Арман перзент арқылы орындалады
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мен 1980–1990 жылдары Алматыда аспирантура, докторантурада жүргенде Олжекеңмен бір кездесіп сөйлесуді, сырласуды армандаушы едім. Бірде Жазушылар үйінен ұстазым Зейнолла Қабдоловпен шыға бергенімізде Олжекең кездесе кетті. Зекеңмен сәлемдесіп, хал-жай сұрасып жатыр. Бір кезде Зекем бұл кісі шәкіртім деп таныстырды. Олжекең маған қолын береді деген ойымда да жоқ, сілейдім де қалдым. Тез ес жиып, Бағдатпын деп қолымды создым. Алақаны қандай аялы. Шуақты жанарымен мейірлене, сүйсіне қарағанын байқап, сезініп үлгергенім әлі есімде. Жанарына жанарым байланып, алақанынан алақаным қуат алғандай. Міне, содан бастап арман ұлғайған. «Олжекеңмен бір кездессем ғой, сырлассам ғой, шіркін, мен де сіз сияқты 18 мамырда дүниеге келгенмін деп бастар едім» деген арман.
Бір күні Айнұртайым (Болат Өтемұратов қорының бас директоры) Олжас Сүлейменов атасының үйіне сәлем бере барып әрі шаруаларын ақылдасқанын, бірге суретке түскенін (Олжас Сүлейменов Болат Өтемұратов қоры Қамқоршылар кеңесінің мүшесі), әкеңе бер деп 50 жылдан соң қайта басылып шыққан «АзиЯ» кітабына маған арнап қолтаңба жазып жібергенін, кітап Б.Өтемұратов қорының қолдауымен қайта басылып шыққанын айтты. Олжекең Айнұрдан ата-анасы – біз туралы сұраған ғой, Айнұртайым бізді сырттай таныстыра отырып, «Менің әкем сізбен бір күнде, 18 мамырда дүниеге келген», депті.
Мен болсам Құдайдың шеберлігіне таң болып отырмын. Жүрегім шымырлап, жанарыма қуаныштың жасы үйірілді. Айнұрым арманымды оп-оңай орындап келіпті. Арман перзент арқылы да орындалады. Ізгі, ойлы ұрпақтарымыз аман болсын.
Бағдат КӘРІБОЗҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 08:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















