Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған : Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген қылмыскер 8 жылға сотталды

Қазақтар ақшасын жаппай алтынға салып жатыр

Жамбылдағы Аса Ақкөл трассасында жол апатынан бір адам қаза болды

ЮНИСЕФ тің 80 жылдығына орай Тарбағатайда Бала дауысы ән байқауы басталды

Қазақстанда жұма күні аяз болады

Ел ертеңі жолында азаматтарды біріктіру Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

Елена Рыбакина Қатардағы турнирде Олимпиада чемпионын ұтты

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

Анам есепшот ашып қойған : 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

Жамбыл облысында интернет алаяқтық мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды

Мәжілістегі AMANAT партиясының фракциясы биыл атқарылған жұмысты қорытындылады

Мәжілістегі AMANAT партиясының фракциясы биыл атқарылған жұмысты қорытындылады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракциясы биыл атқарылған жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарлар мен мақсат-міндеттерді талқылады. 2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмалары және партияның сайлауалды бағдарламалары аясында сапалы әрі уақытылы орындалып, жүзеге асып жатқан жұмыстар жеткілікті. Фракция мүшелері бастамашылық еткен бірқатар заң азаматтардың тұрмыс сапасына, әлеуметтік қорғауға және экономикалық даму бағыттарына тікелей ықпал ететін нормалармен толықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жасанды интеллект туралы заң

«AMANAT» партиясы фракциясы мүшелерінің бастамашылығымен қабылданған негізгі заңдардың бірі – Жасанды интеллект туралы заң. Ол Мемлекет басшысының ЖИ технологияларын пайдаланудың бірыңғай құқықтық базасын белгілеу туралы тапсырмасы аясында қабылданды. 

Заң 7 тараудан және 28 баптан тұрады және:

жасанды интеллект саласын құқықтық және ұйымдастырушылық реттеу, сондай-ақ ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың жасанды интеллект технологияларын пайдалану ерекшеліктерін айқындауға; Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы құзыреттерін кеңейтуге; жасанды интеллект саласындағы қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін нақтылауға бағытталған.

Заң бойынша жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, деректерді қорғау мен инновацияларды қолдауға бағытталған.

– Жасанды интеллектіні әзірлеу және енгізу үшін Ұлттық платформа құрылады. Ол деректер кітапханаларына, жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу және пайдалану ортасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ашық, жабық және жергілікті жүйелер санаттары енгізіледі. Жабық ортада оқытылатын және жұмыс істейтін жергілікті жүйелер мен модельдерге ерекше назар аударылады. Бұл –  ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Жергілікті үлгілер ұлттық ЖИ жүйелерінің негізіне айналуға тиіс, – деді депутат Екатерина Смышляева.

Сонымен қатар  «Жасанды интеллект туралы» заңды талқылау қорытындысында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан мұндай құжатты қабылдаған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі екенін атап өткен еді.

 – Мемлекет басшысы таяудағы Жолдауында алдымызға үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық елге айналдыру жөнінде ауқымды міндет қойды. Бұл прогрессивті идеяны Президентіміз бүгін әлемнің ең басты мінбері – Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінен де жариялады. Бұл жаһандық үрдіс екенін көріп отырмыз. Президент атап өткендей, жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің ұлттық басымдығына айналды. Жасанды интеллект туралы заң – осы бастаманы іске асыру жолындағы іргелі қадам. Ол еліміздің цифрлық дамуын жаңа деңгейге шығаруға жол ашатыны анық, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Аталған заңға 17 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Білім грантын өтеуден босату және фонограммаға тыйым салу

Президент биыл Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Аталған құжаттың қабылдануына «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары да бастамашылық етіп, үлес қосқан болатын.

Заңдағы өзгерістер нәтижесінде енді мүгедек баласы бар немесе ауыр науқас туысын бағып отырғандар білім грантын өтеуден босатылады. Ал шетелде оқуын жалғастырып жүргендерге (резидентура, магистратура, аспирантура, докторантура) оқуын аяқтағанға дейін кейінге қалдыру құқығы беріледі. 

– Мүгедек баласы бар немесе бірінші топтағы мүгедек жанды бағып отырған болса, мемлекеттік грантты өтеуден босатылады. Ал шетелде білім алып, ғылыми жобалармен айналысып жатқан жастар мерзімін шегере алады. Яғни, толық босатылмайды, тек кейінге қалдыруына болады. Себебі қазір бізге халықаралық деңгейдегі үлкен компаниялар мен корпорацияларда оқып, жұмыс істеп келген тәжірибелі мамандар керек. Сол үшін осындай норма енгіздік, – деп түсіндірген еді бұған дейін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт.

Сонымен қатар осы заңның негізінде Қазақстанда мәдени-бұқаралық іс-шараларда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынады. Заңды бұзып, әншінің фонограммамен ән айтуына жол берген мәдени шараны ұйымдастырушылар айыппұл арқалайды.

– Норма тек 200 адамнан жоғары сыйымдылығы бар мәдени бұқаралық іс-шараларға қатысты. Оның ішінде бейімделмеген, арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталмаған алаңдар болатын болса, ол жерде фонограммаға рұқсат етіледі. Басқа жерде алдымен көрерменнің, тұтынушының мүддесін алға қою керек. Фонограмма қолдану бойынша ұйымдастырушыларға жауапкершілік қарастырылған. Бұл нормативтік құқықтық актілерде нақты бекітіледі. Әзірге айыппұл сомасын 1 000 АЕК мөлшерінде деп белгілеп отырмыз, – деді Ринат Зайыт.

Бұдан бөлек, аталған заңға тағы бірнеше маңызды норма енгізілді:

мәдениет және білім беру ұйымдарында кітапхана қорын дамыту және сақтау; мемлекеттік кітапханаларға олардың ғимаратында білім беру және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік беру; 1-сынып оқушыларына арналған бейімдеу оқу бағдарламаларын әзірлеу бөлігінде білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретін кеңейту; мектепке дейінгі ұйымдарды салу үшін резервтелген жер учаскелерін жекеменшікке беруге тыйым салуды белгілеу; халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарына және оларды дайындаған педагогтерге біржолғы төлем; ономастикалық комиссиямен келісу рәсімін белгілеу бойынша атақты тұлғалардың құрметіне жеке білім беру ұйымдарына атаулар беру және қайта атау; жоғары оқу орындары мен колледждер үшін олардың қызметінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесі негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу; санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы және бала құқықтарын қорғау саласындағы балаларға арналған ұйымдарда ерекше мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін реттеу.

Жер қойнауын игеру саласы жетілдіріледі

Мәжіліс депутаттарының бастамасымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне де өзгерістер енгізілді. 

Заң жобасының мақсаты – индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру. Геологиялық барлау – жоғары тәуекел мен ұзақмерзімді капитал салымын қажет ететін сала. Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, егер мемлекет пен заңнамалық жүйе инвестордың құқығын кепілдендірмесе, ол жаңа аймаққа қаржы салмайды.

Заңда жер қойнауын пайдаланушыларды мұнай өндіруді ұлғайтудың арнайы әдістерін қолдануға ынталандыру шаралары да қарастырылған. Алыпсатарлық мәмілелерді барынша азайту үшін келісімшарт қолданысының алғашқы үш жылы ішінде көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тыйым салынады. Сондай-ақ заңда уран саласын дамыту бойынша бірқатар түзету бар. Мәселен, уранды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатымен мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалған уран кенденуі немесе уран кен орындары бар аумақтарда өтініш беруші ретінде уран саласындағы ұлттық компания ғана әрекет ете алады.

Заң жобасындағы басты жаңалықтар

Біріншіден, шегінде шектеулі өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізілмеген немесе жүргізілген, олардың нәтижелері бойынша перспективалы шөгінді бассейндер анықталмаған аумақтар заң жүзінде «аз зерттелген аумақтар» ретінде танылады.

Екіншіден, өз қаражатына аз зерттелген аумақта геологиялық зерттеу жүргізген инвесторға барлау және өндіру кезеңіне басым әрі кепілді құқық беру нормасы енгізіледі. Бұл үшін алғашқы үш жылда келісімшарт аумағының кемінде 30 пайызын қамтитын 2D сейсмикалық зерттеу жүргізу талап етіледі. Яғни, зерттеуге нақты қаржы салған инвестор игеру құқығына ие болады.

Үшіншіден, ұзақ уақыт игерілмеген учаскелерді резервте ұстау мерзімі шектеліп, босайтын аумақтар электрондық аукцион арқылы нарыққа шығарылады. Бұл бәсекелестікті күшейтіп, барлау жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Төртіншіден, уран саласындағы ұлттық компанияға жаңа кен орындарын іздеу және игеру бойынша басым құқық беріледі. Бұл шешім атом энергетикасының маңызы артып отырған жағдайда елдің стратегиялық және энергетикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.

– Бұл заң жобасындағы маңызды жаңалықтардың бірі – ауыр және тақтатас мұнайын өндіруді ынталандыруға бағытталған өзгерістер. Мұндай мұнай түрлерін өндіру оңай шаруа емес. Ол үшін қымбат әрі жоғары технологиялар керек, сонымен қатар арнайы экономикалық жағдай жасалғаны маңызды. Сондықтан депутаттар осы бағыттағы жобаларды іске асыру үшін жетілдірілген үлгілік келісімшарттың талаптарын кеңейтуді ұсынды. Себебі егер қажетті қолдау болмаса, бұл жобаларды экономикалық тұрғыдан жүзеге асыру тиімсіз болып кетеді. Депутаттар мен министрліктердің бірлескен жұмысы жер қойнауын барлау ісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды дер едім. Бұл бастама еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, ұзақмерзімді инвестиция тартуға да жол ашады, – деді Еділ Жаңбыршин.

Тұрғын үйді басқару жүйесіндегі өзгерістер

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамытудың маңызына ерекше тоқталған болатын. Бұл ретте ТҮКШ саласын реттейтін заң жобасының күшіне енуі – саланы жаңғыртудағы нақты қадамдардың бірі болды. «AMANАT» партисы фракциясы мүшелері бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Президент шілде айында қол қойған еді.

Биыл қыркүйекте күшіне енген заңда Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, одан бөлек тағы 23 заңға түзету енгізілді.

Енді қазақстандықтар көппәтерлі тұрғын үйдегі басқару түрін өздері таңдайды. Бұл ретте пәтер иелеріне екі түрлі нұсқа ұсынылады:

Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) – бұл басқару түрінде бір үйдің тұрғындары ортақ мүлікті күтіп-ұстау мәселелерін шешу үшін белгілі бір адамды төраға етіп сайлайды; Тікелей бірлесіп басқару – бұл жағдайда тұрғындар заңды тұлға сайламай-ақ, үйді басқаруға қатысты шешімдерді өздері қабылдауына болады.

Аталған екі тәсіл де қарапайым серіктестік принципіне ұқсас, бірақ оған қарасты пәтер санына шектеу қойылмайды. 

Сондай-ақ пәтер иелерінің кооперативтері енді жаңа тәртіппен жұмыс істейді. Енді ПИК жеке басқару құрылымы емес, бірнеше тұрғын үйді біріктіріп, ортақ техникалық мәселелерді шешуге негізделген шаруашылық ұйым болады. 

Жаңа заңға сәйкес, бүгінде жұмыс істеп тұрған ПИК пен тұтыну кооперативтері міндетті түрде қайта тіркеуден өтуі тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, тұрғын үй инспекциясы оларды сот арқылы мәжбүрлі түрде тарата алады.

Заңға Президент қол қойғаннан кейін «AMANAT» партиясының өкілдері пәтер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кооперативі қызметіне енетін жаңа өзгерістер мен жұмыс істеу тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізген еді.

«Әр басқару нысанының өз орны, өз сегменті бар. Бізде көпқабатты үйлер саны жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан барлық басқару формасына сұраныс жеткілікті. Басқарушы компаниялар жай ғана сыпырғы мен шелектің иелері емес, кәсіби кадрлары бар, арнайы жабдықпен жұмыс істейтін ұйымдар болуы тиіс. Бұл сала нақты кәсіпке айналуы қажет. Ескі үйлер үшін ең тиімді шешім – сыртқы басқарушы компания немесе бюджеттік тарифпен жұмыс істейтін ПИК. Бұл жағдайда шығындар азайып, тұрғындар үшін қолжетімді болады. Мысалы, мың пәтерлі үйде өз сантехнигі, электригі, аула тазалаушысы болғаны өте ыңғайлы. Мұндай үйлерге кәсіби басқарушы қажет, себебі тұрғындардың мүддесін қорғап, жұмысты ұйымдастыру міндетті түрде жүйелі болуы керек», – деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Осылайша, еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін кешенді түрде жаңғырту бойынша нақты қадамдар жасалып жатыр. Азаматтар тарапынан жиі сынға ұшырайтын жүйедегі кемшіліктерді реттеуге бағытталған заң жобасы күшіне енді. 

VIII шақырылым басталғалы бері депутаттар – фракция мүшелері 88 заң жобасына бастамашылық етті. Оның ішінде 46 заңға қол қойылды, 1-еуі қайтарылған, 6-уы қабылданып, Сенатқа жолданды. Ал 35 заң Мәжілісте талқыланып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:31
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 15:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған : Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген қылмыскер 8 жылға сотталды

12 Ақпан 2026 20:57see117

Қазақтар ақшасын жаппай алтынға салып жатыр

12 Ақпан 2026 19:07see116

Жамбылдағы Аса Ақкөл трассасында жол апатынан бір адам қаза болды

12 Ақпан 2026 16:41see114

ЮНИСЕФ тің 80 жылдығына орай Тарбағатайда Бала дауысы ән байқауы басталды

12 Ақпан 2026 12:17see114

Қазақстанда жұма күні аяз болады

12 Ақпан 2026 18:10see114

Ел ертеңі жолында азаматтарды біріктіру Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

12 Ақпан 2026 19:07see114

Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

12 Ақпан 2026 18:06see113

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

12 Ақпан 2026 11:39see111

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

12 Ақпан 2026 23:27see110

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

12 Ақпан 2026 23:33see110

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

12 Ақпан 2026 16:48see110

Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

12 Ақпан 2026 12:42see109

Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты

12 Ақпан 2026 13:13see109

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

12 Ақпан 2026 15:59see109

Елена Рыбакина Қатардағы турнирде Олимпиада чемпионын ұтты

12 Ақпан 2026 01:01see108

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

13 Ақпан 2026 01:36see108

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

12 Ақпан 2026 23:50see108

Анам есепшот ашып қойған : 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты

12 Ақпан 2026 12:41see108

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

12 Ақпан 2026 14:56see108

Жамбыл облысында интернет алаяқтық мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды

12 Ақпан 2026 03:27see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары