі жыл бұрын қаланды. Театр репертуарында үш қойылым бар. Аз уақыт ішін­де «ЖАН» осы туындыларды 31 рет сахналады. Барлық қойылым аншлагпен өтті. Тек қана бас ша­һарда оны 12 600-ден астам адам тамашалады. Театрдың шығар­машылық құрамын 32 жас актер құрайды. Бәрі де шетінен өнерлі. Соның дені – менің шәкірттерім. Шамам келгенше жас таланттарды қолдағым келеді. Осы театрды сол үшін аштық. Қазір ұжым жас болса да көрермен ықыласына бөленіп үлгерді.

– Біраз жылдан бері Қазақ ұлттық өнер университетінде шәкірт тәрбиелейсіз. Актерлік мамандықта оқитын жастарға көңіліңіз тола ма?

– Жиырма екі жылдан бері жоғары оқу орнында оқытушы болып қызмет атқарып келемін. Бүгінгі жастардың танымы, көзқарасы басқаша. Заманауи ойлайды. Әрине, театр бөліміне дарынды жастар көп түседі. Кейде олар қазақ театрының іргетасын қалаған тұлғалар, режиссерлер, бірегей сахна шеберлері туралы білмей жатады. Мен оған түсіністікпен қараймын. Оларға кітап оқымайтын актер­дің жаны терең болмайтынын айтып отырамын. Жалпы, актер болу қиын. Адамның талан­ты бірден ашылмайды. Біреу­дің дарыны ерте, біреудікі кеш бүр жарады. Жас­тар өте қабілетті. Өнерлі. Жаңа технологияны жетік меңгер­ген. Шет тілдерінде еркін сөйлей­ді. Біраз шәкіртім Қаллеки театрында жемісті жұмыс істеп жүр. Солар­дың сахнадағы өнерін көріп, марқайып отырамын. Еңбегімнің босқа кетпегеніне шүкіршілік етемін.

– Өмірде өкінішіңіз бар ма?

– Өкінішім жоқ. Тағдырыма ризамын.

Әңгімелескен –

Азамат ЕСЕНЖОЛ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see149

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see147

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see141

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see117

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see116

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары