Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Әрқайсы есімде“ 102 жастағы қарағандылық кейуана жаралы сарбаздар мен соғыс туралы естелігін айтты

“Әрқайсы есімде“ 102 жастағы қарағандылық кейуана жаралы сарбаздар мен соғыс туралы естелігін айтты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

102 жастағы Анна Котова - Қарағанды облысы Осакаровка ауданындағы көзі тірі жалғыз ардагер. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол эвакуациялық госпитальда медбике болып жұмыс істеген. Tengrinews.kz тілшісінің сөзінше, арада ондаған жыл өтсе де, Анна Никоноровна соғыс жылдарын, жараланған сарбаздарды, түнгі кезекшіліктер мен жас жауынгерлердің өлімін әлі күнге дейін ұмытпаған.

Анна Котова - Қарағанды облысы Осакаровка ауданындағы жалғыз соғыс ардагері.

"Бір палатада 400 адам ем алатын. Бәрі айғайлап жатады"

Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста еді. Воронеж облысының тумасы, кедейлік пен аштықта өскен бойжеткен әскери комиссариатқа үш рет барып, майданға сұранады.

"Мектепті тастап, алты айлық медбикелер курсын бітірдім де, өз еркіммен әскери комиссариатқа бардым. Әскери комиссардың мені екі рет қуып жібергені әлі есімде. Тым жассың дейтін. Аяғында: "Мені үшінші рет қуып шыға алмайсыз. Майданға алмайынша, осы жерден кетпеймін" дедім. Осылайша дегеніме жеттім", - дейді ол.

1943 жылы Анна 2-ші Украин майданының 65-ші эвакуациялық госпиталіне медбике болып жіберілді.

Ол алғы шепте болмаған, бірақ госпитальдағы оқиғаларды әлі күнге дейін көзіне жас ала отырып еске алады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

"Жаралыларды вагондармен әкелетін. Бір палатада 400, 500 адамнан болатын. Медбикелер жетіспейді. Ана жақтан біреу, мына жақтан біреу айғайлайды... Бірінің аяғы жоқ, бірінің қолы жоқ. "Қарындасым- қарындасым..." деп шақыратын", - деп еске алады соғыс ардагері.

Жас медбике түнде мүлдем ұйықтамайтын десе де болады.

"Кезекшілікте отырып, шаршағаннан көзің ілініп бара жатады. Көзіңді жұма бергенде - біреуінің шақырғаны, біреуінің ыңырсығаны естіледі. Әрқайсына бару керек. Бірін жұбатып, екіншісінің таңғышын ауыстырып, үшіншісіне су беруің қажет", - дейді Анна Никаноровна.

Госпитальда оталар тоқтаусыз жасалатын.

"Бір жігіт кеудесінен, жүрек тұсынан ауыр жараланды. Ол кезде ештеңе жоқ еді. Резеңке қолғапты жыртып, су құйылған шөлмектерді, түтікшелерді бейімдеп қолданатынбыз... Адамды аман алып қалу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық", - дейді майдангер.

"Қарындасым, күзетші анамды маған жібермей жатыр"

Жүздеген жаралылардың арасында Дима Пряхин есімді сарбаз Анна Котованың есінде ерекше қалған. Ол бұл туралы кеше болғандай егжей-тегжей айтып берді.

"Жағдайы өте ауыр еді. Кенет: "Анашым-анашым..." дей бастады. Сосын маған қарап: "Қарындасым, күзетші анамды маған жібермей жатыр" деді. Ал мен жанында отырмын", - деп еске алады ол.

Ол кезде 18 жастағы бойжеткен өлім аузында жатқандарды қалай жұбату керегін білмеген. Бірақ адамды мұндай сәтте жалғыз қалдыруға болмайтынын түсінген.

"Мен оған: "Қазір күзетшіге айтамын, ол кіргізеді" дедім. Сосын жанына келіп: "Дима, міне, анаң келді" дедім. Ол қолын созды. Өзі тым жас еді", - дейді кейуана.

Сарбазды аман алып қалуға тырысқан. Бірінші ота, сосын екіншісі жасалды. Бірақ алған жарақаттары тым ауыр болды.

"Алып қала алмадық. Ол ота үстелінде жан тапсырды...", - деп Анна Никоноровна бірнеше секундқа үнсіз қалды.

Сосын жаймен ғана: "Мен ешкімді ұмытқан жоқпын. Қанша жыл өтсе де, ұмыту мүмкін емес", - деді.

"Жалаң аяқ жүріп, шөп жедік"

Ол соғыста қорықпағанын айтады. Аштықпен өткен балалық шақтан кейін қорқыныш өздігінен ұмытылып кеткендей болған.

"Балалық шағымыз қиын болды. Жеуге тамақ таппай, шөп жинап жейтінбіз. Мектепке теміржол бойымен екі шақырым жалаң аяқ баратынбыз. Анам ерте қайтыс болып, төрт бала қалдық... Соғысқа барудан қорықпағаным сондықтан болар", - дейді Анна Котова.

Жеңістен кейін ол госпитальдағы қызметін жалғастырды. Ол тек 1946 жылғы жазда, бөлімшесі Венгрияда болған кезде ғана демобилизацияланды.

Сол жылы ол Қазақстанға - Қарағанды мен Осакаровка арасындағы теміржол айрығына көшіп келеді. Осында болашақ жары, майдангер Василий Котовты жолықтырып, мәңгілікке қалады.

Өмір бойы аудандық ауруханаларда медбике болып еңбек етті. Бүгінде Анна Никоноровнаның Германияда тұратын бір қызы, немерелері, шөберелері мен шөпшектері бар. Қызы оған күн сайын таңертең және кешке қоңырау шалып тұрады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg) жариялаған материал

Жасына қарамастан, ардагер шағымданбауға тырысады. Десе де, өткен жылдар мен соғыстың ізі білінеді. Кеудесінде II дәрежелі Отан соғысы ордені, "Германияны жеңгені үшін" медалі, "Санитарлық қызметтің үздігі" белгісі және ондаған мерейтойлық марапаттары бар. Бірақ оның ең басты марапаты - естелік.

Фото: Александр Марченко

Бұл - қиналып жатқанда, сандырақ арасында анасын шақырған боздақтар туралы естелік. Және 18 жасында өзгенің қолын соңғы деміне дейін ұстап тұруды үйренген жас медбике Аня туралы естелік.

"Бүгін маған облыстық мәслихат төрағасы мен аудан әкімі келді. Олар мені жыл сайын құттықтайды, бұл - өте күшті сезім. Баршаңызға ашық аспан тілеймін!" - дейді ардагер.

Фото: Александр Марченко

Қарағанды облысында ҰОС-ның алты ардагері қалды: оның бесеуі Қарағандыда, біреуі Осакаров ауданында тұрады. Жеңіс күніне орай майдангерлерге 5 миллион теңгеден беріледі. Тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңгеден төленеді. Сондай-ақ, басқа да санаттар үшін қосымша төлемдер қарастырылған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 12:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see157

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see143

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see140

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see139

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see139

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see138

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see137

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see137

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see135

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see135

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see135

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see135

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see135

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see134

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see133

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see133

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see133

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see132

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see132

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары