Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Үш буын: кешеден келешекке

Археологтар Петропавл маңындағы ерекше олжаны зерттеп жатыр

Археологтар Петропавл маңындағы ерекше олжаны зерттеп жатыр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылы маңында жүргізілген қарапайым жер қазу жұмыстары кезінде күтпеген олжа табылды. Экскаваторшы карьерден адам сүйектерін тауып алды, оның қасынан мамандар мұз дәуірінде өмір сүрген жүндес мүйізтұмсықтың бас сүйегі мен сүйектерін анықтады. Полиция тексеріс бастады, ал археолог Анатолий Плешаков табылған олжаны қарап шығып, Tengri Life басылымына бұл туралы не белгілі екенін айтып берді.

Табылған олжа туралы не белгілі?

Оқиға Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылы маңында болған. Карьердегі жұмыс кезінде экскаваторшы адамның қаңқа сүйектеріне тап болды.

Полиция өкілдері әзірге қылмыстық сипаттағы белгілер анықталмағанын хабарлады.

"Қаңқа сүйектерінің табылу фактісі бойынша полиция материал тіркеді. Қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Сүйектердің шығу тегі мен басқа да мән-жайларды анықтау үшін тексеріс тағайындалды", - деп хабарлады СҚО Полиция департаменті.

Бескөл ауылынан табылған адам сүйектері. Фото: СҚО ПД

Сүйектердің кімге тиесілі екені және басқа да жағдайлар тексеріс қорытындысы бойынша анықталуы тиіс.

Археолог не дейді?

Археолог Анатолий Плешаков табылған заттарды зерттеп үлгерді. Оның айтуынша, сүйектердің бірі осы өңірде біздің заманымыздан бұрын XII мыңжылдыққа дейін өмір сүрген жүндес мүйізтұмсыққа тиесілі.

"Бескөл ауылы маңынан табылған бұл бас сүйек пен бірнеше сүйек бір кездері осы жерде мекендеген жүндес мүйізтұмсыққа тән. Шамамен біздің заманымыздан бұрын XII мыңжылдыққа дейінгі кезең деуге болады. Бұл - мамонттар заманы, мұз дәуірі. Жүндес мүйізтұмсықтың көлемі мамонттан сәл кішірек, ал аяқтары қысқалау келеді", - деді археолог.

Маманның айтуынша, табылған екі адамның (еркек пен әйел) бас сүйегі мүйізтұмсық сүйегі жататын кезеңнен емес көрінеді. Дегенмен, болжам бойынша, әйел адамның бас сүйегі сол дәуірге тиесілі болуы ықтимал.

"Адам сүйектеріне қатысты әзірге нақты ештеңе айту мүмкін емес - олар мамонттар дәуіріне жатпайтын сияқты. Тек әйел адамның бас сүйегінің жасы күмән тудырады, бәлкім, ол мамонттар заманына тиесілі болар", - деп бөлісті ол.

Бірақ бұл туралы кесіп айту әлі ерте. Археологтың пікірінше, адам сүйектерінің нақты қай уақытқа жататынын анықтау үшін арнайы зерттеу қажет.

Анатолий Плешаковтың сөзінше, Солтүстік Қазақстан ежелгі жануарларға байланысты олжаға бай. Былтыр ғана мамандар мамонт сүйектері табылған төрт орынды тіркеген.

Соның бірі қыркүйекте болды. Ол кезде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Бәйтерек ауылы маңында балық аулап жүріп, кездейсоқ мамонттың дәу сүйегін тауып алған.

Айта кетейік, жақында Түркістан облысындағы тасжол жиегінен археологтар 1500 жыл бұрынғы жәдігерлерді тапты. Зерттеушілер ежелгі тұрғын үйдің қалдықтарын, қыш ыдыстар сынығын, темір еңбек құралдары мен ежелгі пешті тапқан.

Сондай-ақ мамандар ортағасырлық қала бөліктері - цитадель, шахристан мен рабадты анықтады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 17:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see136

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see134

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see132

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see132

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see132

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see131

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see127

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see127

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see126

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see126

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see125

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see124

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see122

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see121

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see120

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see119

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see118

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see117

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see112

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары