Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Amanat фракциясы: сайлаушыларға берген уәде орындалады

Amanat фракциясы: сайлаушыларға берген уәде орындалады

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны өтіп, онда депутаттар «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «2026–2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобаларын қарады.

Суретті түсірген – Әли Ғалым

Сондай-ақ фракция мүше­лері Президенттің сайлауалды бағдарламасының, Жолдау­ларының, сондай-ақ «Amanat» партиясының сайлаушыларға берген уәделерінің орында­луын қаржыландыру жөнінде мемлекеттік органдардың жоспарын тыңдады.

Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов қаралған заң жобалары еліміздің алдағы үш жылдағы даму бағытын айқындайтынын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, инфрақұрылымдық жобалар­ға, өңірлерді дамытуға, бизнес­ті қолдауға, өзге де бағыттар­­ға қомақты қаражат бөлініп келе­ді. Үшжылдық бюджет айқын әлеуметтік бағытты сақтап отыр. Депутаттық корпус пен құзыретті мемлекеттік органдар бюджет қаражатының тиімді әрі уақты­лы игерілуін мұқият қадағалау­ға тиіс, әр теңге халықтың игілігі мен еліміздің дамуы жолында жұмсалуы керек.

– Экономикада нақты өсімі бар, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттерін толық орындап отыр. Экономиканы әртараптандыру бойынша жоспарлы жұмыс жүр­гізіліп келеді. Сондықтан рес­пуб­ликалық бюджет жобасын қол­дағанымыз жөн деп білемін. Прези­дент Жолдауы, оның сай­лауал­ды бағдарламасы және «Amanat» партиясының сайлау­алды бағдарламасы қаржымен қам­тылып, толық жүзеге асыры­луға тиіс. Бұл – партия мен Үкі­мет­тің халық алдындағы ортақ жауап­кершілігі, – деді Е.Қошанов.

Партия төрағасы бюджет жобасы айтарлықтай тұрақты екенін атап өтті. Жыл басынан бері халықаралық резервтер (алтын-валюта резерві және бағалы қағаздар) 25%-ға өсіп, 57 млрд долларға жетті. Ұлттық қордың көлемі 62 млрд долларды құрады. Биыл 9 айда ІЖӨ өсімі 6,3%-ды құрады. Қол жеткізген барлық жетістік – Мемлекет басшысының фискалдық саясатты жетілдіру саласындағы тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асырудың нақты нәтижесі. Енді әр отбасы, әр адам оң өзгерісті сезінуі керек.

Сонымен қатар Мәжіліс спикері бюджет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелерге және Үкімет болашақта жұмысты жандандыруы қажет бағыттарға тоқталды. Атап айтқанда, көлең­келі экономикамен күресті күшейту, бюджет тәртібін қатаң­дату, жобалау-сметалық құжат­таманы уақтылы дайындау, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі», «Келешек мектебі» жобаларын қаржыландырудың жеткіліксіз көлемі мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ ол жергілікті бюджеттердің резервін дұрыс пайдаланудың маңызына назар аударды. Олар жыл қорытындысы бойынша кіріс жоспарын айтар­лықтай асыра орындайды.

– Ең алдымен, бұл қаражатты басталған жобаларды аяқтау­ға жұмсау керек. Одан өзге мақ­саттарға арнауға болмайды. Жергілікті бюджеттер өз дербес­тігін түсінуге тиіс және орта­лықтан үнемі көмек сұрай бермеуі керек. Тағы бір резерв – бұрын басталған жобаларды қайта қарап шығу. Олардың арасында кейінге қалдыра тұруға болатын мақсаттар болуы мүмкін. Қаражатты қай тұста үнемдеп, өзге салаларға бағыттауға болатынын тұрғындардың өздері-ақ көріп, айтып отыр, – деді Мәжіліс спикері.

Депутаттар алдында сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026–2028 жылдарға арналған рес­публикалық бюджетке Ұлт­тық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері жыл сайын 2,77 трлн теңге көлемінде ай­қындалғанын атап өтті. Вице-премьер «Amanat» партиясының сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қол жеткізілген нәти­желерге де тоқталды. Мәсе­лен, биыл 32 аудандық аурухананы материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтауға 35,1 млрд теңге қарастырылған, ЖОО сту­дент­терінің шәкіртақысы 100%-ға өсті, 2,8 мың жас маманға жеңіл­дікпен ипотека беруге 25 млрд теңге қарастырылған, азаматтық қызметшілердің жекелеген санат­тарының жалақысы екі есе өсті және тағы басқа.

Өз кезегінде Қаржы министрі Мәди Такиев келесі жылға арнал­ған республикалық бюджет кірісі 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанатынын айтты. Ал келесі жылы бюджет шығыны осы жыл­мен салыстырғанда 2 трлн тең­геге ұлғайып, 27,8 трлн теңгені құрай­ды деп жоспарланып отыр. Солай бола тұра, алдағы жылы әлеуметтік салаға 10,7 трлн теңге қаражат бағыттау жоспарланған, оның 6,8 трлн теңгесі – әлеуметтік төлемдер, ал 3,6 трлн теңге – білім беру және денсаулық сақтау салаларына қатысты шығындар.

Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева бұл бюджеттің басты ерекшелігі – тұрақтылық пен қабылданған міндеттемелерді орындау қажеттілігі арасындағы қатаң тепе-теңдік екенін атап өтті. Жалғасы жоқ немесе жобалық әзірлігі расталмаған барлық бастама бюджеттен алынып тасталды. Бұға қоса Ұлттық қордан нысаналы трансферттер тартылмайды. Енді бюджет көбіне өз кірістері есебінен қалыптасады. Бұл қадам оның макротұрақтылығын күшейтеді.

Фракция отырысы барысында Үкімет мүшелері депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, инфляцияны тежеу, сыртқы қарызды азайту, экономиканы әртараптандыру аясын кеңейту, ішкі жалпы өнімді ұлғайту, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану, инвестициялық ахуалды жақсарту және өзге мәселелер қозғалды.

Жиын қорытындысында «Amanat» партиясы фракция­сының мүшелері ұсынылған бюджеттік заң жобаларын мақұлдау және оларға Мәжіліс­тің алдағы жалпы отырысында қол­дау көрсету туралы шешім қабылдады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары