Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі биыл атқарылған жұмысты қорытындылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі биыл атқарылған жұмысты қорытындылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ведомствоның 2025 жылғы жұмысын қорытындылады және ел халқына денсаулық, амандық пен бақыт тілей отырып, қазақстандықтарды келе жатқан 2026 жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Құрметті қазақстандықтар! Өтіп бара жатқан 2025 жыл Мемлекет басшысы мен Үкіметтің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалары мен міндеттерін іске асыру тұрғысынан біздің Министрлік үшін өте жауапты жыл болды.

Ең алдымен, өтіп бара жатқан жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалғанын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда республикалық бюджет қаражаты есебінен мөлшері жыл сайын индекстелетін базалық және ынтымақты зейнетақыларды қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге 4,6 млн-нан астам адам үшін шамамен 5,9 трлн теңге бағытталды, оның ішінде 2,5 млн-ға жуық зейнеткер мен 2,1 млн-нан астам мемлекеттік жәрдемақы алушы бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 110%-ға дейін арттырылды. Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі кезең-кезеңімен ұлғаюда, ол 2028 жылға қарай 5%-ға жетеді. Бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жұмыспен қамтылған халықтың 65%-ы қатысуда.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға дейін төмендетуге ықпал етті, бұл ретте еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас маман шықты. Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жыл басынан бері 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 9 239 азамат жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК мөлшерінде грант алды. Оқыту және кәсіптік бағдарлау түріндегі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 478 мыңнан астам қазақстандық қамтылды.

Биыл субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру кезінде жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтетін өзгерістер нормативтік құқықтық актілерге енгізілді. Жаңартулар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне және жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысатын азаматтарды нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде 2025 жылы 1,1 мыңнан астам мамандықты қамтыған 132 кәсіптік стандарт әзірленді және өзектендірілді, оның 600-і – жұмысшы мамандықтары. Бұл келешекте еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың арқасында биыл өндірістік жарақаттану деңгейін 6,5%-ға және өлім-жітімді 4,5%-ға төмендетуге қол жеткізілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, оның ішінде 10,1 мың азаматтың алдындағы 2,2 млрд теңге сомасындағы жалақы бойынша берешек өтелді. Жалақы бойынша берешек және еңбек құқықтарының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 3 781 нұсқама беріліп, 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. 50-ден астам нозология бойынша мүгедектікті белгілеудің сырттай проактивті форматы белсенді іске асырылуда. Осы форматта Қазақстанның барлық өңірінен 99,6 мыңға жуық өтінім қаралды, оның ішінде 66,2 мың істі денсаулық сақтау ұйымдарынан тартылған тәуелсіз сарапшылар қарады.

Ағзаның қайтымсыз өзгерістері бар жекелеген нозологиялар бойынша мүгедектікті белгілеудің ерекше тетігі бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, бұл – аяқ-қол ампутациясы, Даун синдромы, балалардағы мукополисахаридоз. Рәсімдер барынша жеңілдетілді және мерзімдер бір жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 522 мыңнан астам адам қызмет алды, 27 мың азамат инватакси қызметін пайдаланды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыруға және бизнес-процестерді цифрландыруға көше отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардың қызметін лицензиялау енгізілді. Басты мақсат – көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оларды алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда ұйымдарға 582 лицензия берілді, оларда 94 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі.

Инновациялық техникалық құралдарды қолдана отырып, балаларды үй жағдайында оңалту жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жобаға 489 бала қатысуда және оң нәтижелерге қол жеткізілді – 353 баланың қозғалыс дағдылары едәуір жақсарды, ал 21 бала өз бетінше жүре бастады.

Ел бойынша 24 мыңнан астам нысан толық бейімделді.

2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тәсілдері әзірленді. Алдағы кезеңде көші-қон ағындарын есепке алу жүйесін жетілдіруге, еңбек көші-қонын ынталандыруға және ретке келтіруге баса назар аударылады. Сондай-ақ шетелде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауға, білікті мамандарды тартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған сыртқы көші-қонды басқару тетіктерін жетілдіру көзделеді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Отбасылардың әл-ауқат деңгейін айқындаудың скорингтік моделін қолданудың арқасында платформа азаматтарға қолдау шараларын ұсыну кезінде санаттық қағидаттан мұқтаждық өлшемшарттарына көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл көрсетілетін көмектің атаулылығын және барынша тиімділігін қамтамасыз етеді.

Әрине, атқарылған және қолға алынған істердің барлығы бір ғана мақсатты – азаматтарымыздың өмірін жақсартуды көздейді.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Жаңа жыл өмірімізге жақсы өзгерістер әкеледі деп сенеміз, еліміздің сенімді дамуына үміт артамыз.

Өтіп бара жатқан жылы Отанымыздың игілігі үшін жауапкершілікпен еңбек еткен барша жанға алғыс айтқым келеді.

Жаңа 2026 жылы халықтың өмір сүру сапасының артуын, отбасы мен рухани құндылықтардың нығаюын шын жүректен тілеймін!. Келе жатқан жыл біздің еліміз үшін жақсылық пен жасампаздық жылы болсын.

Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, әр отбасыға құт-береке, бақыт пен махаббат, қуаныш пен өзара түсіністік тілеймін!» – делінген Светлана Жақыпованың үндеуінде.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 16:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары